400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жақсы мен жаман сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы: Жақсы мен жаман
Сабақтың мақсаты: Адамның жақсы мен жаман қасиеттерін саралай білуге үйрету; сөздік қорларын молайту. Адамгершілікке тәрбиелеу. Диалогтік оқыту модулін тиімді пайдалану.

Мәтінді түсініп оқу, сұрақ қоя білу, жауап бере алу. Көптік жалғауы жалғанбайтын сөздерді білу.
Сабақта қолданылатын материалдар: оқулық, сөздік, мақал-мәтел
Оқыту әдістері: Жаңа әдістер: сұрақ-жауап, диалог.
СТО, Бағалау, жеке, жұптық, топтық жұмыс
Тапсырмалар: сұрақ қою, жауап беру, постер салу, оқылым, жазылым, айтылым, рефлексия жасау

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: аралас

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу.
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (3 мин) Мұғалімнің іс-әрекеті. Оқушының іс-әрекеті. «Тілек айту» арқылы сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру. Ортаға шығып бір-бірін тілек айту арқылы көңіл-күйлерін көтеру.

Топ ережесін еске түсіру.

Бір-бірімізге көмектесу, кедергі жасамау;

Бір-бірімізді тыңдау, сөзімізді бөлмеу;

Бір-бірімізді критерий бойынша әділ бағалау.

Тіл дамыту. Өткен сабақты қайталау.

Оқушылар бір-біріне сұрақ қоюы.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

«Мүсінші Мысық» атты мәтін. Деңгейлік тапсырма.

  1. Диалог құру;

  2. «Шоқан – менің сүйікті кейіпкерім», «Мысық – менің сүйікті кейіпкерім» тақырыптары бойынша шағын шығарма жазу.

  • Мәтінде кімдер туралы айтылған?

  • Бұл мәтіннен не түсіндіңдер?

  • Уәдесінде тұру дегенді қалай түсінесіңдер?

Кесте бойынша өткен сабақты бекіту, жаңа сабаққа көшу.

Кестені жеке-жеке толтыртып, кімнің көп сөз білетінін тексеру. Әр оқушы қанша сөз жазғанын оқу.

Жақсы мінез

Жаман мінез

 


Сонымен, “Жақсы” деген не?, “Жаман деген не?”

Ендеше, балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Жақсы мен жаман» деп аталады.

Адам бойында жақсы-жаман қасиеттер болады. Жақсылық жасау дегеніміз – адамдарға, айналаға, табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасау, көмек көрсету, т.т.

Сабақтың мақсатын естеріне салу. Мақсат не болып еді?
Негізгі мақсат: мәтінді түсініп оқу, сұрақ қоя білу, жауап бере алу. Көптік жалғауы жалғанбайтын сөздерді білу.

ІІІ. Жаңа сабақ (10 мин). Сөздікпен жұмыс.

Риза болу → быть довольным.

Күннің нұры → лучи солнца.

Арам шөп → сорная трава; сорняк.  

Көңіл күйі → настроение.

Айтылуы, жазылуына назар аудару. Мұғалімнің оқуы, хормен оқу.

Сөз тіркестерін құру, дәптерлеріне жазу.

Мәтінмен жұмыс.137-бет, 2-тапсырма.

Мұғалімнің оқуы, оқушылардың өз беттерінше оқуы.

1,2,3 сандары арқылы топты бөліп, тапсырма (мәтіннен көптік жалғауы жалғанбайтын сөздерді тауып сөз тіркестерін құру, мақалды табу, мағынасын ашу) беремін. Мәтінді постерге түсіреді, оны қорғайды. Әр топ бір-біріне сұрақтар қояды. Бір-бірін ... бағалайды.

Гүлдің көңіл күйі

Ұсқынсыз шөптің сөзі

Үлкен гүлдің сөзі

Мәтіннен қорытынды сөзді табу. Бір оқушы түсіндіру.

«Жақсы сөз – жарым ырыс»

«Өмірде жақсылар да, жамандар да бар екен-ау». (қалай түсінеміз?)

Мұғалімнің сөзі. Мақал-мәтелдермен қорытындылау.

«Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат» 

(от хорошего человека исходит добро, от плохого – вред)

«Жақсыға ерсең, жетерсің мұратқа,
Жаманға ерсең, қаларсың ұятқа».

Келесі тапсырма: 139-бет, 4-тапсырма.

Сосын өз-өздерін тексеріп, критерий бойынша бағалайды.

IV. Қорытындылау (5 мин).

Мақсатымыз не болып еді? Мақсатымызға жеттік пе? Не өттік? Не білдік?
Бір-біріне сұрақ қойдыру арқылы өздеріне бағалату. Өзін-өзі критериалды бағалау.
V. Үйге тапсырма беру (2 мин). 139-беттегі деңгейлік тапсырма.
VI. Бағалау (5 мин) Жиынтық бағалау.
VII. Рефлексия.
«Екі жұлдыз, бір тілек». Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикер
арқылы жеткізу.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 қараша
994
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі