Жақсы мінез

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жақсы мінез

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам баласының мінезі туралы, оқушылапға дәріптеу сабағы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жақсы мінез – жан сұлулығы


Сабақтың мақсаты:

 1. Адам қарым-қатынасындағы жақсылық ұғымы  туралы түсінік беру.

 2.Оқушылардың арасында жақсылық пен жамандық сезімдерін  дамытуға ықпал  ету

3.Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шыншылдыққа, адалдыққа,  жақсылық жасай білуге тәрбиелеу

 

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

 

Сабақ әдісі:әңгімелесу,тапсырма,ойын

 

Сабақтың көрнекілігі:суреттер, карточкалар, әр-түрлі суреттер

Сабақтың барысы:


   «Сәлемдесу» ойыны.

Балалар, қане, бір – бірімізбен ерекше амандасайық. Қазір біз сіздермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір біріңмен тез тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен... қолмен... иықпен... құлақпен... тіземен... өкшемен... арқамен.

                  

Мұғалім: – Балалар, «Жақсылыққа жақсылық әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық ер адамның ісі» деп қазақ бабамыз айтқандай, біздің бүгінгі сабағымыз «Жақсылық жасай білейік» деп аталады. Жақсы сөз жарым ырыс. Жақсы сөз естісең, жаның жадырап сала береді. Жақсы сөз ашу шақырмайды, жүрегіңді жылытады, тек қана жақсылыққа жеткізеді, бақытқа кенелтеді, қуанышқа бөлейді.

Видео роликтер көрсетіледі


Әңгімелесу.

• Балалар, жақсылық деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

• Жақсылық жасау деген не?

• Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?

• Жаман адамның бойында қандай қасиеттер болады?

• Өздеріңнің жақсылық істерің туралы естеріңе түсіріп айтып беріңдер?

- «Жақсылық жасау» дегенді қалай түсінесің?

- Өзің қандай жақсылық жасай аласың?

- Жақсылық жасауды қайдан үйрендің?

- «Жақсы ісің алдыңнан шығады» дегенді қалай түсінесің?

Көрініс (екі топ оқушылары көрініс қояды)

Тапсырма:

-Балалар, жақсылық жасайтын кісілердің бойында қандай қасиеттер болады?

1 топ «Жақсылық үйін құрастырыңыздар» Үйдің бөлшегіне жақсылық жасайтын адамның бойындағы қасиеттерді саралап жазып құрастырыңыздар.

2 топ «Жақсылық гүлін құрастырыңдар» гүлдің бөлшегіне жақсылық жасайтын адамның қасиеттерін жазып, құрастыру.


Мақал-мәтел жарысы


1.Жаманмен салысып,  .....болмайсың. (жақсы)

2.Жаманға оқ өтсе де - .....өтпейді. (сөз)

3.Жақсылық - .....тұрмайды, (ұзақ)

    Жамандық - әркез тозбайды. 

4.Жақсы - жаны .....тыңдайды. (еріп)

5.Жақсының - .....ашық. (жолы)

6.Жақсылыққа жақсылық - .....кісінің ісі, (әр)

жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі. 

 7.Жақсыда .....жоқ. (жаттық) 

 8.Жаманнан туған жақсы бар - атасын айтса нанғысыз, 

     жақсыдан туған..... - бір асым етке алғысыз.   (жаман бар)

 9.Жаманменен дос болсаң - сыртыңнан жүрер.......   (өсектеп)

 10.Жақсыдан болат ұл туса - жауырынынан өтін алса да, 

..... жалынбас. (жамандарға)

11.Дүние жеткізбейді ойласаң да, 

     Жақсы артық әзілдесіп .....да. (ойнасаң)

12.Ауыл малы бұралқы - ақылы жоқ.......   (жаманға)

     Қайын болмас - қабанда, тойым болмас - жаманда. 

13.Жолдас болсаң .....- жолың жетер Қырымға,  (жақсымен)

     Топқа кірсең әркіммен - таласарсың орынға. 

 14.Ісің түссе .....- қолы кетпес жағаңнан. (жаманға)

 


Ойын – жаттығу

Жоғарыда айтылған ойды бекіте түсу мақсатында «Мейірімді жүрек» атты ойын ұйымдастыру.

Оқушыларға қатты қағаздан әдемі етіп жасалған түрлі кескіндердің ( гүлдің, жүрекшенің, көбелектің ) үлгісі таратылып беріледі. Әр оқушы қасындағы көршісінің жақсы қасиетін білдіретін сөздерді айтып, сыйға тартады.



Күн шуағы

- Ата - анасына, туыстарына, достарына, жақындарына, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімдерін жақсы тілектерімен білдіреді.

- Мейірімді анама ұзақ ғұмыр тілеймін.

- Кең пейіл далама тыныштық тілеймін.

- Өнерлі балаларға талмас қанат тілеймін.

- Талапты достарыма табыс тілеймін.

- Сыныптастарыма амандық тілеймін.

- Отбасыма бақыт тілеймін.

Бір – біріне жақсы ақ тілектер тілейді:

Жақсылығымыз жақын болсын!

Жаманды жуытпа, жақсыны ұмытпа!

Жақсы сөз – жарым ырыс!

Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын!

Жақсыға жамандық жуымайды!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.02.2023
377
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі