БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы
№3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі
Педагог-психолог: Губайдуллина Алмагул
Мейрамгаликызы
Тақырыбы:
«Жақсы көңіл-күй жан азығы» атты тренинг
Мақсаты:мұғалімдердің
психикалық көңіл-күйлерін көтеру,
шығармашылық қабілеттерін бағалай
білу, өздеріне құрметпен қарау , ұжымда
сыйластық қарым-қатынас орнату.
Қажетті
құрал-жабдықтар:
музыка аппаратты , баяу әуенді диск,
қағаз бен қалам.
Жүру барысы:
Құрметті әріптестер,
бүгін сіздердң психикалық көңіл-күйлеріңізді
көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық
қабілеттеріңізді бағалай білуге,
өз-өзіңізге құрметпен қарауға,
бір-біріңізбен сыйластық қарым-қатынаста
болуға арналған әуенді терапия сағатына
ұйымшылдықпен қатысуға шақырған.
Сәлемдесу.Барлығымыз
шеңбер құрып бір-бірімізге сәлемдесеміз
де дәл қазіргі көңіл-күйімізді және
бүгінгіге жоспарлаған мақсатыңызды
айтасыз.
«Менің мақтанғым
келеді...»
Қазір
біз менің мақтанғым келеді тренингін
ойнаймыз. Көп жағдайда адам мақтанғысы
келіп тұрғанда мақтана алмайды, дәл
қазір сіздерге үлкен мүмкіндік бар,
мына ортада тұрған мақтаныш орындығына
отырып өздеріңіздің жетістіктеріңізге,
бойыңыздағы ерекше қасиеттеріңізге
мақтануыңызға болады. Мақтаныш
орындығынына отырған адамның әрбір
айтылған сөздеріне қол шапалақтап демеу
көрсетіп отыруларыңыз керек.
«Рефлексия»: демеу
көрсету кезінде не сезіндіңіз?мақтанған
кезде не сезіндіңіз?
Аутотренинг
өткізу.
Дүниеде
мұғалімдіктен құрметті мамандық жоқ.
Бұл өте қиын , күрделі міндет. Нағыз
мұғалім өзі оқытатын пәнді, соған
байланысты ғылым саласын терең білуімен
балаларға дұрыс жеткізумен көзге түсіп
ерекшеленеді.
Оқушылардың
интеллектуалдық дәрежесінің күннен-күнге
артуына байланысты мектепте жұмыс істеу
барған сайын күрделеніп келеді. Қазіргі
заман талабына сай білімді, интеллектуалды,
ғылым мен техникадан, өнер мен саясаттан
хабары бар, жан-жақты мінезге бай мұғалім
жоғары бағаланады.
-Қазіргі сіздердің
еркін, ыңғайлы отыруларыңыз сұралады.
Баршаңыздан мына табиғат көріністері
бейнеленген суретке зейін қойып, мұқият
қарауларыңыз сұралады.
-Көз алдыңызға
жаңа суретте көрген табиғатты елестетіңіз.
-Терең дем алып,
әуеннің ырғағына зейін аударып, менің
сөздеріме құлақ салыңыз.
-Ал , бастаңыз
-Соқпақ жолмен
жүріп келесіз...
-Жол ұзақ, шаршадыңыз,
шөлдедіңіз....
-Кенет алдыңыздан
ғажайып бақ көрінеді...
-Алма бағы...
Музыка тоқтатылады
Қорытынды.
Бір-бірімізге кешегі күн үшін немесе
тренингке белсенді қатысқаны үшін
рахмет айтып қорытындылаймыз.