Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жақсы қасиет бақыт

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамдардың қасиеттері мен міне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Жақсы қасиет- бақыт кілті

Мақсаты: Пікірсайыс тудыра отырып өз ойларын дәлелдеп, фактілерге сүйене отырып айтуға, басқа пәндерден алған білім «Адам және қоғам» пәні мен байланыстыра өз бетінше ойлай білуге дағдыландыру, оқушыларды қайырымдылыққа, әдептілік, сыпайылық, инабаттылық, кішіге қамқор, үлкенге құрметпен ізетті болуға тәрбиелеу; сыныптас құрбыларының қадірін білуге, өзара сыйластық орнатуға, ата-баба салтын қастерлеуге тәрбиелеу; оқушыларды адамгершілікке, жүйелі ойлауға, топ болып жұмыс істеуге дағдыландыру.

Көрнектілігі: нақыл сөздер, сұрақтар, сөзжұмбақ, слайд арқылы дайындалған материалдар.


  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. Атадан ұлағат, анадан ғибрат.

  3. Адамның жақсы- жаман қасиеттері. Сен қандайсың?..

  4. Бабалар баланы қалай тәрбиелеген?

  5. Ырым-тыйым – ұлағат көзі.

  6. Оқушылардың шығармашылық жұмысы.

  7. Сұрақтар арқылы ой толғау.

  8. Қорытындылау.


Барысы.

Мұғалім: Қазіргі заман қыз тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып ұлтты тәрбиелейміз» деп бекер айтылмаса керек. Халқымызда ерте кезден- ақ адамгершілікті, әдепті жоғары бағалай білген. Отбасы-қоғамның бір бөлшегі, ол отбасының алтын қазығы-әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі-өнеге көрген қыз бала қайда болсада, келін болғанда да көргенділігін көрсетеді. Ал жақсы тәрбие алған ұлдар жау келгенде де жайдақ атқа міне шабатын өжет, батыл, адал, жеріне, туған халқына ыстық ықыласты, үлкенге де, кішіге де қамқор бола білген ғой. Әдептілік, инабаттылық, силасу жағына халқымыз алдына жан салмаған. Бір өкініштісі: уақыт өткен сайын осынау асыл қасиеттерімізден айырылып бара жатқандаймыз. Ұлттық ізгі дәстүрімізді ескіліктің қалдығы деп мұрын шүйіре қарамай, осы заманға лайықтысын таңдап алып, инабатты қыз, ұлағатты ұл тәрбиелеу-ата-ананың да, ұстаздар қауымының да міндеті. Енді осы мәселе төңірегінде ой өрбітсек, оқушыларымыз не дер екен?..

II. Атадан ұлағат, анадан ғибрат


Айбек : Әрбір қыз бала бойжеткен, әке- шешесінің ортасында бұлғақтаған дәуренін қалдырып, басқа бір үйге келін болып түседі. Өз шаңырағын көтеріп, үй мен шаруаға иелік етіп түтін түтетеді, ана болып өмірге перзент әкеледі. Жар құшып, ана болу-қыз баланың мақтанышы әрі бақыты.

Назерке: Қыз баланың сол күнге дайындық ретінде өз үйінде жүріп үйренетін өнегелері мен өтетін міндеттері аз болмайды. Олардың барлығы қосыла келе келін болу әдетін құрайды.

Айгерім: Сол өмірге мойын ұстаны, ынта қойып үйрене, даярлану- көрегенділіктің белгісі. Қыз бала оң жақта отырғанда-ақ келін болып түскенде атқаратын ауыр да ардақты міндеттерді, аттап өтуге болмайтын әдеп-инабаттылық талаптары жайында жақсы хабарлар болуы керек. Әсіресе қыз анасы, жеңгелері үй шаруасына икемділік, ісмерлік, жүріс-тұрыс сыпайылығы, ширақтылығы, әсемдігі, жинақылық пен тазалық өз бойын күту мен ашық қабақтылық, ілтипаттылық пен қамқорлық, барған жеріне, үлкендеріне ізеттілік, құрбылармен татулық, сыйластық туралы үйретіп, жүрегімізге ұялатуға күш салады.

Мадина: Қыз бала той-томалақ, көп адам жиналған жерде көзге түседі, сыналады. Осындайда өзінің ұстамдылығымен, жарқын жүзді сыпайылығымен, жинақы, ширақ жүріс-тұрысымен, сергек-сезімталдық ептілігімен, сөзге ұсталығымен көзге түсіп, жұртты тамсандырады.

Ернар: Ал мұндай жақсы атақтың қыз баланың болашағы үшін маңызы зор. Ұят, әдеп жоралғыларын белден басып, отырғанда, тұрғанда өзінің жаратылысын ескермейтіе, қызға, келінге жарасатын қымсыну, қызару, тартыну, имену деген ойына кіріп-шықпайтын қыз өзіне ғана емес ата-ана, бауыр-туғандарына сөз келтіріп, жерге қаратады. Сондықтан қыз ибасы, қыз әдебі дегенге жеңіл-желпі қарауға болмайды. Олай болмаса, Пайғамбарымыз «Кемінде үш қыз перзент болып, тәрбиелеп, бой жеткізуінен бейішке бірге барамын» дер ме еді.

Айдана: Қыздың демек болашақ келіннің қолынан іс келуі-міндетті жағдай. Айналадағы адамдарды сыйлау ата-ананы құрметтеуден басталады. Әке- шешесін, бауырларын құрметтеп, қадірлей алмаған адам өзге ешкімді де сыйлап жарытпайды. Еш уақытта ата-анаңа қарсы келме, ұстаздарға шапылдап, бетінен алма, сөз қайтарма, бұл сенің отбасынан алған тәрбиеңді көрсететінін ұмытпа?

Төребек: Ер бала еңбекке ерте бейімделді. Сөйтіп ауылдың ересек балаларымен, құрбыларымен, ағалары, әкелерімен бірге шаруашылыққа қарауға, әңгіме тыңдап, ертегі айтуға, өлең айтып, жігіт сегіз қырлы, бір сырлы болсын дегені тегін емес.

Гүлдана: қазақ отбасында ер баланы тәрбиелеуде әкенің рөлі үлкен сондықтан өз ұлына бар өнерін, естіген – білгенін түгел үйретуге тырысқан. Ал әр ұлт өз тарапынан ағаға, әкеге еліктеген.

Наурызбек: «Ата-бабаға сыншы» демекші, әке өз балаларының жеке ерекшеліктерін, қандай іске, өнерге бетімдігін ерте еңғарып, шамасы келгенше баласының бойындағы табғи қасиеттерін дамытуға күш салған. Мәселен, сөз, ұғарлық ойлы болса, ел адамы етуді көздеп, жақсыларға жақындастырылады. Ән мен күй өнерінің нышаны болса сал-серілеге ерітеді, ал шаруашылық мүмкіндігі болса, үй шаруашылығының тізгінін соған беріп баулыған.

Жазира: Парасатты әке балаларына ата-бабаларының іс - әрекетінің үлгі боларлық өнерін айтып, ағайынның туыстық, жақындық қатынасын түсіндіріп, ататегі туралы айтып отыруды парыз санаған.

Меңдіқали: Ұл бала- қазақша шаңырақ иесі, ер азамат,ата-ананың түтінін түтетуші. Ер бала өз ата-анасына, іні-қарындастарына қамқоршы ел қорғаны болып саналады. Қазақ қызын ұзатып, үйлендірген, құда түсіп, құдасын құдайындай сыйлаған. «қызының өссе қызы жақсымен, ұлың өссе ұлы жақсымен ауылдас бол» деп бекер айтпаса керек.

Адамның жақсы-жаман қасиеттері. Сен қандайсың?..


Өмірдегі бағыттың да, іс-қаракетінің де өз бойыңа үңілуден болады. Әркімде ерекше көзге түсетін бір қасиет болады. Сол қасиет қастерленсе оның қолынан келмеитін нәрсе жоқ өзінің көздеген мақсатына жетеді. Талантсыз адам жоқ, өз орнын таппайтын адам бар. Қабілеттіліктің көзге көрінуіне себептігін тигізетін-от басы мектеп, жолдастары, ұғым. Ал негізінде бәріне ізденімпаз адамның өзі түрткі болуы керек.

Адам басқа нәрсеге бейімделуі үшін ең әуелі өз шамасын өзі білуі тиіс. Ықыластығын шаршағыштығын, бірдеңенің қисынын келтіргіштігін, зер шалғыштығын сұрақ қою жолымен байқауға болады. Сұрақтар арқылы ойдың айқындығы, зеректігі, тәжірибе мен білім анықталады. Кемшіліксіз адам жоқ. алдымен адам өзін білуі қажет. Ол үшін өзіңді өзің мұқият тексер, толық зерітте. Осыдан барып өзіңді өзің тәрбиелеу, өзіңді дамыту, өзіңді өзің жетілдіру басталады.

Өзне өзі баға беруге әркімнің батылы бара бермейді. Кейбіреу өзіне баға береді, ал өте төмен баға беруі- санасының төмендігі, өзіне сенбейтіндігі. Өзіңдегі не нәрсені күшейтіп нені басып отыру керектігі қолыңда екендігін ұмытпа. өзін өзі түсінген дана, өзін жеңген-қаһарман.

Махаббат- ыстық сезім, бірақ оған ақыл, естілік әмірші болуға тиіс. Қыздың қатаңдығы мен талап қойғыштығы бар жерде жігіт нағыз еркек болып шығады. Әйелін көңілдесің емес бүкіл ғұмырлық досың әрі серігің. «Қалыңдығыңа қалай қарадың әйеліңеде солай қара деген орыстың демократ-революционері Н.Г. Черншевский «Күллі адам басын қор қылатын әуелі – надандық, сосын- еріншектік, үшінші-зұлымдық». Өмірлік жолыңа ар- ұятың серік болсын. Ақыл болмаса тек сыртқы сұлулық жануарларға да тән нәрсе.

Қай азаматта болмасын болаттан берік серті, айбары мықты анты болмаса, оның жер басып жүргенінде еш пәтуа жоқ. Біздің қазақ қашан да болмасын жігітті сертіне қарап сынаған. Жігіт деп сөзіне тұрақты, ойға алғанын орындамай тынбайтын, ар- намысын жібермейтін адамды айтады «Мігіт» деп күн көру, құлқын үшін жүрген еркекті айтады. Өмір ащыны бермесе, тәттіні білер ме едік? Қайғыны қайғырып жеңген адам жоқ, тоздырып жеңген бар.

Нағыз адамға тән қасиеттер


1. Ұғымды, ойлы ететін зерде-зейінің.

2. Сені өрге сүйрейтін- өнер-өрісің.

3. Тек ілгері бастаитын-талабың.

4. Еш қашан алдамаитын-тапқырлығы.

5. Қиындықты саналатын- қайратың.

6. Бәрінен де күшті-білімің.

Ер жігіттің айнымас серіктері: өмірлік жарың-жұбаиың, мінген атың-пырағың, парсатың-ақылың.

Жігіттің жолын кесіп, аяғына тұсау болатын жаулары:

  1. Жалқаулық

  2. Аңқаулық

  3. Жасқаншақтық

  4. Пысықтық

  5. Сужұқпас суайттық

  6. Өсекшілік

  7. Мылжыңдық.

Осы қысқы өмірде орны толмайтын үш нәрсе бар.

Ол-ата-ана бала. Бір ұрпақ келіп, бір ұрпақ кетеді. Бірақ жер бетінде өмір өлмейді. Өмірді бала қосады Ата-ана асқар тауың. Айналып өтсең жаман, асып түссең жақсы.

Әсел: Бабалар баланы қалай тәрбиелеген? Ата-бабаларымызға ұл балаларын жастайынан ал қорғауға, мал бағуға тәрбиелесе, ал қыздарын «болашақ отау иесі» деп қаршадайынан үй шаруасына икемдеген. Анасы «Сен ертең бір үйді меңгеріп кететін ана боласың. Қолыңнан іс келмесе келтіресің. Сондықтан жастайынан өнердің бәрін үйрене бер «Үйренгенің өзіңе жақсы, істегенің бізге жақсы» деп қызына ине ұстатып іс тігуді үйреткен, құрақ құратып, шілтер тоқытқан, кір жуғызып алаша мен кілем тоқытқан. Үйге қонақ келгенде қазанға қонақтарға лайықты тамақ салғызған. Осылайша әр істің жөн-жобасын үйреткен.

Ертеде қызы жеті жасқа толысымен аналары қызының белін белбеумен буып қоятын. Он екіге келгенде қызының төсегіне дәл жауырынның астынан келетіндей етіп, қос арқан керіп, соған жатқызатынү. Сондықтан ежелден қазақ қыздары аршын төс, сымға тартқан күмістей сымбатты болып өскен.

Қыз он екіге толғанда ата анасы киіз үйдің оң босағасынан орын беріп, оның көрпе төсегін көлегейлеп шымылдық ілген. Бұл дәстүр ел ішінде «Қызын оң жақа шығау» деп атаған. «шымылдық ішінде қыздың үйі- «қосаға», ал осы «қосағаны бүркемелеп тұрған перде «көсеге» делінген. Қызы тұрмысқа шыққанда жасаумен бірге көсегесін де ала кетеді. Қазақта «көсегең көгерсін» деп тілек аиту осыған байланысты қалыптасқан. Ал қызы баланың ұзатылуына алты ай қалғанда жеке үй тігіп, қызын сол отауға бір жеңгесімен бөлек шығарған. Бұл үй «доғалан» деп атаған. Бойжеткен осы үйде ерте тұрып, кеш жатып, өз алдына қазан – ошақ ұстап, қонақ қабылдап үй тіршілігін атқарған.

Алты ай бойы ұзатылар қызды құрбы құрдастары кезекпе-кезек қонаққа шақырып, сырласып, мұңдасып, естелік болсын деп силықтарын беріп алдын ала дайындаған.

Ал әке-шешесінің қызын «доғанға» шығарғандағы мақсаты да осы от басылық тұрмысқа үйрене берсін деген ниет ғой. Төле би бабамыз «жас адамға басты кесір – еріншектік, ортаншы кесір-тіл азарлық , кеиігісі-кежірлік.Осы үш кесір әдет бір адамда болса, ол адам өмір бойы оңбайды» депті. Сондықтан ата-бабаларымыз жасөспірімді жастайынан сергек болып, әр іске беиімді болып өссін деп талап қылған. Сондықтан «Еңбексіз бос жүру адамды маралдық жағынан құлдыраушы-лыққа, жалқаулыққа, зерігушілікке, жұрт еңбегінің есебінен күн көруге әкеп соғады» деген академик ағамыз Төлеген Тәжібаев.

Шаңырақтан кеиінгі ерекше қастерлеитін киіз үйдің бөлшегі-босаға. Жаңа қосылған жас жұбайларға үлкендер «босағаң берік болсын», «Ақ босағадан аттаған келін оң аяғымен енсін» деуі немесе балаларға «Босағаны керме, босағаға бақытсыздық орнайды» деп ырымдап жатуында үлкен мән бар. Босаға киелі, қасиетті деп саналады.

V. Ырым- тыйым –ұлағат көзі.


Қазақтың ырым- тыйымдары


Жансая: Ұнасын, ұнамасын,

Бұзба құстың ұясын.

Ербол: Ұқсама тентек балаға,

Пышақтың жүзін жалама.

Айгерім: Шаршасан сәл-пәл аялда,

Бірақта жерді таянба.

Нұрбол: Құр беталды ермекке

Бос бесікті тербетпе.

Назира:Жақтыр, мейлің жақтырма,

Нанды жерге лақтырма.

Жазира: Жоқ әдетті шығарма,

Түнде көлден су алма.

Қадіржан: Адамдарды санама,

Түнде айға қарама.

Гүлдана: Ақыл-есің бүтінде

Кісіге қарап түкірме. Ернар: Ұлттық салттан бұлжымай

Жұма күні кір жума.

Айбек: Дастарханға емінбе,

Көп алдында керілме.

Бақтыгүл: Тірі жанды иықтама,

Бей уақытта ұйықтама.

Рахымжан: Айтқан сөзді бағамда:

Күлме кемпір адамға. Айдана:Сүйсінсін жұрт ісінде,

Сақта ата ғұрпыңды.

Ешқашан үлкен кісіге,

Отырма беріп сыртыңды. VI. Оқушылардың шығармашылық жұмысы.

VIІ . Сұрақтар арқылы ойтолғау. (Қыздар қоржынының,

ұлдар сандықшадан сұрақтар алып жауап береді.)

Көңілді тапқырлардың әзіл-сықағы орындалады.

Қорытынды:

Мұғалім: Ұл ұятты, қыз қылықты болса, адамгершілікті, иманды, тәрбиелі болса-мемлекеттің байлығы. Бүгінгі тәрбие сағатынан соң кеибір оқушылар өз бойындағы кемшіліктен арыла білуі керек, бұл-бәрібір адам болам, азамат болам деп құлшынған жанның қолынан келер нәрсе. Халқымыз көп нәрсені ана есімімен байланыстырады. Қыз келешекте жар, ана, апа осыған байланысты қазақ қызын әлпештеп, мәпелеп, инабатты етіп тіл тигізбей тәрбиелеген. Осыдан түйер ойымыз:


Бүгінгі бозбала-ертенгі қамқор әке, баланың панасы, әулеттің тірегі:

Бүгінгі бойжеткен- ертенгі аяулы ана, ақылшы әже әулеттің ұйытқысы.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
15.02.2019
673
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12