Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

"Жақсы көңіл күй" тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану сабағынан көңіл-күйін жағымды арнаға түсіруге баулуға, сезінуге тәрбиелеуге байланысты өткіздім.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін» Мектеп директоры:

________________

О.С.Сейтказин













Жақсы көңіл-күй жан азығы (тренинг)

















Мұғалімі: Кульбаева Замира Каиргаликызы

Сыныбы: 3 "Б"



2019-2020 оқу жылы

Тақырыбы: Жақсы көңіл-күй жан азығы (тренинг)

Мақсаты: Оқушының өз мінезіне басшылық жасай алуын қалыптастыру; Көңіл-күйін жағымды арнаға түсіруге баулу; Көтеріңкі көңіл-күйдің айналасындағыларға әсерін түсініп,сезінуге  тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: А4, маркерлер, слайд.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі:

Тренинг барысы:
- Сәлеметсіздер ме, балалар, қадірлі қонақтар! Қош келіпсіздер! Олай болса бүгінгі тренингімізді жақсы көңіл-күйімізді көтеруге арнайық. Адамның қарым-қатынасы оның көңіл-күйіне байланысты. Көңіл-күй – адамның ішкі дүниесінің құбылысы, көңіл-күй – адамның айнасы. Адамдармен қарым-қатынас жасау шеберлігі адамның ішкі мәдениетіне, біліміне, тәрбиесіне байланысты болады.

Слайдта (күн, алақан, жүрекше, смайлик) көрсетілген суреттерге қарап, бір-бірімізбен амандасайық.
Жүрекшелер шыққан сәтте - бір-біріңізбен құшақтасып амандасасыздар.
Алақан шыққан сәтте – бір-бірімізбен қол ұстасып амандасамыз.
Күннің бейнесі көрінсе – бәріміз қолдарымызды жоғары көтереміз.
Смайликтер шыққанда – бір-бірімізге күлкімізді сыйлаймыз.
Көңіл-күйді көтеру үлкен өнер. Иә, балалар.

Мен сендерге бір әңгіме оқып берейін.

Марат деген баланың мысығы болыпты. Өзі пештің түбінде жата береді екен, өте жалқау мысық болыпты. Тіпті тышқан да ұстамапты. Бір күні Марат мысығын қапқа салып орманға апарып тастайды. Мысық орманда қарны ашып, үйін сағынады. Енді ол өз қателігін түсінеді. Ешқашан жалқау болмаймын деп өзіне уәде береді. Бірақ Маратқа баруға қорқады екен.

- Балалар біреу біздің есігімізді қағады ғой? Кім екен бұл?

*Бұл –мысық.

- Е, бұл Мараттың орманға тастап кеткен мысығы ғой!

- Келген қонаққа не дейміз?

*Жоғары шығыңыз.

- Балалар мысықтың көңіл-күйі қандай?

*Өте көңілсіз, жабырқау екен.

Мысық: Мен жалғызбын не істерімді білмеймін.

- Қане бәріміз мысыққа көмектесейік. Енді мұңайма. Біз сенің көңіл-күйінді көтереміз.  Бүгінгі сабағымызды бізбен бірге тамашалауға шақырайық,

- Қалай ойлайсыңдар біз бірігіп оған көмектесе аламыз ба?

*Иә, біз оған әсем ән салып берейік

Оқушылар шеңберге тұрып,  «Көңіл күй» әнін айтқызу.

- Мысықтың көңіл-күйі көтерілді ма?
-Ендеше қарым-қатынасқа түсу үшін шеңбер жасайық.
Шаттық шеңбері:
— Балалар, шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық,

«Менің көңіл-күйім» жаттығуын жасаймыз. Адам мен табиғат ұқсас, егіз ұғымдар. Әрқайсымыздың көңіл-күйіміз табиғат тәрізді бірде бұлттанады, бірде шайдай ашылады, бірде жауындатады, бірде түнереді және т.б.
Табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып,
бір-біріміздің артымызға табиғат құбалыстарына байланысты ұйқалаймыз. (Жайлы әуен қойылады)

Алдымен арқамызға күннің суретін саламыз. Ауа райы бастапқыда өте керемет болады. Бір мезетте бұлт пайда болды. Алдынызда тұрған адамның арқасына қолынызбен жеңіл қимылдар жасаңыз. Жауын тамшылай бастады. Қар жауа бастады. Қар қаттырақ жауа бастады. Жел шықты. Жел күшейе түседі. (арқаға қолмен батырынқырайтын кимылдар жасалады).

Талдау:

- Мұндай массаждан кейін өзіңізді қалай сезіндіңіз?

- Жаттығуларды орындағанда қай әрекеттер жағымды, қайсысы жағымсыз болды?

- Өз сезімдеріңізбен көңіл –күйлеріңізбен бөлісіңіз.

Қағазды умаждау

Шеңберге тұрып, оқушылар қағазды умаждайды. Екі топқа бөлініп, умаждалған қағаздарын бір-біріне лақтырады. Қай жақта көбірек екенін қараймыз.

«Достық алақаны» жаттығуы.

Анаграммаларды шешу: Еңбек, қанағат, ақыл.

"Азақ түлік дүкенінде нелер бар?" Оқушылар суреттерді есте сақтайды. Кейін қайта жаңғыртады.1 мин беріледі.

Түйсік: Қатысушы оқушылардың көздері матамен байланады. Олар қорапшадағы заттардың не екендігін және неден жасалғандығын тауып айту қажет.

Алақан: Әр оқушы өз алақанын берілген қағазға түрлі-түсті маркермен салып, астына атын жазады да, орындықтарына қойып, қасындағы оқушының қағазына, яғни алақанның ішіне сол оқушыдан байқаған жақсы мінезін, қасиетін, тілегін жазып шеңбер бойынша жазып шығады. (Өз алақанына келгенше).
Бекіту: Алған әсерлері, көңіл-күйлері сұралады.
Қорытынды сөз: Адам денсаулығына жасы қарым-қатынастың әсері мол. Қасындағы адамдармен, туған -туыспен, достарыңмен, танысыңмен әрдайыммен жақсы қатынаста болған нағыз мейірімділіктің белгісі.
Халықта мынадай даналық сөз бар: «Адамдардың саған қалай қарағанын қаласаң, басқаларға да солай қара».


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2021
658
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12