жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Жақсы ойланып жастарым, Мұның да байқа салмағын!»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ МИНИСТРЛІГІ
№78 ЖОББМ
топтық сайыс
Тақырыбы:
«Жақсы ойланып жастарым,
Мұның да байқа салмағын!»
4 «б-в» сыныптар
Көркем еңбек пәні
Пән мұғалімі:Тулеметова.У.О
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ
Сыныптар:4 «Б-В»
Сайыстың тақырыбы:Жақсы ойланып жастарым,
Мұның да байқа салмағын!» ( топтық сайыс)
Сайыстың мақсаты:
Оқушыларға көркем еңбектің өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету. Олардың дүние танымын, эстетикалық талғамын кеңейту.
Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын дамыту.
Жалпы өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Жарыс-сайыс сабақ, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, құрастыру, тақырыпқа сурет салу.
Көрнекілігі: Слайдтар, құрастырма суреттер, түрлі-түсті суреттер.
Пәнаралық байланыс: Музыка, әдебиеттік оқумен
Құрал-жабдықтар: Плакат, қарындаш, қайшы, желім, акварель, қылқалам. гуащь,А4қағаз,ермексаз,топқа керекті тағы басқа материалдар.
Сайыстың барысы:
I Ұйымдастыру.
II Оқушыларды төрт топқа бөлу.(1-4 санау арқылы)
1.Кесіндеме тобы
2 Мүсін тобы
3.Дизайн тобы
4.Аппликация тобы
ІІІ Сайыс мындай төрт бөлімнен тұрады
1.Білім шыңы( сұрақ-жауап)
2.Жанрларды тап
3.Абай атамыздың төрт мезгілге жазған өлеңдері (жатқа айту)
4.Шебер сынып (практикалық жұмыс)
Армысыздар құрметті ұстаздар, сайсымызға қатысушы жас өркен!
Бүгін көркем еңбек пәнінен 4 «б – в»сынып оқушыларының «Жақсы ойланып жастарым,Мұның да байқа салмағын» атты сайысына қош келдіңіздер!
Ортамызда төрт топ сайысқа түскелі отыр. Ендеше сайысымызды бастаймыз.
1.Білім шыңы( сұрақ-жауап)
1.Біздің еліміздің табиғатты өте керемет екендігін білесіңдер. Сондықтанда оларды біз қорғаумыз керек.
Қазақстанда қорғалатын қорықтарды ата.
2.Табиғат көрінісін бейнелеген кезде сақталатын заңдылық.Ол қандай заңдылықтар.
3.Табиғатты көрінісін бейнелеген кездегі түстердің қанықтығы сақталу керек.
Ол қандай қанық түстер
4.Еліміздің тарихи-мәдени мұралары туралы не айта аласын.
Айша бибі мен Бабажан хатуын кесенелері қай ғасырда салынған.Кесені кім салдырған?
5.Ашықхаттар не үшін қажет деп ойлайсын.
Ашықхаттардың шығу тарихы туралы не айтуға болады.
6.Киіз үйдің құрылысы туралы не айтуға болады.Үй жиһаздарын мен төсеніш туралы түсінік.
7.Ою-өрнектер неше топқа бөлінеді.Космологиялық оюлар деген не?
8.Қазақ әйелінің ұлттық киімдерін ата.Ерлердің ұлттық киімдерін ата
9.Қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдар туралы түсінік бер.
10.Табиғи құбылыстар білесіңдер.
Бұл бөлімнен сүрінбей өткендер үшін.Абай Құнанбаевтың 175 жылдығыны арнап, қара сөздерді әр бір топқа беріледі.Топ оқушысы қара сөзді оқып шығады.
2.Жанрларды тап
Интерактивті тақтада көркем еңбектің түрлі жанрларының суреттері көрсетіледі.Оқушылар қай жанрға жататынынтабады.
3.Абай атамыздың төрт мезгілге жазған өлеңдері (жатқа айту)
Әр топтың оқушылар өздерінің білетін өлеңдерін айтады.Топ мүшелері бағалайды.
4.Шебер сынып (практикалық жұмыс)
1.Кесіндеме тобы өздерінің топтарының атына байланысты «Табиғат көрінісі» А3 фарматқа гуащьпен орындайды.Мысалы:көктем немесе күз мезгілдерінің көрінісін бейнелейді
2 .Мүсін топ мүшелері әр түрлі жан-жануарлардың формаларын пластилинмен орындайды.
3.Дизайн тобы А3 берілген қыздың сурет қарап,оған түрлі-түсті жұмсақ қағазбен киім дизайндарын табады.Киім өте сәнді болуы және өмір талабына сай болу керек.
4.Аппликация тобы түрлі-түсті қағаздан қырқылған жемістерден натюрморт жабыстырады.
Әр топ өз жұмыстарын ортаға шығып таныстырады.Оны бағалайды және тоқтаға ілінеді.
А. Құнанбаевтың өлеңі «Көзімнің қарасы» әні
Орындайтын:Рахматулла Нұрислам
|
Көзімнің
қарасы, |
Қорытынды.
Жас мұраты білім, тәлім талабы
Өнер – оқу жастық қару жарағы – демекші бүгінгі өнер туралы «Жақсы ойланып жастарым,Мұның да байқа салмағын!» атты сайысымыз аяқталды.
Абай атамыздың жеңген топқа мына төмендегі өлеңді жатқа оқытады.
Ғылым таппай мақтанба
Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба, Құмарланып шаттанба Ойнап босқа күлуге. Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз. Тілеуің, өмірің алдыңда, Оған қайғы жесеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ — Бес дұшпаның білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой — Бес асыл іс, көнсеңіз. Жамандық көрсең нәфрәтлі,* Суытып көңіл тыйсаңыз. Жақсылық көрсең ғибрәтлі,* Оны ойға жисаңыз. Ғалым болмай немене, Балалықты қисаңыз? Болмасаң да ұқсап бақ, Бір ғалымды көрсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, Айтпа ғылым сүйсеңіз. Сізге ғылым кім берер, Жанбай жатып сөнсеңіз? Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл берсеңіз. Білгендердің сөзіне Махаббатпен ерсеңіз. Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз. Ақсақал айтты, бай айтты, Кім болса мейлі, сол айтты Ақылменен жеңсеңіз. Надандарға бой берме, Шын сөзбенен өлсеңiз. Аят, хадис емес қой, Күпір* болдың демес қой, Қанша қарсы келсеңіз. Көп орында көріне айтпа, Біздің сөзге ерсеңіз. Мұны
жазған кісінің,
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген