400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Жақсы деген немене? Жаман деген немене?

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға А. Құнанбаевтың жақсы мен жаман туралы айтқандарын түсіндіру, адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. Өз халқының салт – дәстүрлерін, әдептілік туралы нақыл сөздерді, алтын ақылдарды, тыйым сөздерді үйрету арқылы адамгершілікке, ұқыптылыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape1







ТӘРБИЕ САҒАТЫ:

Жақсы деген немене?

Ж аман деген немене?















Дайындаған: 1 “А” сынып оқушысы

Барлыбаева Т.





2018-2019 оқу жылы



Сабақтың тақырыбы: Жақсы деген немене? Жаман деген немене?


Сабақтың мақсаты: оқушыларға А. Құнанбаевтың жақсы мен жаман туралы айтқандарын түсіндіру, адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту.
Өз халқының салт – дәстүрлерін, әдептілік туралы нақыл сөздерді, алтын ақылдарды, тыйым сөздерді үйрету арқылы адамгершілікке, ұқыптылыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу

Көрнекіліктері: АҚТ, слайд, тақпақтар, нақыл сөздер.


Ұйымдастыру кезі:

Психологиялық дпйындық

Үлкенге Сіз,

Кішігеде Сіз.

Барша жанды құрметтеп,

Бас иеміз біз.


Кіріспе:

«Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – азаматтың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген ұлы ғұлама Әл - Фараби.

Автор : Ертеде бір адам ғұламаға келіп.
- Баланы неше жастан бастап тәрбиелеген дұрыс? – деп сұрапты.
Ғұлама:
- Балаңыз қаншада? – деп өзіне сұрақ қояды.
- Бес - ақ ай толды, - дейді анау.
Автор: Сонда ғұлама басын шайқап:
Ғұлама:
- Бес айға кешіккен екенсіз, - деген екен.
Автор: Халық арасына кең тарылған бұл аңыздың айтпағы баршаға түсінікті. Яғни, баланы туған сәтінен бастап тәрбиелеу керек. Демек, бала тәрбиесінің негізін құятын ең алдымен – ата - ана.


Бейне таспа : «Адамның жақсы, жаман қасиеттері».


1- оқушы:

Жақсы бала құлақ сап,
Айтқаныңды ұғады.
Төсегінен тұра сап,
Таза ауаға шығады.

2 –оқушы:

Жақсы бала, ол анық,
Істемейді шалалық.
Тап – таза боп жуынып,
Алады ол таранып.



3 – оқушы:

Жаман бала құрысып,
Өз – өзінен тырысып.
Түске дейін жатады,
Шешесімен ұрысып


Көрініс: «Аталар сөзі – тәрбие көзі».

1-ші бала:

- Ата сәлеметсіз бе? Айтыңызшы жақсы деген немене?
- Амансың ба, балам? Жақсы дегеніміз мыналар:
- Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым, ойлап қой, бес асыл іс көнсеңіз. Өмірде осы бес істі орындаған, өзінің қажетіне асырған адам – жақсы адам, балам. Жақсы дегеніміз осы.


2-ші бала:

- Ассалаумағалейкум, ата !
- Айтыңызшы, жаман дегеніміз не?
- Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек бекер мал шашпақ, бес дұшпаның білсеңіз. Өмірде осылардан аулақ болсаң, сенің жақсы азамат болғаның, балам.


Бейнетаспа: «Жақсылық пен жамандық қатар жүреді».


4 – оқушы.

Жақсы бала әрдайым ,
Деп «Ұятқа қалмайын»
Сабағына барады,
Күнделікті дап – дайын.

5 – оқушы.

Үлкенді де сыйлайды,
Достарын ол жинайды
Әлсіздерге қамқор боп,
Жамандыққа қимайды

6-оқушы.

Анау бала, қолын қара,
Кір қожалақ қап –қара.
Тырнағы өскен, шашы көптен
Алынбапты –ау масқара!



Демек, адам бойында жақсы - жаман қасиеттер болады екен. Ал біз жақсы қасиеттерді ананың ақ сүтімен, бал тілінен бойымызға сіңіреміз. Жақсы бала осы қасиеттерді үйреніп, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысады. Ал енді ақылды, әдепті балалар қандай болуы керек?






7– оқушы

Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға
Ертемен ақ пейілмен:
«Қайырлы таң!» - деймін мен.
Күндіз де елді елеймін:
«Қайырлы күн!» - тілеймін.
Үйге кешке келемін,
Не дерімді білмеймін:
«Кеш жарық!» - деп кіремін.


8– оқушы.

Атам менің әманда
Әдепті жан бол деген
Ата сөзі санамда –
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпей көлденең,
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.



«Жақсыны үйрен, жаманнан жирен»



(6-7 бала футбол ойнап жүреді. )


Мұғалім: Балалар жүр көшеде
Естіледі шу – айқай.
Ербол шықты елеңдеп,
Қағып кетті көршіні
Қапылыста байқамай.
Мұндайда не деу керек?
Оқушылар: «Кешіріңіз» деу керек.
(Мұғалім мен Ербол оқушы)




Мұғалім: Ерте тұрып, мектепке
Ербол келді сабаққа.
Қарсы алдынан кезігер
Ұстазы оның әр уақытта.
Ұмытты Ербол бұл кезде
Ұстазына не дейді?
Мұндайда не деу керек?
Оқушылар: «Сәлеметсіз бе» деу керек.





Мұғалім: (Ауыр сумка арқалап әже өтіп келе жатады).
Ауыр сумка көтеріп,
Белі кеткен иіліп,
Келе жатты қарт ана.
Ербол қарсы кезікті,
Өте шықты жанынан.
Мұндайда не деу керек?
Оқушылар: «Көмектесейін» деу керек.

Мұғалім: (Апасы базардан келе жатыр, Ербол қуанып алдынан шықты)

Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін жақсысын
Саған таңдап әперді.
Мұндайда не деу керек?
Оқушылар: «Рахмет»деу керек.



Мұғалім: Сыйлап үлкен адамды, сәлем берген баланы «Кім дейміз?»
Оқушылар: Әдепті екен бұл дейміз.

Мұғалім: Кітап дәптер қаламы
Кір шалмаған баланы
«Кім дейміз?»
Оқушылар: Ұқыпты екен бұл дейміз.

Мұғалім: Таудай биік талабы,
Жақсы оқитын баланы
«Кім дейміз?»
Оқушылар: Үлгілі екен бұл дейміз.

Мұғалім: Бұғынбай қорғалап,
Болсын үлкенге қолғанат,
«Кім дейміз?»
Оқушылар: Еңбексүйгіш бұл дейміз.

Мұғалім: Өтірік сөз айтпаса,
Уәдесінен қайтпаса
«Кім дейміз?»
Оқушылар: Шыншыл екен бұл дейміз.

17 – оқушы:

Қанағат, рахым, терең ой,
Талап, еңбек – өркенді,
Бәрі саған керек қой,
Ұлы өмірің – ертеңгі.
Бес асыл іс – бұл арлы,




Үлгі болған ғасырдан.
Қастер тұтып бұларды,
Ардақтап өс жасыңнан.

18 – оқушы:

Бес жаманнан қашық боп,
Армандайық алысты.
Бес асылға асық боп,
Қамшылайық намысты.
Есте ұстап аруақты,
Өсиетін атаның.
Көбейтейік әр уақта
Әдептілік қатарын,

« Ескірмейтін есті сөз»


1. Бас киімді лақтырма.
2. Таңдайыңды қақпа.
3. Малды теппе.
4. Отпен ойнама.
5. Бос бесікті тербетпе.
Ата – аналар тыйым сөздер айтып, мағынасын түсіндіреді.


МАҚАЛ СӨЗДІҢ МӘЙЕГІ


Жақсыдан қашпа, жаманға баспа



Жақсыға сөз батады, Жаманға шөп батады.

Жақсыға - шарапат, Жаманға - кесапат.



Жақсыны халық мақтар,

Жаманды халық даттар.


Жақсы өз басынан көреді,

Жаман жолдасынан көреді.



Жақсыға шаң жуымас,

Жаманға жан жуымас.


Жақсыға айтсаң, білер,

Жаманға айтсаң, күлер.



Жақсылың ағаш басында,

Жамандық аяқ астында,



Жақсы аттан жығылса,

Жаман адам табалар.


Ата бата береді:
- Балаларым мен сендерге ризамын ! Өркендерің өссін. Үлкейгендеріңше білмегендеріңді біліп алыңдар. Егемен еліміздің ел билейтін азаматтары болыңдар. Әумин!


Қорытынды:

Сонымен біздер, ненің жақсы, ненің жаман екенін айыра білдік. Сіздер еліміздің болашағысыздар. Ендеше,осы бастан бойларыңызға жақсы қасиеттерді жинақтап, жаман қасиеттерден аулақ болыңыздар.





























































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
2317
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі