Бекітемін: Мерзiм: 07.11.2018
Тақырып: Жақсы сөз-жанға
қуат
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: сүйіспеншілік, мейірім,
достық, сыйластыққа.
Сынып: 4
|
Сабақ
мақсаты:
Оқушылардың
«сөз», «бақыт» құндылықтары туралы түсініктерін
кеңейту.
Міндеттері:Білімділік- жақсы сөздің адам
өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; дамытушылық-жақсы сөздерді қолдана
білу іскерліктерін дамыту; тәрбиелік- ізгілікке,ізеттілікке
тәрбиелеу.
|
Ресурстар:сурет,
маркер,дәйексөз,
ән айту
|
|
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру
кезеңi. Сәлемдесу, оқушылардың
көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды
тексеру.
2.Тыныштық
сәтi. «Менің жан дүниемдегі сәуле»
жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып
жасау.
3.Үй тапсырмасын
тексеру
Жылы,жақсы сөздердің
адамға әсерін түсіндіру үшін балаларға «Сыпайы қоян» ертегісін оқып
беру.
Қоянның жылы сөздерінің
өзіне қандай көмегі болды?
Жылы
сөздер арқылы қандай жағдайда көмектесуге болады деп
ойлайсыңдар?
|
|
|
4.Дәйексөз.
Тақтада
жазулы тұрған Науаидың «Жүректен шыққан сөз жүрекке
жол табады» деген нақыл сөзіне
балалардың назарын аударып және оның мәніне тоқталу. «Жақсы сөз
адамдарды қуанышқа бөлейді.Олардың қарым-қатынасын жақсартуға ықпал
етеді.Адамдар бір-бірімен жақсы сөйлесу арқылы сыйластыққа,достыққа
қолд жеткізеді.»
|
|
|
5.Әңгiмелеу
(сұхбат). «Сыпайы
сөздер»
Алдын-ала дайындалған
жеміс ағашының(жемістерінсіз) сұлбасы тақтаға ілінеді.Ақ қағаздан
жасалған жемістер үстел үстіне жайып қойылады.Суреттің бір жақ
бетіне тапсырмалар жазылған.Балалар әрбір жеміс суретінің бетіне
жазылған сұрақ-тапсырмаларға дұрыс жауап берсе,жемісті ағашқа
ілетіндігі туралы түсіндіріледі.Оқушылар өз қалаулары бойынша
кезегімен шығып,жеміс суретінің біреуін таңдайды,өз еркімен шыққан
оқушы сұраққа дұрыс жауап бере алмаған жағдайда,басқа бала жауап
беруі мүмкін.Сол жауапты жеміс түстес маркермен жеміс суреті
салынған қағаздың екінші бетіне үлкен етіп жазып,тақтаға жеміс
ағашына іледі.Берілген жауаптар арқылы сыпайы сөздер
құрастырылады.
|
|
|
6.Шығармашылық жұмыс,
топтық жұмыс. Ойын-жаттығу Оқушылардың сабақтан түйген
ойларының бекітілуі мақсатында ойын-жаттығу ұйымдастыру.Балалар
5-топқа бөлінеді.Шағын диалог-көрініс құрастырып көрсетуі
тиіс.
1-топ:Сабаққа кешігіп
келген оқушы мен мұғалім арасындағы әңгімеден
үзінді.
2-топ:Тұтынушы мен
сатушының дүкендегі сыпайы қарым-қатынасы.
3-топ:Емханаға келген
науқас пен дәрігер арасындағы диалог.
4-топ:Әжесі мен
немересінің бір-біріне айтқан жылы сөздері.
5-топ:Қайырымдылық істерімен үлгілі болған сынып пен мектеп
басшысының әңгімелесуі. 7. Дәптермен
жұмыс Оқушылардың сабақтан
алған білімдерін пысықтауға тапсырмалар беріледі.Жақсы сөздерді
қырыққабатқа жазып шығыңдар.
|
|
|
8.Топпен ән
айту. «Бала тілегі»
Сөзі: С.Молдасанұлы, әні:Ф.Жолдасова
|
|
|
9.Үй
тапсырмасы. «Екі дос»әңгімесін
оқу.
|
|
|
10. соңғы тыныштық
сәтi.
-Жақсы сөз,жылы тілек
әр адамның көңілін көтеріп,олардың жүрегіне жылу береді,көңіліне
қуаныш сыйлайды.Жылы сөз адамдарды татуластырады,достастырады.Жақсы
сөздерді бір-біріне жиі айту нәтижесінде өзара сыйластық
артады.
|
|