Тасшағыл орта
мектебі
Жақсы болу өз
қолыңда
(ашық тәрбие
сағаты)
Сыныбы: 6
а
Жетекшісі: І санатты
информатика пәні мұғалімі Саликова Жанар
Естенқызы
2017
жыл
Сабақтың тақырыбы:
Жақсы болу өз қолыңда.
Мақсаты: Оқушыларды жаман әдеттен аулақ
болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету. Адам
бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесіе
бойына дарыту, тіл байлығын, таныс белсенділігін арттыру.
Әдіптілікке, адамгершілік қасиеттерге
тірбиелеу.
Көрнекілігі:
Әдіс – тәсілдер: ПОПС
формуласы, Сократтың қос сақинасы, тренинг, әңгіме, пікірлесу,
шығармашылық ізденіс, ой қозғау.
І.Кіріспе.
Адам бойында жаман – жақсы
қасиеттер болады. Бізге адалдықты. Кішіпейілділікті, инабаттылықты,
шыншылдықты ата-аналарымыз, ата- бабаларымыз, ұстаздарымыз
үйретеді. Алдымен бұл қасиеттер біздің бойымызға ананың ақ сүтімен
дариды. Сондай-ақ адам бойында жаман, жат, теріс қасиеттер де
болады.
Топқа бөлу. Теңгелер
арқылы.
-
Ұйымдастыру. «Ыстық
орындық»
Ақ қағазды аламыз қаламсыз
кесте сызамыз. Жаман қасиет, жақсы қасиеттерді екіге бөліп
жазамыз.Ортаға бір оқушы шығады. Ортадағы орындыққа отырады. Басқа
екі оқушы сол баланың жанына отырады да, сол баланың бойында бар
қасиеттерді айтады. Ол бала өзі жазған қағазбен
салыстырады.
-
«ПОПС» формуласымен
сипаттау.
Видео көреміз. «Ақ қасқыр мен
қара қасқыр».
ПОПС
формуласы
-
Менің
ойымша...
-
Себебі мен оны былай
түсіндіремін ...
-
Оны мен мына факторлармен
дәлелдей аламын ...
-
Осыған байланысты мен мынадай
шешімге келдім ...
-
«Сократтың қос сақинасы»
әдісі бойынша талдау.
Абай
атамыздың «Ғылым таппай
мақтанба» өлеңі жатқа оқылады. Бес асыл
іс пен бес дұшпанды ажыратады.
-
Топ. Абай өлеңіндегі бес асыл
іс және бес дұшпанды анықтау.
-
Топ. Бес дұшпан және бес асыл
іс туралы мағлұмат беру.
-
Сергіту сәті. «Достар
сағаты».
Сағат тіліне сыныптағы дос
өзіңе жақын оқушылардың аты жөні жазылады.
Жауабы:
-
Бірінші санда жазылған адамның
басынан сипа.
-
Екінші санда жазылған адамның
арқасынан қақ.
-
3 –ол адамның қолын
қыс
-
4- ол адаммен бірге
секір
-
5- ол адаммен қолтықтап
жүр.
-
6- ол адам бетінен
сипа
-
7- ол адамның алақанынан
соқ
-
8- ол адаммен арқаңды
түйістір
-
9- ол адамға қарап қол
көтеру
-
«Менің көзіммен».
Психологиялық тренинг.
Тақтаға ақ параққа қара ноқат
салынып ілінеді де сұралады. Сұрақ сіз тақтадан не көріп тұрсыз?
Сіздің зейініңіз қара ноқатқа ма, әлде ақ параққа ауып тұр? Жауапты
оқушы өз дәптеріне жазады. Шешуші сөзді мұғалім өзі айтады.
Егерсіздің көргеніңіз «қара ноқат» болса – адам бойынан ең әуелі
кемшілік іздейсіз. Егер алдымен ақ параққа көрсеңіз – жақсылық
іздейсіз.
Өз жауаптарыңды іштей қорыта
отырып өз ұғымыңызды қазіргі өмірмен
байланыстырайық.
Адам қашан да ең бірінші
жаманшылықты ойлайды. Жақсыдан гөрі жаманға жоруға үйір келеміз.
Теледидардағы жаңалықтардың дені де сондай. Түсті де жаманға
бірінші жаманға жорып кетеміз. «Қара ноқатты» ғана көріп отырған
оқушылар болса, айыбы жоқ, себебі солай болғанына ешкім кінәлі
емес. Өз рухыңды таза ұстағайсың.
-
Ой
қозғау.
Сұрақ: Не себепті мен сендерді
ақшамен топқа бөлді деп ойлайсыздар?
«Жақсы болу өз қолыңда» деген
халық даналығында үлкен мән бар. Жақсы болуды басқа біреуден
іздеудің қажеті жоқ. Адамның жақсы істерге, жаман әрекеттерге
ұмтылуы, айналасындағылармен сыйлы қарым-қатынастар жасауы, өтірік
айтпауы, сөзінде тұруы, жақсылықты жақсылардан үйренуі өзіне
байланысты.
Сонымен біздер ненің жақсы ,
ненің жаман екенін айыра білдік. Сіздер еліміздің болашағысыздар.
Ендеше осы бастан бойларыңызға жақсы қасиеттерді жинап, жаман
қасиеттерден аулақ болыңыздар.
Жақынды досты
аяла,
Қанатың сонда
талмайды.
Барыңды жұрттан
аяма,
Жақсылық жерде
қалмайды.
Дегендей сіздер әрқайсысың
мектеп мақтанышы боласыздар!
Видео көреміз. Видео жүріп
жатқанда төсбелгілерінен жүрек құрастыру
керек.
Бүгінгі тәрбиелік шара
ұнаса, көңілдеріңізден шықса, орнымыздан тұрып үш рет қол
соғамыз.
Смайликтер арқылы
бағалау.