Материалдар / "Жақсы көңіл-күй жан азығы" педагогтарға арналған тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жақсы көңіл-күй жан азығы" педагогтарға арналған тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
тренинг мұғалімдерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2019
600
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тренинг:«Жақсы көңіл-күй жан азығы»



Тренинг мақсаты: Ұстаздардың психикалық көңіл-күйлерін көтеру, бақытты жан екенін ұғындыру,шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, ұжымда сыйластық қатынас орнату.

Тренинг ережесі:
  • Тыныштықты сақтау;
  • Өз бетінше жұмыс жасау;
  • Уақытты тиімді пайдалану;
  • Белсенділік;
  • Бір-бірімізге сын айтпау;
  • Шығармашылық;
  • Қол шапалақтау.




Күтілетін нәтиже:
  • Өзіне пайдалы ұғымды алу;
  • Өзін-өзі еркін ұстай білуге үйрету;
  • Айналамен қарым-қатынас жасау;
  • Өз бойындағы жаман қасиеттерді жеңе білу;
  • Өз ойын ашық айта білуге дағдылану.




Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, слайд-шоу

Уақыт формасы: 35 минут

































Барысы: Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар! Алдымен біз келісіп алайық, жұмысты бастамас бұрын, кім екенімізді ұмытайық және қарапайым адам ретінде қарайық бір-бірімізге. Бүгін мен сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге,сіздер бақытты жан екендеріңізді, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға шақырамын.Барлығымыз шеңберге тұрайық. Жұмысымызды бастамас бұрын алдымен танысып алайық. Танысу үшін, атыңызды сын есіммен бірге айтып кетесіз. Содан кейін өзіңізден кейін оң жағыңыздағы тұрған адамға комплимент айта кетесіз.Көңіл-күйіміз шынайы көтеріңкі болады қай кезде? Әрине бақытты болған кезде. Сіз осы өмірде осы уақытта бақыттымын деп ойлайсыз ба? Бақытты болу үшін не істеу керек адам?Дұрыс айтасыздар.Бақытты болу өз қолымызда. Сіздерге бақытты болудың 7 қағидасын ұсынбақпын, ол сіздерге қосымша тағы жігер береді деген үміттемін. (Бақытты болуға болама? 7 қағида беріледі.) (жалпы 10мин)

  • «Көрші» жаттығуы. (2 мин)
Мақсаты: Әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, көңілін-күйін көтеру,бір-біріне жылылық сыйлау.Қазіргі уақытта көтеріңкі көңіл-күймен күліп жүрген адамдарды сиректеу кездестіреміз. Осыған байланысты тренер нұсқауы бойынша іс-қимылдар жасау.

Нұсқаулық:Оң жақтағы көршіңді құшақтап сіз бақытты жансыз!Сол жақтағы көршіңді құшақтап сіз бақытты жансыз! – деп көтеріңкі көңіл-күймен бір-бірімізге жігер берейік.

  • «Кім жылдам» жаттығуы. (10 мин)
Қатысушылар шеңбер құрап отырады, жаттықтырушы шеңбердің ортасында тұрады.Нұсқаулық:«Қазір біздің таныстығымызды әрі қарай жалғастыру мүмкіндігі тумақ. Оны былай жүзеге асырамыз: шеңбердің ортасында тұрған (алғашында ол адам орнында мен боламын) ортақ белгілері бар адамдарға орындарын ауыстыру (ауысып отыру) ұсынысын жасайды. Ортақ белгіні атайды. Мысалы мен: «Араларыңыздан әпкелері барлар орындарыңызды ауыстырып отырыңыздар» - деп айтамын, - сол кезде кімнің әпкесі бар солар орындарын ауыстыруы қажет. Осы сәтте шеңбердің ортасында тұрған адам, орындардың біреуін иеленіп үлгеруі тиіс, ал шеңбердің ортасында орынсыз қалып қалған адам, ойынды жалғастырады. Бұл жағдай бір-біріміз жөнінде толығырақ біле түсуге мүмкіндік береді.»Жаттығу аяқталғаннан кейін, жаттықтырушы топқа: «Сіз өзіңізді қалай сезінесіз?» немесе «Қазіргі сәтте сіздің көңіл-күйіңіз қандай?» деген сұрақтар қоюына болады. Әрине, мұндай жаттығу көңілді өтеді. Ол қалыптасқан қолайсыздықты төмендетіп, көңіл-күйді көтереді, назар мен ойлауды белсендіреді.

  • «Мінез» жаттығуы. (5 мин)
Мақсаты: қатысушылардың бір-бірінің қасиеттерін жақынырақ білу.Қатысушылар параққа 1 жақсы қасиет жазу керек. Барлық қатысушылардың жақсы қасиеттер жазған парақтарын жинап аламыз. Тренер сол парақтарды араластырып, бір біреуден оқып сол қасиеттерге келетін адамды таңдайды. Таңдаған адамға жақсы қасиет жазылған парақты береді. Жаттығу солай жалғаса береді.
  • «Армандар» жаттығуы. (3 мин)
Мақсаты: Топ жұмысына қолайлы жағдай жасау, тренингтің негізгі принцптерімен таныстыру.Бәрі көздері жұмулы шеңбер бойымен отырады. Ыңғайлы отырып, көздеріңізді жұмып, терең дем алыңыз.Болашақтағы бақытты күндерін, не армандадыңыздар сол армандарыңыздың орындалғанын, балаларыңыздың өсіп көздеген мақсаттарына жеткенін, немерелеріңіздің көз алдарыңызда жүгіріп жүргенін, тағы да үлкен-үлкен тілек-армандарыңызды көз алдарыңызға елестетуге тырысыңыздар.

Талдау: Әр қатысушы өзінің әсерлерімен бөліседі. Тренер айтылғандарды жинақтайды. Әр қатысушысының өз арманы, мақсаты болатынын айтады.

  • Суретті тест: Тренингтен алған әсерің.(5 мин)
Қатысушыларға күннің, бұлттың, жаңбырдың, гүлдердің бейнеленген слайд көрсетіледі. Тренингтен алған әсерін, бір-біріне тілектерін сол берілген суреттердің біреуін ақ параққа салып береді.Күннің суреті – тренингке қатысушының толық қанағаттанғаны, көңілденгеніГүлдердің суреті – тренингтен алған әсері өте керемет,күштіБұлттың суреті – алғаны әсері орташаЖаңбырдың суреті – ешқандай әсер алмағаны.

Қорытынды: Құрметті ұстаздар, бүгінгі тренингке уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге үлкен рахмет. Көңіл-күйлеріңіз әрдайым көтеріңкі және жайдарлы болсын! Бақытты болуға сіздер лайықтысыздар!





















Бақытты болуға бола ма?

Осы сауалға байланысты бақытқа жетудің жеті қағидасымен танысыңыз:1. Жақындарыңызды жақсы көріңіз,ал жақсы көрген кісіңізге үнемі көңіл бөліңіз.2. Өз ісіңізге жауапкершілікпен қарап,сүйікті ісіңізбен айналысыңыз.Өз жұмысыңыз өзіңізге ұнамаса,оны ауыстырыңыз,ол өзіңізге де, қоғамға да тиімді. 3. Әлдекімдерге көмектесуден тартынбаңыз,бұл арқылы бойыңыз жеңілдеп мәртебеңіз өседі. Адамгершілік сезімін өз бойыңызда молдығын байқап,ерекше күйге ие боласыз.4. Өзіңізді бақылай біліңіз,қандай жағыдайда өзіңізді бақытты сезінетініңізді,қуана алатыныңызды анықтап алыңыз(тек жақсы жағынан) Содан кейін үнемі бақытты болуға тырысыңыз.5. Әрдайым белсенді болыңыз.Дене шынықтыратын,көп қимылдайтын кісінің дені сау келеді,ал ауру-сырқауға бой алдырмайтын адам үнемі сергек,көңілді жүреді. Ол да ләззат,рахат алудың бір жолы. Қысқасы қарап отырмау керек.6. Өміріңізге жаңалық енгізіп отыруға тырысыңыз. Кестені өзгертіп отырыңыз.7. Анда-санда қобалжысаңыз-өкінбеңіз.Себебі,үнемі адам өзін бақытты сезіну мүмкін емес.Бүгін ренжісеңіз,ертең-қуанасыз,яғни әлдене үшін ұрыс-керіс,дау-жанжалға барудың қажеті шамалы. Өз ортаңызда ең көңілді адам ретінде,үнемі қуанышты жүруге тырысыңыз.Біреудің бойынан кемшілік іздемес бұрын өз бойымыздағы кемшіліктерімізге баға беріп көрсек.Әрбір жақсы адамның да өз кемшілігі болады. Әрбір жаман адамның да бір жақсылығы болады. Кемшілік жібермеуге тырысу керек. Таң атқанда, күн батқанда күні бойы істеген істерімізге есеп беріп отыруға тырысыңыз!





































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!