жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Жақсы көңіл күй- жан азығы"
Ц
елиноград
ауданы білім
бөлімінің
«Алтын дән» балабақшасы МКҚК
І санатты әдіскер Ешмуханова Ақмарал Аманжоловна
Педагогтармен өткізілген іскерлік ойын
Такырыбы: «Жақсы көңіл - күй жан азығы»
Мақсаты: Бала тәрбиесінде балабакша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Балалардың мiнез - құлқы, бейiмi, қызығушылығы, мүмкiндiгiн т. б. тереңірек зерттеу. Ата - ана, бала, тәрбиеші үштiгi арасында өзара сенiм мен сыйластық орнауына ықпал ету.
Құрметтi әріптестер, бүгiн сіздердге психологиялық көңіл – күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай бiлуге, өз - өзіңізге құрметпен қарауға, бiр - бiрiмiзбен сыйластық қарым - қатынаста болуға арналған iскерлiк ойын сағатына ұйымшылдықпен катысуға шақырамын.
Көрнекiлiгi: Музыка жазылған үнтаспа, қағаз - қаламдар, суреттер салынған парақшарлар.
Шаттык шеңбер:
Тәрбиешілер қолымыздан ұстап, шаттық шеңберге тұрғызу. Мен сiздермен кездескенiме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бiр – бiрiмiздiң қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңбер неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар. Шеңберге тұрудьң үлкен бiр касиеті бар. Шеңберіміз көктегi жылу беретiн күн сиякты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бiр - бiрiмiздi жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай бiлуге үйренемiз. Мiне, сондықтан бұл шеңбердi жылулық, шаттық шеңберi деп атаймыз. Ендi бәрiмiз жақсылық тiлеп, шаттана қуанып, күлкіміздi сыйлайьқ.
Тренинг:
Ендi Тәрбиешiлер, «Табиғатсыз адамдардың күнi жок, оны айтуға табиғаттың тiлi жоқ» демекшi адам табиғатпен тығыз байланысты табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш, ендi сол ағаштың несi болар едіңіз тамыры ма, әлде дiңгегі ме, әлде жапырағы ма? әркiм өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, дiңi болып бөлiнедi.
Ал ендi тамырлар бiр бөлек, жапырақтар бiр бөлек, дiңдер бiр бөлек отыруымыз керек. Сiздер не үшiн тамыр тобын таңдадыңыздар, сiздер не
Үшін жапырақ таңдадыңыздар, сіздер не үшін діңін таңдадыңыздар соны
тобыңызбен келiсе отырып бiр келiсiмге келiп, топтан бiр адам шығып қорғайсыздар.
Тәрбиешілер үш топқа бөлініп отырады.
Сiздердiң бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялык сәйкестiк. Тамыр таңдағандар iстің нәтижесiне мән беретiн адамдар. Дiңгектi таңдағандар берiк, мықты бiреуге тiрек бола алатын адамдар. Жапырақ таңдағандар сұлулықты, әсемдiктi, ұқыптылықты қалайтындар.
2.Үш топқа тақырып берiледi
Педагогтар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.
I.Бала -бiлiмдi әрі тәрбиелі болып өсуі үшiн ата-ана қандай жағдай жасауы керек.
II. Балаларды терiс қылығы үшiн жазалау керек пе?
III. Тәрбиеші мен ата -ана байланысының тиiмдiлiгi бар ма?
3. «Өтiнемiн» ойыны. Мен сіздерге бiрнеше нұскаулар айтамын. Сiздер ic - қимылмен көрсетесіздер. Мен «өтінемін» сөзін қосып айтқанда ғана қимылды жасайсыздар. Мысалы: Өтiнемiн қолымызды көтерейік . Өтiнемiн билейiк. Ал ендi бiр - бірімізді құшақтайык. Өтiнемiн бiр - біріңізге карап жымиыңыздар. Ал ендi қабағымызды түйеміз.
Ciз бен бiз үшiн ортақ балаларымыздың тұлғалық қалыптасу үдерiстерiн тереңiрек түсiну аса маңызды. «Бала тiлi - бал» атты келесi кезеңде бүлдiршiндерiмiз бал тiлдерiмен жұмбақтар жасырады, сiздер кезек күтпестен шешiмiн табуларыңыз керек. Экранға назар аударыңыздар. (Экранда балалар жеке – жеке жұмбақтар жасырады, шешiмiн табу керек)
4. Байлаулы бала тренингі
Кызы: Мама анау тұрған не?
Мамасы: Сен әр нәрсеге тесiлiп қарай берме. (Сол кезде баланың көзiн байлаймын).
Кызы: Мама, мама қарашы қандай әдемі торғайдың дауысын естiдiң бе? Сiздер кiмдер жайлы айтып жатырсыздар.
Мамасы: Сенiң қандай жұмысың бар. Үлкендерің әңгімесіне араласпа, құлағыңды жауып тұр. (Сол жерде құлағын шарфикпен байлаймын).
Қызы: Бүгiн күн қандай тамаша! Менi Малика күтiп тұрған шығар. Мен оған бантик әкелемiн деп едiм.
Мамасы: Сен көп әңгiме айтып кеттiң ғой, ауызыңды жабасың ба, жаппайсын: ба? Онсызда кешiгiп бара жатырмыз. (Қолынан ұстаймын да әрмен қарай жүре беремiн. (Осы жерде аузында байлап тастаймын).
Қызы: Жолда келе жатып, бiр талдың бұтағын көтердi. Сол кезде мамасы:
-Қолынан салып кеп қалады да қандай тыңдамайтын қызсың. (Баланың қолын байлаймын).Бала аяғымен секiре бастайды.
-Мынау немене дұрыс тұр. (Баланың аяғын байлаймын).
Мамасы: Тез, тез жүр, аяғыңды көтерiп бас. Қолыңнан ештеңе келмейдi. Не жазу келмейдi, не дұрыстап жүру келмейдi. Құлап үстiңдi бүлдiресiңде жүресiң. Неге үндемейсiң. Сенiмен сөйлесiп тұрмын ғой. Саңыраусың ба? Бала жылағысы келе бастайды. Неге жыламсырап тұрсың, Саған айттым ғой. Жылама. (Орамалды аламында иегiн байлап тастаймын).
Қорытынды:
Сiз балаңыздың барлық, жағын байлап тастағанын көрiп тұрсыз.
Мiне, баламыз қандай күйге түсті. Мұндай күйге түспес үшiн баламызға неге болмайтынын, «өйткенi» сөзiн қолдана отырып түсiндiруiмiз керек. Сонда ғана сiз бала тәрбиесiнде мақсатыңызға жете аласыз. Ендеше, сізден бізден және өз жолдастарының жақсы жақтарын ала білген біздің балаларымыздың бойында адами қасиеттердің көп болары сөзсіз.
«Мен үшiн қымбат» - ой түйiндеу
Қатысушыларға жеке сөз берiлiп ой түйiнделедi.
1.Сөз «Айна»
2.Сөз «Қайшы»
3.Сөз «Барыс»
Айна - балаңыз өмipi айнадай жарық, әдемi болсын деймiн, ол үшiн
жан-жақты жұмыс аткаруға үлес қосамын.
Қайшы- қайшымен негізі артық, керегi жоқ заттарды қиып жатамыз. Бiр сабы мектеп болса,бiр сабы ата-ана болып, баланың өмiрiне төніп тұрған жаман нәрселерді қиып тастап, бiрiгiп iс атқарайық.
Барыс - жеке тұлға ертеңгi елiмнiң барыс - болашағы.
Сондықтан да саналы, бiлiмдi, тәрбиелi шәкiрт тәрбиелейiк.
Қорытынды:
Бала дегенiмiз - болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегiмiздің қожасы балаларымызды бiлiмдi де мәдениеттi, тәрбиелi де әдептi, кiшiпейiл де қарапайым етiп тәрбиелеу өз қолымызда. Ұлт тәрбиесi - ұлт болашағы. Егемендi елiмiздiң ертеңгi болашағы жас ұрпақ тәрбиесi. Бiлiмдi денсаулығы мықты азамат өcipy үшін, барлығымыз болып ынтымақтасып ат салысуымыз қажет. Бала бақытының кепілі ата- ананың өнегелі тәрбиесінде.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген