Материалдар / Жақсы көңіл-күй жан тыныштығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жақсы көңіл-күй жан тыныштығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімнің кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру.Ұжым арасындағы байланысты нығайта отырып, эмоционалды жігер беру, бірін - бірі кеңірек танып білуге, қатысушылардың өз мүмкіндіктерін шамалауға және күз мезгіліндегі шаршағандықтарын төмендетіп, көңіл күйлерін көтеру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Сәуір 2022
398
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

"Педагогтардың кәсіби-эмоциялық құлдырауының алдын алу"

Тренинг тақырыбы: Жақсы көңіл-күй жан тыныштығы

Мақсаты: Мұғалімнің кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру.Ұжым арасындағы байланысты нығайта отырып, эмоционалды жігер беру, бірін - бірі кеңірек танып білуге, қатысушылардың өз мүмкіндіктерін шамалауға және күз мезгіліндегі шаршағандықтарын төмендетіп, көңіл күйлерін көтеру. Тренингке қатысушыларға айналасындағы адамдармен, қоршаған орта, өзін-өзі қалыптастыру барысында талдау жасауда сүйенетін психология ғылымынан мәлімет беру.

Қатысушылар: мұғалімдер

Қажетті құралдар:суреттер, тренинг ережесі, геометриялық фигуралар, үлестірмелі қағаздар, маркерлер.

Нақыл сөздер: " Жас келсе іске ", "Жас маман ! "Әрбір бала -бір жұлдыз,жарқырауына көмектес!", «Жас маманға көмек-заман талабы.»



Тренинг жоспары:

Сәлемдесу «Менің бақытым» әдістемесі

Бой сергіту: «Орын алмасамыз»

«Суреттегі ой» жаттығуы

Жаттығу « Менің мінезім»

«Әріптік мәтін» жаттығуы

Рефлекция :Жаттығу «Кездескенше»

Сабақтың барысы:

Психологтың кіріспе сөзі.

Тренингке қатысушыларды бөлек үстелдерге отырғызамыз. Жағымды әуен жай дауыспен ойнап тұрады. Қатысушыларды таныстырумен ортаға шақырамыз.

1 .Танысу жаттығуы.

Ортаға шыққан жас мамандар өз өздерін таныстыра отырып оздерінің шын бақыты қайда екенін айта кетеді.

2. Болжам-ойын «Менің бейнем».

      Нұсқау: қатысушылар слайд арқылы көрсетілген

бейнелерден біреуін ойша таңдайды. Негізгі 5 бейне

көрсетіледі: қоян, жолбарыс, сиыр, құс, тасбақа.

Таңдалған бейне бойынша оларға психологиялық мағлұмат беріледі.

Бейне түрінде берілген психологиялық мінездемелер:

    Құс – бейне: Сіздің мінез – құлқыңыз  айналаңыздағы адамдарға тәуелді. Өйткені, сізге өз ортаңыз қатты әсер етеді. Сіз эмоционалды жансыз, себебі сіз барлығын  көңілізге тікелей қабылдайсыз. Өз көңіл-күйіңізді тиімді пайдалануға ұмтылыңыз. Және сізде эгоизмдік қасиет бар. Сіз өзіңіздің бұл қасиетіңізді жоюға тырыссаңыз жақсыға ұмтылуға мол мүмкіндігіңіз бар.

Сиыр – бейне: Сіз әрқашан өз стиліңізді табуға ниеттенесіз.Соған орай,ортадағылар сізді қолдап,әрқашан сізді түсініп отырады. Осыған қарап,сіздің қатынасыңыздың жоғар ыекендігін байқауға болады. Сіз өзіңіздің еркіңіздің сипатына қарай қызық әрі нақты жұмыстарды жасай білесіз. Яғни бұл өзіңіздің еркіңізге күш салатындығыңызды көрсетеді. Және, сіздің мінезіңіз жағымды, барлық адамдар сізді жақсы жылы қабылдайды. Сондықтан сізде жағымды жаңалықтар көп болады. 

     Тасбақа- бейне: Сіз өзіңізге, ішке сезіміңізге үлкен жауапкершілікпен қарайсыз.Сіз өмірде,әртүрлі жағдайда өзіңіздің пікірлеріңіз бен көзқарастарыңызға дұрыс баға бересіз.Және әрқашан қатынаста тиімді жол таба білесіз. Егер сізде қиындық тап болса,сіз ол үшін көп әрекеттенесіз,яғни жағымсыздықтан тез арылуға тырысасыз. Себебі,сіз жағымсыздық әсерінен өз көңіл-күйіңізді реттей алмай қаласыз. Алға шынайы ниетпен талпынсаңыз, сіз де жақсы нәтижеге қол жеткізесіз.

       Қоян-бейне: Сізге өз көзқарастарыңыз бен принциптеріңізден бас тарту кейде қиынға соғады. Бірақ, сіз өз-өзіңізге тым сенімді емессіз.Демек, сізге ортада өзіңіздің батылдығыңыз керек. Осыған қарап, сіз ерік күшіңізді көп жұмсамайтындығыңызды аңғаруға болады. Ендеше сіз ерік күшңізді пайдалана біліңіз. Ол сізге өзіңізді танытуға мүмкіндің береді. Табыстарға көп жетесіз.

     Жолбарыс – бейне: Сіз өте белсенді адамсыз, сонымен бірге сіз ортада және басқа жерлерде сыйлысыз. Сізбен қатынаста болған адамдар сізді әрдайым жоғары бағалайды. Сіз айналаңыздағылар бір-бірімен дұрыс келісімге келсе және бір-бірін дұрыс түсінсе, сізге қолдау көрсетсе бақытқа жетуге болады деген ойға келесіз. Және сіз әрқашан бақытты өмір сүруге талпынасыз. Сондықтан сізде сәттіліктер көп болады.

2. Бой сергіту: «Орын алмасамыз»
Қатысушылар шеңбер жасай орындықта отырады.

Нұсқау: «Кәнеки, кімде - кімнің...
шашы ұзын қыз - келіншектер;

алмұртты жақсы көретіндер;

гитара тарта алатындар;

сағат тағып жүргендер;

өмір бойы бір мекемеде қызмет етіп келе жатырғандар;

Қазіргі уақытта жаңа бағдарламамен жұмыс жасайтындар;

Өз жұмысының нағыз маманымын дейтіндер;

10 жылдан астам педагог болып жұмыс жасап келе жатырғандар;

Бала кезден мұғалім болуды армандағандар;

Тренингке бірінші рет қатысып отырған жандар болса бір - біріңмен орын ауыстыруларыңыз сұралады.». Мақсат аталған белгілері немесе қабілеттері бірдей кісілердің орындарын ауыстыру. Жүргізушінің мақсаты - кез келген босаған орынға жылдам отыра қою. Кім отырып үлгіре алмаса, енді сол жүргізуші болады.

- Бәріңізге де үлкен рахмет! Бәріңіз де бой сергіту жаттығуын ойдағыдай орындадыңыздар! Енді түгел орындарыңызға қайта отырыңыздар.

3. «Суреттегі ой» жаттығуы

Барысы: экраннан 3 топқа бөлінген суреттер көрсетіледі. 
Тренер сөзі: экрандағы суреттерге байланысты әр топ өз ойларын, түсінгендрін айтып ой бөліседі. 
1тапсырма: ақ қағазға салынған төртбұрыш ішінде қара нүкте орналасқан. 
Мұғалімдер ойы: 
Тренер талдау: Ортасында қара нүктесі бар ақ кеңістік.Бұл бала алғаш дүниеге келгенде ақ қағаздай, сол қағазға ата-анасымен біздердің салған бейнеміз қаншалықты дұрыс болса, сол нәтижесімен салыстыруға болады. 
2-тапсырма: Жарқын шуағын төккен күн шуағының астында әр ұлттың үш баласы қол ұстасып тұрғаны бейнеленген. 
Мұғалімдер ойы: 
Тренер талдау: Сыртқы түстері әр түрлі болғанымен бұл балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан ұлағатты ұстаздар оларға күн сәулесіндей бірдей мейірім шуағын төгеді. 
3-тапсырма: Біреуді нұсқап тұрған сұқ саусақты бейнелеу. 
Мұғалімдер ойы: 
Тренер талдау: Біз сұқ саусағымызбен өзгені көретіп тұрғанда өзге үш саусағымызбен өзімізді көрсетекенімізді аңғара бермейміз. Ендеше біз әлдекімді кінәләғанда, өзіміздің кінәміз бар ма, жоқ па, осы жағына көңіл бөлуіміз қажет. Кінәні өзгеден емес, өзімізден іздейік . сіздердің жауаптарыңызда керемет болды, рахмет! Енді, арнайы сіздерге тағы бір сурет көрсетіледі бұл тапсырманы 3 топта орындау керек. 
4-тапсырма: Түнгі аспан, жымыңдаған жұлдыздар жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген 
Мұғалімдер ойы: 
Тренер талдау: Түн. Айнала жым-жырт. Аспанда жымындаған жұлдыздар, ел ұйқыда бірақ ояу бір кісі бар. Ол- мұғлім. Ол қанша жыл ұстаз болғанымен, жұмыста да, үйдеде, ертеңгі сабағына үлкен жауапкершілікпен дайындалып келеді.
Құрметті әріптестер менімен келісесіздерме? Керемет, жарайсыздар! 

Жаттығу « Менің мінезім»

Әрбір қатысушы білезіктей шеңбер сызып, оны төртке бөледі. Әр бөлікке  жақсы көретін жануар,аң, құс аттарын жазып шығады.

«Қимыл-қозғалыс арқылы жауап беру»

Қойылатын сұрақтар.

Кім көңілді? (күлу, смайлик)

Кімнің шашы қара? (қолмен шашын серпіту)

Кімге ақша керек? (үш рет қол соғу)

Кім өзін бақытты деп санайды? (аяқпен дыбыс шығару)

Кімге үй керек? (қолмен үй көрсету)

Кім ақылды? (бас ұстау)

Кім сұлу? (екі қолмен беттері ұстау)

Кім мейірімді? (қос қолдап жүрек тұсын ұстау)

Кім өзінің мамандығын ұнатады? (екі қолмен тізесін соғады)



4 . «Әріптік мәтін» жаттығуы

Әріптік мәтіннің ішінде алдағы саяхатта сендерге ең қажетті қасиет туралы айтқан, Абайдың өлең шумағын оқи аласыңдар. Тапсырма: әріптік мәтінді тездетіп қарап, дәптерге өлең шумағын жазыңдар.

МӘТІН бсиренодіақылөңілдащеулдцузцьпдпқайратидрщеоғүшкщузцлақжүректіқзеркңіалещгобірдейхуривлушеитвлыдцөқңқіұстақтоькгңщіқьтігудасондалпдвжвөһәдвбютолықадвжыэаплокөіләдыболасыңһіоәұоывелденоушушуқірәлцущлцаабөлеквддущөәһғң (Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек)





Рефлексия.

Жаттығу «Кездескенше» (Барлық қатысушылар шеңбер жасап түрегеп тұрады).    

Менің қолымда кішкентай ғана сиқырлы күн бар. Ол сіздерге жылу, қуаныш, табыс, бақыт, сүйіспеншілік сыйлайды. Сіздер оны бір-біріңізге бере отырып, тренинг туралы өз әсерлеріңізді,қалай болғандығы жайлы айтып, пікірлеріңізді білдіресіздер, әрине, осымен бірге әріптестеріңіздің атына өз тілектеріңізді жолдайсыздар.

Қорытынды. Әрбір жас мұғалімнің жаңаша жұмыс істеп, үнемі ізденісте болуы бүгінгі күннің талабы болса мектептегі басты тұлға-мұғалім. Ы.Алтынсарин сөзімен айтсақ, «Мұғалім-мектептің жүрегі». Жаңа формация мұғалімі-білімнің өзіндік құндылығын түсінетін, жүрегі жаңалық десе соғып тұратын,рефлексияға қабілетті,кәсіби дағдылары дамыған педагогикалық дарын иесі болуы тиіс









































79 негізгі мектеп



«Бекітемін»

79 негізгі мектеп директоры:

С.Әбікенова









"Педагогтардың кәсіби-эмоциялық құлдырауының алдын алу"

Тренинг тақырыбы: Жақсы көңіл-күй жан тыныштығы





Дайындаған:Қ.Саруаров















2021-2022 жыл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!