400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жақсы сөз-жан шуағы

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыға, тәрбиелік,қызықты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 26.11.2016ж.

Сабақтың тақырыбы: «Жақсы сөз – көңілдің құлпын ашатын кілт »

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: оқушыларға сөз құдіретін ұғындыру, сөздік касиетін бағалай білуге және сөйлеу әдебін сақтай білуге үйрету.

2. Дамытушылығы: бабалар тағлымы мен нақыл сөздердің тәлім – тәрбиелік мәні туралы білімін қалыптастыру.

3. Тәрбиелігі: сөз қадірін бағалай білетін, ойы ұшқыр, білімді, саналы, адамгершілігі зор тұлғаларды тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мақал – мәтелдер, суреттер

«Тауып айтқан сөзге құн жетпейді,

Біліп айтқан сөзге мін жетпейді.»

Жақсы сөз-жан азығы.

Сөйлей білу де- өнер .

Барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Көңіл – күйімізді көтерейік.

Басымызды иеміз, Тәрбиелі боламыз!

Сәттілікті тілейміз! Кішіге ізет

Бірімізге – біріміз Кішіге міндет.

Көмектесіп жүреміз! Сіздерге бізден,

Сыйлап өтіп ұстазды Құрметпен сәлем.



Ой ашу. Ата салты

Ата салты – ардақты,

Әр бір ісі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күн бармақты.- деген екен атамыз қазақ.

Бүгінгі сынып сағатымызда біздің міндетіміз осы ардақты сөздермен танысып, оның мән мағынасын жете ұғынатын дәрежеге жету.

Ой қозғау: Ата тәлімі.

Сөз өнері , сөйлеу мәдениеті дегеніміздің өзі бір ғылым болып табылады. Бір ауыз сөзбен адамның көңілін жақсы қылуға , мерейін тасытуға да болады. Сөз құдіреті шексіз. Халқымыз «Тәтті айтқанда бал тамған, ащы айтқанда қан тамған » деп бекер айтпаған.

Мағынаны тану: Ата – бабамыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты , ғибрат алатын, тамаша тәлім- тәрбие беретін өсиет сөздер бар.

Сергіту сәті:

Біз кішкентай баламыз,

Өніп – өсіп толамыз.

Көкке қарап талпынып,

Күнге қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай қалықтап.

Бір отырып , бір тұрып,

Бір тынығып аламыз.

«Жақсы сөз – жан азығы»- деген нені білдіреді.

  1. топ: Жақсы сөз арқылы адамның жанына шуақ сыйлауға болады. Мысалы, өзі сырқаттанып жүрген досыңа бұл аурудың зардабы көп, сенің күннен күнге халің нашарлап барады. Сырқаттан жазылған күнде де, азғана аурудың белгісі сақталады.... деп айтсаң оның көңілін түсіресің, ауруы асқынуы мүмкін.



Жақсы сөз –жаныңды жадыратады,

Жаман сөз- уайымға салындырады.-дегендей, бір ауыз сөз жан жарасын жазып, өмірге құштарлығын арттырады.

  1. топ: Әрқашан ойланып сөйлеуің керек. Себебі сөз дегеніміз- ақыл-ой жәдігері.

Орынды сөз –абыройыңды асырады,

Құр сөз – құтыңды қашырады.- деп ата – бабамыз бекер айтпаған.

Қорытынды:

Жалғандағы ең көркем нәрсе – сөз. Сөз- көңілдегі көркем ойды жеткізетін таптырмас құрал.











Болашақ селолық округі №10 орта мектебі





Сынып сағаты



Тақырыбы: «Жақсы сөз – көңілдің құлпын ашатын кілт»

Дайындаған: Абдурахманова Айкерим





















































2016/2017 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
467
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі