Жақсы бала - ата-ана қуанышы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жақсы бала - ата-ана қуанышы

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогтарға арналған баяндама
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ғ.Жұмабаев атындағы

Боровской мектеп-гимназиясы» ММ





Жақсы бала – ата-ана қуанышы


(Ата-аналар жиналысы)

























2019-2020 оқу жылы


Жақсы бала – ата-ана қуанышы

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, ұстаздар!

Сіздерден балаларыңызды таңертең қалай және қандай көңіл күйде оятасыздар деген сұрақ қойғым келіп тұр. Міне осындай жылы сөздерден баламыздың жүзінен қуаныш көре аламыз. Сол себепті сіздерге бір өтініш таңертең балаларыңызды жылы сөзбен, жылы қабақ танытып оятуларыңызды сұраймын! Баланың көңіл күйі сол күнге жақсы болып, жайнап жүретіні сенімдімін !

Ата - ананың басты қуанышы – бала, баланың денсаулығы!

Ата - ананың басты - қазығы, алтын тіреу діңгегі - бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта. Заманауи ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан - жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін - ұстаз болса, оның сүйеніші ата - ана. Сондықтан ата - ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс. Бала тәуліктің бір бөлігінде, яғни
6 сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алады.

Отбасының қоғамдағы мақсаты; баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан - жақты қалыптасуына ата - ана мен отбасы мүшелерінің қарым қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т. б келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек.

Ата - ананың бала алдындағы мектепке деген міндеттері:
1. Мектепке деген құрал - жабдықтармен қамтамасыз ету;
2. Сабаққа уақытылы жіберіп, сабақтан қалдырмау;
3. Мектеппен, сынып мұғалімімен тығыз байланыста болу;
4. Үй тапсырмасын дұрыс және толық орындауға көмектесу;
5. Баланың жеке сабақ оқитын бөлмесін дайындап беру;
6. Баланың сабағына қатысу;
7. Баланы қосымша әдебиеттермен қамтамасыз ету;

Бала тәрбиесінің дұрыс жолға түсуі, оны қоршаған ортаға, әсіресе, отбасы мен ұстаздар қауымының парасаттылығына байланысты. Педагогикалық этиканы сақтай отырып, баламен сөйлесу, оған жылы қабақ таныту, қолдау, оның көңіл – күйінің бұзылу себептерін анықтауға мүмкіндік береді. Баланың қиналып жүрген сәтінде көңіліне демеу болар, ақыл – кеңес берер досы, ұстазы, ата – анасы болса, оның өз өміріне қасақана қол сұғып, өзін – өзіқол жұмсауға қимасы анық.

Ал, баланың мұндай әрекетке баруы ата – аналардың балаларына көп көңіл бөлмей, сырласпауы жайында да үлкен әңгіме болып отырғаны белгілі. Сондықтан да, біз жасөспірімдердің өтпелі кезеңіндегі қиындықтардың алдын алу жұмыстарын қолға алып отырып, құрметті ата – аналармен сіздермен тығыз байланыста жұмыс жасау керек. Келесілерді ұмытпаңыздар!

Өзіне – өзі қол жұмсар алдында мына жағдайлар жиі кездесетін ұмытпаңыз:
- сабақ үлгерімі төмендейді;
- қарым – қатынасы шектеледі;
- қызығушылық деңгейі баяулайды;
- көңіл – күйі болмайды, тез ашуланады;
- тәбеті төмендейді немесе тәбеті жоғарылайды,
- ұйқысыздыққа ұшырайды;
- өлім туралы әңгіме айтады немесе қорқытады;
- жеке заттарын ретке келтіреді;
- достарына алғыс сезімін білдіріп, жылы қоштасады.
Өзін – өзі қол жұмсау әрекеті мынадан көрінеді:
• қатты ренжу, жалғыздық, жабырқаушылық, жұртқа жұмбақ болып көрінуі;
• ата – ананың сүйіспеншілігін сезінбеу, қызғаныш, махаббаттағы сәтсіздік;
• ата – аналардың қазасы, ажырасуы, біреуінің жанұясын тастап кету;
• өзін кінәлі сезінуі, ұятты болуы, қорлану, ар – ұятының тыным бермеуі, өзіне – өзі риза болмауы;
• мазақ, күлкі болудан қашу, мезгілсіз жүкті болу, махаббаттағы күйініш – сүйініштер;
• жазаланудан қорқу, сұрауға бата алмау;
• зұлымдық, қауіпті сезіну, бопсалау;
• жұрт назарын өзіне аудару, аяныш туғызу үшін, күрделі жағдайдан құтылу;
• жолдастарына, оқыған кітаптары мен кино кейіпкерлеріне еліктеу.

Ата-аналарға арналған ұсыныстар:

  • Қамқорлық қарым – қатынас орнату

  • Жанама сұрақтар қойыңыз

  • Мәселелерді шешудің конструктивті тәсілдерін ұсыныңыз

  • Баланың өткендегі ұқсас жағдайларын қалай шешкендігін анықтаңыз

  • Үміт ұялату

  • Баламен үнемі сөйлесіңіз, баланы өз ойымен жалғыз қалдырмаңыз

  • Өз күшіңізге және мүмкіндіктеріңізге сенімділікұялатыңыз

  • Баланы жылы және түсіністікпен қорщаңыз

  • Аяушылықты танытып, баланы жылулықпен және түсіністікпен қоршаңыз

  • Балаға жоғары талаптар қоймаңыз

  • Баланы қоршаған ортамен салыстырмаңыз

  • Баланың өзін – өзі бағалауын арттырыңыз, оны жиі мақтаңыз, бірақ оны не үшін мақтағанын білсін

  • Баланы қорламай, тек төтенше жағдайларда ғана жазаны пайдаланыңыз

  • Оптимизм және жақсы үмітті ұялатыңыз

Қорытындылай келе осы жоғарыда айтылған мәліметтер бойынша жұмыстар жүргізілуде, биылғы жылы да осы жұмыстарды оң мақсат етеміз. Халқымыз «Ұяда не көрсең, соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата ананы өмірдің тірегі санайды.Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне Сіздер мен біздер болып жұмыла әрекет етсек, әр бала ата-ана қуанышы болар сөзсіз! Қатысып ой бөліскендеріңіз үшін рахмет!


Мектеп психологы: Мергенова Ж.С


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.01.2020
2531
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі