400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Жақсы сөз-жанға қуат

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың сөз, бақыт құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту. Ізгілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Автор. Камелова Айнур Умирбековна
Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел ауылы №2 орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі


Тақырыбы: Жақсы сөз-жанға қуат

Мақсаты: Оқушылардың сөз, бақыт құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту. Ізгілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:Интербелсенді тақта,үнтаспа.

Барысы: Шаттық шеңбері: Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап, шеңбер құрып тұрады. Барлығы бірігіп өлең шумағын айтып шығады.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік,

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!.

Оқушылардың жақсы сөздер әсері туралы пікірін білу үшін әңгімелесу.

Сұрақ-жауап.

  • Қандай кезде жақсы сөздерді қолданасыңдар?

  • Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?

  • Жаман, дөрекі сөздер естігенде қандай сезімде боласыңдар?

  • Жақын адамдарыңа қандай жақсы сөз айтқыларың келеді?

Кіріспе: Жылы, жақсы сөздердің адамға әсерін түсіндіру үшін балаларға «Сыпайы қоян» ертегісін оқып беру.

Сахналау: «Сыпайы қоян» ертегісін сахналату.

Дәйексөз: Тақтада жазулы тұрған Науаидың «Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады» деген нақыл сөзіне балалардың назарын аударып және оның мәніне тоқталу.

Балалар, Сендер білетіндей, жақсы сөз адамдарды қуанышқа бөлейді. Олардың қарым-қатынасын жақсартуға ықпал етеді. Адамдар бір-бірімен жақсы сөйлесу арқылы сыйластыққа, достыққа қол жеткізеді. Сол себепті ата-аналарыңды, достарыңды, ұстаздарыңды сыйлап, кездескенде амандасып, жақсы сөздер айтып жүруді ұмытпаңдар.

Шығармашылық жұмыс: Оқушыларды жақсы, жылы сөздерді айтуға дағдыландыру мақсатында шығармашылық жұмыс ұйымдастыру.

Оқушылардың алдарына ақпарақ таратып беру. Сол ақпараққа өздері білетін жақсы сөздерді тізіп жазып шығуларын ұсыну. Жазып болған оқушы ортаға шығып қорғайды.

Жүректен жүрекке. Балалар жылы сөздер шеңберін құрады. Мұғалімнен бастап, барлық оқушы қолдарын өз жүрегінің тұсына апарып, іштей жақсы сөздерді айтып ,сол сөздерді жүрегінен алып, қолының уысына салып, барлығы ортаға жиналады. Уысындағы жылылықтарын бір-біріне сыйға тартып, алақандарына салады.

Қорытынды: -Жақсы сөз, жылы тілек әр адамның көңілін көтеріп, олардың жүрегіне жылу береді, көңіліне қуаныш сыйлайды. Жылы сөз адамдарды татуластырады, достастырады. Жақсы сөздерді бір-біріне жиі айту нәтижесінде өзара сыйластық

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
833
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі