400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Жақсы деген немене,жаман деген немене

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға жақсы және жаман қасиеттерді ұғындыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Талас ауданы әкімдігі бөлімінің «Мирас»

бөбекжай бақшасының мемлекеттік коммуналдық

қазыналық кәсіпорны







«Бәйтерек» ересек топ





«Жақсы деген немене, жаман деген немене?»















Тәрбиеші: Нурпеисова Г Ш.















Б.Б.С: «Коммуникация» Бөлімі: Көркем әдебиет.

Ұ.О.Қ-нің тақырыбы: «Жақсы деген немене, жаман деген немене?»

Ұ.О.Қ-нің мақсаты: Тақырыпқа сәйкес шығармадағы оқиғаны эмоциональды

қабылдауға және кейіпкерлерге жанашырлық танытуға

үйрету.

Қолданылатын көрнектіліктер: слайд, карточкалар, кейіпкерлердің бас киімдері.

Қолданылатын әдіс тәсілдер: сурақ – жауап, ойындар, түсіндіру, көрсету,

«Түлкі мен қоян» ертегісінің шағын көрінісі.

Билингвальдық компонент: жақсы- хорошо, жаман -плохо, қоян- заяц,түлкі-лиса


Іс әрекет кезеңі

Тәрбиеші қызметі

Баланың қызметі


Мотивациялық қозғауышы:

















Ізденуші ұйымдастырушы:


















Рефлексивтік қортыңды:


Шаттық шеңбер:

Дөңгеленіп тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Қол ұстасып бәріміз

Ақ тілекті жолдайық!

-Әлемді нұр тыныштық,

Әрбір бейбіт күн ыстық.

Қайырлы таң бақшамыз,

Қайырлы күн достарым!

Picture 1


Таңқалдыру сәті:

Ертегі ханшайым келеді ,қолында ойын қоржыны

-Сәлеметсіздерме балалар, қонақтар!

Мен ертегі ханшайымын ертегілер әлемінен сендерге келдім. Қызықты ойындар әкелдім. Осы ойындар арқылы тапсырмаларды орындайсындар ма?

Тәрбиеші:

Сәлеметсізбе, ертегі ханшайымы, келіңіз төрге шығыңыз, біздің білімді де ақылды балаларымыз қалай сіздің ойындарыңыз арқылы білімдерін көрсететінін тамашалаңыз.

Тәрбиеші: -балалар бүгін бізге көптеген қонақтар, ертегі ханшайымы келіп отыр. Біздің білімімізді тексереді екен , тексермес бұрын амандасып алайықшы.

Өте жақсы

Балалар орнымызға отырып , оқу қызметімізді әрі қарай жалғастырайық. Балалар бүгін бізде білім беру саласы «Коммуникация» оқу – қызметіміз көркем әдебиет.

Бүгінгі біздің оқу – қызметіміздің тақырыбы: «Жақсы деген немене, жаман деген немене?»

Слайд:

-Мынау суретте Нуржан деген бала не істеп тұр? Нуржан жақсы әрекет жасады ма, жоқ жаман ба?


Picture 4


-Ал мынау Ержан деген бала не істеп тұр? Ол жақсы әрекет па, жаман әрекет па балалар?







-Мынау суретте Кайрат деген бала не істеп тұр? Қайрат жақсы іс-әрекет жасап тұр ма жоқ әлде жаман әрекет жасап тұрма?





-Ал, оның қасындағы Мұрат деген бала не істеп тұр балалар?





-Ал мына Марат ағашты сындырып тұр, жақсы әрекет па, жаман әркет па?




-Мынау суретте Марат деген бала Айнұр қыздың шашынан тартып жылатып отыр жаман әрекет па, жақсы әрекет па балалар?

-Сакен деген бала Айнұр қызға жақтасып көмегін беріп тұр, ал Айнур оған алғысын айтып дос болайық деп тұр екен.


Сакен жақсы әрекет жасады ма балалар?

-ал Марат қандай әрекет жасады?

Жақсы деген немене? – слайд оқып беру

Балалар әр дайымда біз бір –бірімізге мейірімді болу керекпіз, бір –бірімізді ренжітпеу керек әр дайым да достығымыз адал болу керекпіз. Балалар біз бір – бірімізді ренжітпейміз ба?

Олай болса біз бірінші тапсырманы орындайық


Picture 10


Д. О.«Жақсы және жаман әрекеттерді орнат»

Үстел – үстінде суретке қарап жақсы әрекеттерді күнің айналасына орнатамыз, жаман әрекеттерді бұлттың айналасына орнатайық.

Өте жақсы, балалар тапсырманы барлықтарын дұрыс орындадыңдар.











Picture 7


Тәрбиеші:Құрметті қонақтар қазір біздің балалар шағын көрініс көрсетеді

«Түлкі мен қоян» ертегісі.

-Жансұлу түлкі рөлінде, Қайыржан қоян рөлінде тамашалаңыздар.

-Ерте – ерте ертеде орманда қоян мен түлкі өмір сүріпті қыс мезгілінде түлкі өзіне мұздан үй соғып алыпты, ал қояның үйі ағаштан болыпты қоян ол үйін жаз бойы ерінбей соғып алды.

Қыс өтті қар еріп көктем келді, түлкінің мұздан соққан үйі еріп кетті, түлкі үйсіз қалды.

-Түлкі – енді мен қайда тұрамын үйім еріп кетті күн жылынғанша бір үйді тауып тұру керек,- деп ойланады.

-Түлкі қояның үйіне барады

-Есікті тоқылдатып кіреді:- Қоянжан сәлем көктем келіп барлық қар, мұздар еріп менім үйімде еріп кетті, үйсіз қалдым рұқсат болса күн жылынғанша сенімен бірге тұрайыншы?


Picture 13



-Қоян: -ау түлкіжан сәлем олай болса кел, төрге шық бірге тұрсақ тұрайық

-деп қоян түлкі екеуі тұрады жатып демалады.

Таң атты түлкі қоянды оятып қоянды үйінен қуып шығады:

-Кет бұл енді менің үйім

-Қоян сыртқа шығып бір ағаштың түбінде жылап қалады.

Тәрбиеші: -балалар түлкі қандай әрекет жасады?

-ал қоян қандай әрекет жасады?








-балалар біз ешқашан жаман әрекеттер жасамайық, әрдайымда бір – бірімізге қамқор болайық.

Жарай ма?

Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі .

Кіп –кішкентай ағаштар ,

Биік болып өседі.

Д. О. «Мақал –мәтелдер әлемі»


Picture 16






-Жарайсыңдар балалар, енді бізде тағы да бір ойынымыз бар

Д. О. «Ғажайып қалта»

-мынау қалтаның ішінде бір ертегі жасырынып жатыр, соны қазір мен ортаға балаларды біртіңдеп шықарып қандай ертегі екенін тауып алайық

Picture 19

-балалар қандай ертегі екен?

Жарайсыңдар бұл ертегіде барлық кейіпкерлер атаға шалқанды жұлып алуға көмектесті ,сонда қандай әрекетке жатады екен жақсы әрекетке ма, жоқ жаман әрекетке ма?

-Балалар бізге осы барлық әдемі ойындарды кім әкелді?

-Ертегі ханшайымы сізге біздің балалардың тапсырмаларды орындағаны ұнады ма?

-Ия, ұнады барлық балалар белсенді қатысып менің әкелген тапсырмаларымды орындап берді.

-Рахмет сендерге балалар ,мен бір демалып қалдым. Енді орманға барып қоян мен түлкіні достастырайын.

-Сау болыңдар!Балаларға әкелген сыйлықтарды таратып кетеді.


Қандай дидактикалық ойындар ойнадық балалар?









Құрметті қонақтар осымен бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды. Сау саламатта болайық.




Балалар тәрбиешімен бірге көркем сөзді айтып, іс-әрекетпен көрсетеді
















-Сәлеметсізбе?





-Ия орындаймыз









-сәлеметсіздерме










-апаның қолыңдағы шелекті алып көмектесіп тұр.

-жақсы ол үлкен кісіге көмектесті









-жол ережесін бұзып допты жолға шығып ойнап жүр.

-жаман әрекет жолда доппен ойнауға болмайды.


-талды суғарып тұр,

жақсы әрекет

ағашқа су құйсақ ағаш әдемі болып өседі.


ағашты сыңдыруға болмайды Марат жаман әрекет жасап тұр




-жаман әрекет қыздарды ренжітуге болмайды


-ия, ол Айнур қызға көмектесті

Марат Айнурдын шашынан тартып жылатты ол жаман әрекет жасады.








-ия, ренжітпейміз

































-балалар тапсырманы орындауда.
























-балалар ертегі көрінісін көріп қоянға деген жанашырлығы оянады, ал түлкігі ренжейді.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16.03.2023
303
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі