400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Жақсы сөз- жанға қуат

Материал туралы қысқаша түсінік
Жақсы сөз- жанға қуат туралы түсінік берілді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп Бітік мектеп бөбекжай кешені КММ Мерзiм______ № 9 Тақырып: Жақсы сөз - жанға қуат

Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: Адалдық , сенімділік, ризашылық

Мұғалiм: Мирманова Толганай Сериккаливна Класс 4 Оқушылар саны__14


Сабақ мақсаты:

Сүйіспеншілік құндылығы арқылы оқушыларды сөз қадірін білуге, ойланып сөйлей білуге үйрету.


Міндеттері:

Жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

Жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту.

Ізгілікке, адалдыққа, сенімділікке тәрбиелеу.



Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Оқушыларды қиындылар арқылы 3 топқа бөлу.

1 топ ал қызыл шеңбер (ұйымшыл,ұқыпты)

2 топ сары төртбұрыш (бәрін тең ұстайтын,бірікшіл)

3 топ жасыл үш бұрыш (тік, тура, әділ)

5Т-ны еске түсіру

Тәртіп,Талап,Тазалық, Тыныштық,Татулық.


  1. Үй тапсырмасын тексеру.


1 топ «Сыпайы қоян» ертегісіне көрініс жасау

2 топ Қоянның жылы сөздерінің өзіне қандай көмегі болды?

3 топ Жылы сөздер арқылы қандай жағдайда көмектесуге болады деп ойлайсыңдар ?

Сабақ барысын талдау:


















«Жылы сөз» тренингі

Шарты: Оқушы қолындағы допты басқа бір оқушыға лақтырып тұрып, ата-анасының өзіне айтатын жылы сөзін, яғни, еркелеу, мәпелеу сөздерін айтады. Келесі оқушы допты ұстап алып, ойынды дәл осылай жалғастырады.


  1. Дәйексөз.

Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады.

Халық мақалы


Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Оқушылар есте сақтап қалу үшін үш рет қайталаймыз. Дәптерлеріне дәйексөзді жазып аламыз.





  1. Әңгiмелеу.

Оқушыларға әңгімені таныстырмас бұрын екі ыдыстағы гүлдер (солған және жайнап өскен гүл) туралы өз ойларын сұрау.

Аңыз әңгіме «Жайнап өскен гүлдің құпиясы»

Ш. АМОНАШВИЛИ

Мамасы Ергеннің бөлмесіне ыдысқа отырғызылған екі гүлді әкеліп, терезесінің алдына қойды.

Күнде суарып тұр, олар саған қуаныш сыйлайды – деді мамасы.

Ал Ергенге бір гүл ұнады да, екінші гүл ұнаған жоқ.

Ол ұнаған гүлін суарған кезде іштей: «Қандай керемет гүл...Мен сені жақсы көремін.» деп ойлап суаратын. Ал ұнамаған гүлді суарған кезде: «Бұл жаман гүл. Босқа суарып жатырмын. Мамамның көңілі үшін суарып жүрмін , әйтпесе терезеден лақтырып жіберер едім!» деп іштей ұрсып тұратын.

Осылай бірнеше ай өтті.

Бір күні мамасы бір гүлдің жайнап өсіп келе жатқанын, ал екінші гүлдің солып бара жатқанын байқады да, баласынан:

-Неге бұлай? Әлде біреуін дұрыс суармадың ба?- деп сұрады.

-Екеуін де бірдей суарып жүрмін - деді баласы.

Мамасы солып бара жатқан гүлді өз бөлмесіне апарып қойды да, оны мәпелеп, күтіп: «Мен сені емдеймін. Әлі керемет болып өсесің.» - деп күлімсіреді. Суарған сайын көз алдына: осы гүлдің иісі аңқып, жайнап гүлдеп, жайқалып өсіп тұрған кезін елестетіп тұратын.

Мына ғажапты қараңыз, мамасының жақсы ойы жүзеге асып, қуанышқа кенелді. Солып жатқан гүлдің жанданып, жайнап өсіп тұрғанын көрген Ерген:

-Мама, сен бұл гүлдерге не істедің? – деді.

-Өзім де білмеймін! – деп жауап берді мамасы.

Бұл құпияны тек ыдыстағы топырақ пен әдемі гүлдің өзі ғана білетін. Бірақ олар айта ала ма?!

Сұрақтар:

1. Мамасы баласының бөлмесіне гүлдерді не үшін әкелді?

2. Ерген гүлдерді қалай суарды?

3. Гүлдердің әртүрлі болып өсуіне не әсер етті?

4. Солып қалған гүлдің жайнап өсуінің құпиясы неде деп ойлайсыңдар?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1-топ

Өлеңді толықтыр:


Аялай біл, сен деп соққан жүректі,

............ таси берсің, ізгілікті.

Айналамда нәзік жанды .........,

.............. бір-бірінен көмекті.

2 топ «Біз табиғатты аялаймыз» шағын ой-толғау.


3 топ «Жайнап өскен гүлдің құпиясы» рөлдік ойын



  1. Топпен ән айту.

Қошақаным қайда екен.

Сөзін жазған С.Асанов

Әнін жазған Ә.Бейсеуов



  1. Алдыңғы сабаққа болжам


10-сабақ, 53-беттегі «Екі дос» ертегісімен танысу



  1. Рефлексия

Смайликтер арқылы сабақты бағалау, көңіл-күйді білдіру


8. Соңғы тыныштық сәтi.

Жай музыка қойылады.

Құрметті оқушылар жайланып отырып, көздеріңізді жұмып, бүгінгі сабақтан алған жақсы сәттерді жүректеріңізге түйіп алыңыздар.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
491
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі