«Арман»
шағын орталығы тобындағы
ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі
Өткізу
күні:
05.02.19ж.
Тәрбиеші:
Ахметжанова
АМ
Білім
беру саласы:
«Әлеумет», «Шығармашылық», «Коммуникация».
Пән:
Қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді
дамыту, сурет.
Өтпелі
тақырып:
«Алуан-алуан кәсіп бар, тандай біл де
талап қыл»
Тақырыбы:
«Жақсы
деген немене, жаман деген немене»
Мақсаттары:
Тәрбиелік:
Үлкендер
мен құрдастарының табиғатқа жасаған
теріс қылықтарын көре білуге,содан
нәтиже шығаруға тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Табиғатты
қорғауға адамгершілік қасиеттерін
ояту.
Оқыту:
Табиғат, ондағы адамның рөлі, табиғатты
қорғаудағы адамдардың әрекеттері туралы
әңгімелеуге үйрету.
Педагогикалық
технологиялар:ойын
технологиясы, денсаулық сақтау, ТРИЗ.
Ресурстармен
қамтамасыз ету:
Тақырыпқа
байланысты суреттер,
сары, қызыл дөңгелектер.
Билингвалдық
компонент (ортаңғы тобы):
Жақсы-
хорошо, жаман-плохо.
Ұйымдастырылған
оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық
кезеңі:
-Балалар,
бізге бүгін қонаққа күннің көзі келді.
Бірақ оның екі түрі бар екен: көңілді
және мұнды. Егер
де ол жақсы игі истерді көрсе –ол көңілді
болады, ал жамандықты көрсе – мұнды.
-Балалар,
күннің көзі адасып қалыпты бәріміз
бірге қосылып үйіне жолды көрсетейік.
2.
Негізі бөлімі:
-Жолымыз
ұзақ және әртүрлі оқиғаларға толы
болады.
-Алдарында
жатыр суреттер, егер суретте жақсылық
бейнеленсе сендер сары түсті дөңгелек
алып көңілді болып тұрған күннің көзіне
қоясындар, ал егерде жамандық салынып
тұрса онда қызыл тұсті дөңгелекті
аласындар, оны мұнды болып тұрған күннің
көзіне апарасындар.
Дид/ойын
«Сөйлеп тұрған кім?»
Балалар
біз қазір мына сөздерді естіп қандай
мамандық иесі сөйлеп тұрғанын анықтайықшы:
1)Балмұздақ
сатамын!Балмұздақ!
2)Жүріңіз
қай жаққа апарып тастайын?
3)
Қай жеріңіз ауырып тұр?Қазір ыстығыңызды
өлшейін.
4)Шашыңызды
қандай үлгіде қиып берейін?
5)Бүгінгі
сабақта біз балалар қызқы
табиғат туралы әңгімелесеміз.
6)Мен
манты жасап жатырмын, қазір дайын болып
қалады.
-Дұрыс
таптыңдар жұмыс істеу жақсы ма әлі жаман
ба?
-Жұмыс
істемейтіндерді қалай айтамыз? (жалқау)
Сергіту
сәті
Музыка
әуенімен қимылдарды орындайды.
«Жақсы
және жаман» ойын
ойнау. Егерде жаман деп ойласандар –
аяқтарынды тыпырлатасындар, егер жақсы
деп ойласандар – қолды шапалақтайсындар.
Жақсы
бала құлақ сап,
Айтқаныңды
ұғады.
Төсегінен
тұра сап,
Таза
ауаға шығады.
2.
Жақсы бала, ол анық,
Істемейді
шалалық.
Тап
– таза боп жуынып,
Алады
ол таранып.
3.
Жаман бала құрысып,
Өз
– өзінен тырысып.
Түске
дейін жатады,
Шешесімен
ұрысып
4.
Жақсы бала әрдайым,
Деп
«Ұятқа қалмайын»
Сабағына
барады,
Күнделікті
дап – дайын.
5.
Үлкенді де сыйлайды,
Достарын
ол жинайды
Әлсіздерге
қамқор боп,
Жамандыққа
қимайды.
6.
Анау бала, қолын қара,
Кір
қожалақ қап – қара.
Тырнағы
өскен, шашы көптен
Алынбапты
– ау масқара!
-Жақсы
тапсырманы дұрыс орындадындар, ал енді
күннің көзінін үйінеде жетіп қалдық.
Қорытынды
-Күннің
көзін үйіне жеткіздік, енді оның сонғы
тапсырмасын орындап берілген суретті
бояймыз, көңілді күннің көзін сары
түспен, ал мұнды күннің көзін қызыл
түспен.