400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Жақсы көруді үйренеміз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділік: Оқушыларды айналасындағы бәрін жақсы көруге үйрету 2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы достық қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Өзін – өзі тану

Сыныбы: 2

Тақырыбы: №23. Жақсы көруді үйренеміз

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: ; бәрін жақсы көру; достық; татулық

Мақсаты: Оқушыларға жақсы көруді үйрету арқылы, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларды айналасындағы бәрін жақсы көруге үйрету

2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы достық қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1. bilim-all.kz

2.www.zharar.com

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Жағымды күйге келу. Нұрға бөлену.

2. Үйге тапсырманы тексеру

1. № 22 – сабақ. «Досыңа сыйла» сурет салу.

2. Келесі сабақ. №23, Лариса Кобзеваның «Шынайы сүйіспеншілік» әңгімесін оқып келу.

1. Адам өз сүйіспеншілігін қалай білдіре алады?
2. Бәріне сүйіспеншілікпен қарайтын адам, қандай адам? Әңгімелеп беріңдер.
3. Жақындарыңа, достарыңа, айналадағы адамдарға сүйіспеншілігіңді іспен қалай көрсете аласыңдар

5Т-ережесі

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.


3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға 1 рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Кімде-кім жақсы көрсе, сол күшті.
Нақыл сөз

Сұрақтар:

1. Жақсы көру дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?


4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Ақ тиіннің ақылы

Қалың орман ішінде бір аю өмір сүреді. Оның кішкентай ғана сүйкімді қонжығы болады. Қонжыққа айналасындағы заттардың бәрі қызық болып көрінетін. Бір күні ол араның ұясын көреді. Қонжық араның балын жегісі келіп, жанталасып ұяны бұза бастайды. Мұны ағаштың басында отырған ақ тиін көріп қалады да:

  • Ей қонжық! Сен не істеп жатырсың? Обал емес пе? Олар күндіз-түні дамыл таппай еңбек етеді. Ал сен болсаң, олардың ұясын бұзып жатырсың? – дейді.

Қонжық ойланып қалады да, сәлден кейін:

- Мен балды өте жақсы көремін, - деп жауап береді.

- Жақсы көргеннен бәріне де жақсы болуы керек: саған да, оғанда. Ал сенің жақсы көруің оларға тек жамандық әкеліп жатыр,- деді ақ тиін.

- Енді не істейін? – деді ұялып қалған қонжық.

- Әрине бал өте тәтті. Бірақ араның ұясын бұзбай-ақ тәтті табуға болады ғой.

- Қалайша? – деп сұрады қонжық таң қалып.

- Байқап қарасаң, орманда тәтті зат көп. Әне түйежапырақтардың астында құлпынай өсіп тұр. Мына теректің түбі таңқурайға тұнып тұр. Жеп көрсең, дәмі аузыңнан кетпейді.

Қонжық содан бері араның ұясын бұзбай жеміс-жидектермен қоректенетін болды.

Сұрақтар:

1. Қонжықтың бойынан қандай қасиеттер көрдіңдер?

2. Ақ тиынның «Жақсы көргеннен бәріне де жақсы болуы керек: саған да, оған да» айтқан сөзін қалай түсінесіңдер?

3. Сендердің бойларыңда қандай жақсы қасиеттер бар?

4. Өз қателіктеріңді түсініп, дұрыс емес әрекеттеріңді түзеген кездерің болды ма?


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Тапсырма: Риясыз сүйіспеншіліктеріңді сахналап
көрсетіңдер.
1 – топ: үй-ішіңе
2 – топ: туған-туыстарыңа
3 – топ: көршілеріңе
4 – топ: қонақтарға.


6. Топпен ән айту.

Құттықтаймын мама, туған күніңмен!
Өлеңін жазған: Мұқағали Мақатаев
Әнін жазған: Нұрғиса Тілендиев
Нұрын төккен маған,
Шуағымсың – сен!
Айналайын, мама,
Қуанышыңмен!
Шаттандырған мені,
Жұбанышым – сен!
Құттықтаймын сені,
Туған күніңмен!
Аялаған мені,
Ән қанатымен.
Құттықтаймын сені,
Салтанатыңмен!
Бақытты ғой заман,
Қандай көңілді!
Мен тілеймін саған,
Ұзақ өмірді!


7. Үй тапсырмасы.

1. №23 – сабақ.Төменде ұсынылған сөйлемдерді жалғастырып жазыңдар.
Мен ата-анамды сүйемін, өйткені...
Мен отбасымды сүйемін, өйткені...
Мен Отанымды сүйемін, өйткені...
Мен мектебімді сүйемін, өйткені...
Мен табиғатты сүйемін, өйткені...
Мен әлемді сүйемін, өйткені... .

2. Келесі сабақ. №24, Михаил Андриановтың «Шегіргүл мен Бәйшешек» мәтінін оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 ақпан
664
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі