400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жақсы көңіл жан шуағы

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп психологтар әлеуметтік педагогтарғ арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Танымдық әрекетін түзету. Үйде оқытылады.

8 - сынып 5 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Жақсы адам көрсеткіштері

Сабақтың мақсаты: Жақсы адам көрсеткіштері қандай болып қалыптасуы керек екенін түсіндіру..

Сабақтың көрнекілігі: Мектеп суреті, білім жайлы нақыл сөздер.

Сабақтың барысы: а) Оқушының көңіл – күйін сұрау

ә) Оқушыны сабаққа дайындау

б) Үй тапсырмасын сұрау

в) Сұрақ – жауап

г) Өткен сабақты қорытындылау

Жаңа сабақ. Адами қарым – қатынастағы ең басты әдептілік – бұл сәлемдесу болып табылады. Сәлем беру – имандылық, инабаттылық, көргендік, мәдениеттілік белгісі. Мұралардың ең қымбаты – сөз. Сөз күн шалмас қараңғы қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады, асылы адам да нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды. Адами қарым – қатынастағы игі әрекеттердің бірі – бір ауыз сөз. Осыған байланысты мына өлең жолдарды мысалға келтірсек болады:


Бір ауыз сөз қасіретті тыяды,

Бір ауыз сөз айықпас дерт жияды.

Бір ауыз сөз ұшса бақыт құсы боп,

Бір ауыз сөз жаманатқа қияды.


Жанның да өз әсемдігі бар кербездігі – істелген қылықтың тартымдылығы жүректі рахатқа бөлейді. Ол жұрттың бәріне берілмеген, бұл рухтың ұлықтығына байланысты. Оның алғашқы белгісі – жаратпайтын адамы туралы жақсы пікір айту. Ол әсіресе өш алуды күткен жағдайда жарқырай көрінеді. Адамшылдық қасиеттер арқылы адам әрқашан жақсы заттарды ойлауға соны жүзеге асыруға тырысатын болады. Жақсы мінез - құлық пен ақыл күші болып екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады.

Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы адамгершілікке байланысты. Адамгершілік – әркім өзінің кейпін көрсететін айна. Мінезі бірқалыпты адамдардың өмірі де жаймашуақ болады.

Үш қасиет адамды керемет етеді. Бұлар – ұлы жомарттықтың жоғары сыйлары: жемісті дарын, сұңғыла ақыл және нәзік адамгершілік.

Жақсы көңіл – жан шуағы. Жанның да өз әсемдігі бар, оның кербездігі – істелген қылықтың тартымдылығы жүректі рахатқа бөлйді. Ол жұрттың бәріне берілмеген, бұл рухтың ұлылығына байланысты. Оның алғашқы белгісі – жаратпайтын адамы туралы жақсы пікір айту. Ол әсіресе өш алуды күткен жағдайда көрінеді: өш алу былай тұрсын, бәрі жақсылықпен бітеді – енді өш алады дегенде, кенет ақ көңілділікпен қайран қалдырады. Ол саясатқа да пайдалы, тіпті мемлекеттік резонға көрік береді. Мақтануды білмейтін ол еңбек сіңіріп жеткен жеңісін аңқылдақтығымен жасырады.

Жақсы мінез – құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез – құлыққа байланысты. Мінез – құлық – әркім өзінің кейпін көрсететін айна. Мінезі бірқалыпты адамдардың өмірі де жаймашуақ болады.Адам өзін, өзгені танып, ұғынудан, өзінің жаратылысын түсінуден, өзін – өзі жетілдіруден өмірдің мәні туралы сұрақтарға жауап іздейді. Жақсы көру, өз күшіне сену, сенім арту, қамқорлық жасау арқылы рухани, әдеуметтік шығармашылық өсуі тұрғысынан үйлесімділікке қол жеткізу қабілеттерін ашады және дамытады. Алдымен өзіңді – өзің үйрет, сонда ғана басқалардан үйрене аласың. Адами қарым – қатынастағы ең басты әдептілік – бұл сәлемдесу болып табылады. Сәлемдескен кездерде орнынан тұрып, ізет білдіру – сыпайлықтың белгісі. Жасы үлкендерді, әйелдерді сыйлау әрбір мәдениеттімін деген адам бойынан табылуға тиіс қасиеттер десек, олар осы әу бастан, сәлемдесу барысынан – ақ көрінуге тиіс. Адалдық әр адамның өзін де, өзгені де сыйлауын көрсетеді.




Үйге тапсырма: Адамның жеке мінездері жайлы айтып беру.

Қорытынды.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
802
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі