400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жақсы көңіл –күй сыйлаймын »тренингі

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге арналған тренинг
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жақсы көңіл –күй сыйлаймын »тренингі

Мақсаты: мұғалімдердің психикалық көңіл – күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату.

Барысы: Адамның көңіл күйі әлемі шексіз. Әр адам баласы әр түрлі нәрселерге қуанады, шаттанады, ерекше күлімсірейді, ерекше сүйсінеді, шексіз бақытты болады, керісінше, ренжиді, өкінеді, қамығады, ызаланады, назары болады.Көтеріңкі көңіл адамға қуат бітіріп, бойын сергітеді, ал уайым- қайғы жабырқатып жібереді. Сондықтан адамның қарым-қатынасы оның көңіл күйіне байланысты болады. Көңіл күй- адамның ішкі дүнесінің құбылысы, көңіл күй- адамның айнасы. Біздің көңіл күйіміз- ол күн сияқты. Күн адамның ішкі жан дүниесін жылытады. Барлық жақсылық табиғатқа – күннен,ал өмірдегі жақсылық-адамнан. Көңіл күй дегенді қалай түсінесіңдер?


Құрметті әріптестер, бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.


1.«Дос достыққа» сергіту ойыны (5 минут)

Нұсқау: Қазір сіздер өте бір қызық ойынды ойнайсыздар. Ол үшін жасалатын қимылды тез-тез жасау керек. 5 секунттың ішінде өзіңізге серіктес тауып алыңыз да тез-тез онымен қол алысыңыз. Ал енді бір-бірімізбен «сәлемдесеміз»:

Оң қол оң қолмен!

Мұрын мұрынмен!

«Дос достыққа» деген бұйрықты естігенде жұптарыңызды айырбастайсыздар.


2 «Көңіл күй неге ұқсас?» сурет салу.

Енді барлығымыз алдымыздағы ақ қағазға көңіл күйімізді түсіріп көрейік. Әрқайсымыздың көңіл- күйіміз табиғат тәрізді бірде бұлттанады, бірде шайдай ашылады, бірде жауындатады т.б. Табиғат құбылыстарымен байланыстырып көңіл-күйді қағаз бетіне түсіру


3 .Ым – ишара треннингі

Мақсаты: логикалық ойлау арқылы кез-келген жағдайдан шыға білу.

Нұсқау: Бұл ойынға өз еркімен қатысатын 3 адам керек. Қалғандары бақылаушылар болады.

Ойынның мәні: үш дос бір жерде кездесу туралы келісу керек. Бірақ олардың бірі сақау, таңғышпен аузын байлаймыз. Бірі соқыр таңғышпен көзін байлаймыз. Енді бірі саңырау таңғышпен құлағын байлаймыз. Кездесетін жерді тек сақау ғана біледі. Ол өзінің достарына қайда қашан бару керектігін түсіндіру керек.


4. «Мен – үйде» және «Мен — жұмыста» жаттығуы (10 минут)

Қазір сіздер парақты екі бағанға бөліңіздер. Бірінші бағанаға «Мен үйде» деп, ал екінші бағанаға «Мен жұмыста» деп жазыңыздар. Осы екі бағананы сол жердегі мінез-құлықтарыңыз бен жүріс –тұрыстарыңызды жазыңыздар.

Талқылау:

  1. Осы жағдайлардағы мінез-құлықтарыңыз бен жүріс-тұрыстарыңыздың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы қорытынды жасаңыз.

  2. Қай бағананы толтырған оңайға соқты? Қай бағана көптеу болды?

  3. Не себепті айырмашылықтар болады?

  4. Бұл бағанадағы жағдайлар сәйкес келу керек па? Неге?

ахмет әріптестер!


  1. Келесі жаттығуымыз «Би терапиясы».

Ән әуені,әсіресе көңіл ән әруақытта біздің көңіл күйімізді көтереді. Қатысушыларға орындыққа отырып билеуді ұсынамын.

а) тек баспен

б) тек қолмен

в) тек аяқпен

г) тек кеудемен Мұғалімдер өздерінің тренингтен алған әсерлерін бөлісу.Тамаша!Бүгінгі алған жағымды энергияларың бойларыңда ұзақ уақыт сақталатына сенімдімін.

  1. Жаттығу. «Дыбыстық жаттығу»

Мақсаты: дыбыстық гимнастикамен таныстыру, рух пен дененің тынығуы.
Дыбыстық жаттығуды бастамас бұрың жүргізуші ережесін түсіндіреді:
Өзімізді бірқалыпты, жайлы сезінеміз, тік тұрамыз, арқамызды тік ұстаймыз. Алдымен мұрнымызбен терең дем аламыз, ал дем шығарғанда дыбысты қатты әрі қуатты етіп шығарамыз.
Деміңізді мұрыныңызбен ішке тартып, демді сыртқа шығарар кезде қатты бар дауысыңызбен «А» дыбысын айтыңыз - ол бүкіл денеңіздің сауығуына көмегін тигізеді.
«Е»- қалқанша без жұмыстарына әсер етеді.
«И»- миыңызға, көзіңізге, құлағыңызға.
«О»- жүрегіңіз бен өкпеңізге
«У»- асқазан маңындағы дене мүшелеріңізге
«Х»- денеңіздің тазаруына
«ХА»- көңіл - күйіңіздің көтерілуіне.
Осы жаттығуды жаттап алып, әркезде орындап отырыңыздар, денсаулығыңыз өз қолыңызда, эмоционалдық стресске шалдықпаудың алдын ала


7.
«Рахмет» жаттығуы

Қатысушылар  ортада шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші (психолог) ойша осы тренингке келгенге дейінгі көңіл-күйлерін, ойларын, жағдайларын, себептерін сол алақанға, ал бүгінгі тренингтен алған әсерлерін оң алақанға салуын сұрайды. Мұнан кейін барлығы бір уақытта алақандарын қатты соғып «Рахмет» деп айқайлайды.

Талқылау:  Қандай сезімде болдыңыздар?
































«Жақсы көңіл –күй сыйлаймын »тренингі

Мұғалімдерге арналған тренинг







Педагог-психолог: А.Мамбетова

















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
881
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі