400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

жақсы деген немене

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты бастауыш класс мұғалімдеріне арналаған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді

Сабақтың тақырыбы: Жақсы деген немене,
Жаман деген немене.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Балаларға жақсы мен жаманды айыра білуге, жақсылық жасауға, жамандықтан қашуға үйрету.
ә) Дамытушылық: Балалардың дүниетанымын, ақыл-ойын, танымын, шығармашылығын арттыру. Жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту.
б) Тәрбиелік: Балаларды еңбексүйгіштікке, жақсы істер мен әрекеттер жасауға, жаман қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: топтық жұмыс
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрініс, өлең-тақпақтар оқу, топтастыру, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: сурет, топтастыру, сызба, кесте, үнтаспа, қанатты сөздер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.
ІІ. Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбын ертегі жұмбақ жасыру арқылы ашу. 
Жақсылық пен жамандық ертегісін балаларға баяндап беру.

Мұғалім: Өмір таны, өнер қу,
Өнер табу – ол да оқу.
Талаптансаң, тартынба
Өз күшіңде жол табу.

Мұғалім: Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба.
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.

Мақал – сөздің мәйегі

Мұғалім: Биязы мінез тіл алғаш,
Бал-бұл жанып жүретін
Әдептілік: Бауырмалдық сол - ?
(Жақсы)
Ұшып – қонып жүретін, 
Шегірткедей жеңілтек,
Ұшқалақ болсаң сол - ?
(Жаман)
Ашу деген бәледен,
Алшақ жүріп жанаспай,
Ақылды болсаң сол - ?
( Жақсы)
Мұғалім: Беті-қолың кір-кір боп,
Берекесіз ыржақтап,
Сүйіспеншілік: Бейбастық өссең сол - ?
(Жаман)
Үйдің ішін тазалап,
Үстіңе де қарайлап,
Үлгере алсаң сол - ? 
(Жақсы)
Ата-ананың ақылын,
Ала білмей кезінде,
Ақымақ болсаң сол - ?
(Жаман) Түйінді ой жүректен орын алса...
Мүғалім: Ұқыпты болуға (болады)
Әдепсіз болуға (болмайды)
Әдептілік Мейірімді болуға (болады)
Ұқыпсыз болуға (болмайды)
Мұғалім: Білімді болуға (болады)
Жаман болуға (болмайды)
Сүйіспеншілік Дос болуға (болады)
Мейірімсіз болуға (болмайды) 

Жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді топтастыру стратегиясы беріледі. 4-5 минут уақыт бөлінеді. Оқушылар тапсырманы орындап болғанша әуен ойнап тұрады.
Мұғалім: Өнер сүйсең жиренбе,
Дамыта бер, үйрен де!
Өнер алды кең,- деп біл,
Қалсын үлгі кейінге!
Әр топ дайындап келген өнерлерін ортаға салады.


Сабақты қорытындылау:.

Мұғалім: Балалар, бүгінгі Жақсы деген немене, Жаман деген немене атты сабағымызда өз бойымызға қандай ұранды ұстандық.

Оқушылар: Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан. 
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мақтау, мадақтау, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру. 





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 қараша
481
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі