15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жақсы қарым-қатынас жасай аласыз ба?
Жақсы қарым-қатынас жасай аласыз ба?
Т Р Е Н И Н Г
Мақсаты: Оқушыларды айналасындағы адамдармен қоршаған орта, өзін - өзі қалыптастыру барысында талдау жасауда сүйенетін психология саласынан мәлімет беру.
Қажетті құралдар: суреттер, нақыл сөздер, тренинг ережесі, шар, ақ парақ.
Тренинг барысы: психологиялық бағыт беру (жайлы әуен ойнап тұрады).
- Сәлеметсіздер ме, балалар, қадірлі қонақтар! Әрбір адам өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өту үшін «қамшының сабындай қысқа өмірде» адамдардың бір – бірімен сыйластықта болғанына не жетсін! Олай болса, бүгінгі тренингтің осы қарым – қатынас жасай білу үлкен өнер екенін кеңінен ұғынуға мүмкіндік береді.
Адамның қарым- қатынасы оның көңіл- күйіне байланысты. Көңіл – күй адамның ішкі айнасы.
- Ал қанеки құрметті оқушылар барлығымыз алдымыздағы ақ қағазға көңіл – күйімізді түсіріп көрейік. Адам мен табиғат ұқсас, егіз ұғымдар. Әрқайсымыздың көңіл - күйімізді табиғат тәрізді, бірде бұлттанады, бірде шайдай ашылады, бірде жауындатады, бірде түнереді, т.т табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып, қағаз бетіне түсірейік.
Қарым – қатынас жасау арқылы адамдар айналадағы дүниеден мәлімет алады, жан – дүниесі кеңейеді, білімі тереңдейді. Адамдармен қарым – қатынас жасау шеберлігі адамның ішкі мәдениетіне, біліміне, тәрбиесіне байланысты болады десек артық емес.
Ендеше, қарым – қатынасқа түсу үшін орнымыздан тұрып, шеңбер жасайық.Қолдарымыздан ұстап атымыздың бас әрпін сын есімдермен тіркестіріп айтамыз.
Мысалы: қажырлы Қанат, көрікті Кәмшат т.с.
Кейде отбасында, жүрген ортамызда көпшілік орындарда түсініспеушілік, кикілжің ерегіс жағдайлармен бетпе- бет кездесіп қаламыз.Кикілжіңнің неден шығатынын, кикілжіңді болдырмау, одан шығу жолдары бар ма, сол тұрғыда жұмысымызды жалғастырайық. Ортаға 3 топ әр топта 3 адамнан болуы керек.
Берілген тапсырма бойынша тапсырманы 2-3 минут ішінде топ мүшелері рөлдік ойынмен көрсетулері керек.
Ситауция:
а)Достар арасындағы кикілжің , шешу жолын көрсет.
ә) Ата – мен бала арасындағы түсініспеушілік және одан шығудың қандай тиімді жолы бар?
б) Мұғалім мен оқушы арасындағы келіспеушілік. Қандай оң шешем жасап, жол табуға болады?
Тренингте отырған қонақтарға ортақ сұрақтар қою:
Кімдермен жиі кикілжіңге келеміз?
Кикілжің шығу себебі неде?
Қай топ кикілжіңнің шешілу жолын дұрыс көрсетті деп ойлайсыздар? Өзің қалай шешер едің?
IV Ойын - жаттығу «Жақын танысу»
Оқушыларға әр түсті шарлар таратылады түстері сәйкес келсе , жұп құрып ортаға вальс билейді. 2- минут уақыт ішінде бір- бірін жақын білу үшін жеке сұрақтармен жақынырақ тани түседі.
Би аяқталған соң жұптарға сыңары туралы отырғандар жекелеген сұрақтар қояды. Кім дұрыс, ұтымды жауап берсе, сол ұтып жеңіске жетеді.
V. Адамдар қарым – қатынаста кейбір қиыншылықтарға кездеседі. Қиын қарым – қатынас адамдардың өзара түсініспеушілік жағдайында шынайы байқалады.
Адамдар арасындағы келіспеушілікті болдырмау үшін, екі жақ бір келісімге келуі тиіс.
Соған байланысты тұрмыста болатын әр – түрлі кикілжіңді жағдайлардан қалай шығуға болатынын ойланып, жауап беріп көрейік (ситуациялық жағдайларды бейнелеген суреттер).
V Адамдармен қарым – қатынаста бет - әлпет, қас- қабақ, дауыс маңызды қызмет атқарады. «Қонаққа тамақ бермес бұрын қабағыңды бер» қағидаға негізделеді. Қонақжай кеңпейіл халқымыз әр кез осы жағдайды ұстанған.
Ортаға 7 адам шығып, сұрақтарға сай әр түрлі көңіл – күйді белгілейді.
С И Т У А Ц И Я
а) ойланып тұрған адамның бет- әлпет кескіні.
ә)Ренжіп тұрған адамның бет - әлпеті
б)Қайғылы адамның бет – жүзі
в)Ашулы адамның бет - әлпетін бейнеле
г)Таңданған кейіп көрсету
д) өкініп тұрған адамның бет- әлпеті
е) Қуанып тұрған адамның бет - әлпеті
Адамның ары таза, ақ, ниеті түзу болса, ол еш уақытта жамандық ойламайды. Бұл ізгілікті қарым – қатынастың бірден – бір жолы.
Осы тұрғыда сіздерге
Жақсы қарым-қатынас орнатудың 21 ережесін ұсынамын
Қарым-қатынас бұл табыс пен мақсаттарды іске асыруға жетелейтін негізгі құрал. Жарасымды қарым-қатынас орнатудың 21 ережесін қарастырып көрейікші.
1 Ыңғайы келсе адамды қолдап, мадақтап тұрыңыз. Сіздің қолпаштауыңыз оларға күш-қуат береді.
2 Ешкімді ешқашан келемеждеп,қорламаңыз.
3 Адам жайлы тек жақсы нәрсе айтыңыз.Егер ол жайлы жақсы ештеңе айта алмасаңыз, онда үндемегеніңіз дұрыс.
4 Адамдардың ісіне зейін салып қараңыз. Сонда жағымпаздануды емес, шын мақтауға себеп табылады.
5 Адамның жақсы қасиеттерін көбірек байқауға тырысыңыз.Егер ол адам сіздің көзіңізге әлі бекзаттық пен ақылын көрсете қоймаса,оны бәрібір сондай адам ретінде қабылдаңыз. Сол кезде ол адам міндетті түрде соған сай болуға тырысады.
6 Адамдарды сынап-мінемеңіз. Егер сынағыңыз келіп бара жатса, онда оның тек ісін сынаңыз,жеке басын емес.
7 Үнемі басқа адамдардан артықшылығыңызды көрсетіп жүруден аулақ болыңыз.Бұлай тек дұшпандарыңызды көбейтіп аласыз. Адамдармен дос болғыңыз келсе, онда адам сіздің жаныңызда өзінің маңыздылығын сезінсін.
8 Әрдайым өз қателіктерңіз бен кінәларыңызды байқап жүріңіз және кешірім сұраңыз.
9 Елдер сізді тыңдасын десеңіз,онда бұйырып емес, ұсынып үйреніңіз.
10 Ашулану-бұл адамның көмек пен қолдауға зәру екендігін білдіреді.Сондықтан адамның мұндай күйіне түсіністікпен қарауға тырысыңыз.
11 Тыңдап үйреніңіз және аз сөйлеңіз.
12 Кейде жақсы ойды, идеяны әңгімелеушіңіз айтқандай, басымдық беріңіз. Кімнің бірінші айтқаны маңызды емес қой, маңыздысы-жақсы нәтиже шығару.
13. Егер әңгімелесушіңіздің ойы қате болса,онда оның сөзін бөліп, тоқтатамын деп ойламаңыз. Өз ойын айтып бітпейінше, ол бәрібір райынан қайтпайды.
14Кез келген ұрысты тоқтату үшін, бәлкім менікі дұрыс емес дей салыңыз.Сонда жанжалдың неден шыққаны да ұрыс та тыйылады.
15 Адамдарға еш себепсіз жиі сыйлық жасап тұрыңыз. Бұл сіздің еш мейрамға қарамай, адамды әрдайым қуантқыңыз келетінін көрсетеді.
16 Егер сіздің бірдеңеге ашуыңыз келіп тұрса,сабырлық танытыңыз,үндемеңіз,эмоцияңызды іште сақтаңыз.Бәрін шорт кесуден аулақ болыңыз.Жай ғана адамға ойындағысын айтуға, ісін түсіндіруге мүмкіндік беріңіз, ал сосын өзіңізге жағатын сөздеріне мән беріңіз.Әңгіме біткен соң, оның сөздерін тағы саралап көремін деңіз.
17 Адамдарға қызық боламын деп емес, оларға қызығып өмір сүріңіз.
18 Жымиып жүріңіз.
19 Адамды толық атымен атаңыз.Осылайша, оның жеке басына сыластығыңызды білдіресіз.
20 Әңгімені аяқтағанда, әңгімелесуші жақсы көңіл күйде қалғанын қадағалаңыз.
21 Кешірімді болыңыз.
Қорытынды.
Сонымен Абай атамыздың «Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе- оның басқа адамдармен қарым- қатынасы» деген сөзімен аяқтай отырып тенингімізге қатысып, ойларыңызды білдіргендеріңізге рахмет айтамыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген