400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Жақсыдан- үйрен, жаманнан -жирен"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жақсы, жаман туралы үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 13.02.2019ж

Апта күні: «Сейсенбі»


Білім беру саласы: «Таным»

Бөлім: «Өзін-өзі тану»

Тақырыбы: «Жақсыдан - үйрен, жаманнан - жирен»

Мақсаты: Балалардың жақсылық пен жамандықты ажырата біліп, жақсы әдеттерді өмірде қолдана білуге үйрету. Бір - бірімен достық қарым - қатынаста болуға, үлкендерге құрмет, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.

Міндеттері: -жақсы,жаман әдеттер туралы түсінік беру;

-жақсылық пен жамандықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру

-жақсылық жасай білу дағдыларын дамыту

-ізгілік, әдептілік, қайырымдылыққа тәрбиелеу

Құндылық:  Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Достық, қайырымдылық, құрмет, адалдық, тілектестік

Көрнекіліктер: Видеопроектор, суреттер, Д/о,. түрлі түсті қарындаштар.

Әдіс- тәсілдер : әңгімелеу, сұрақ жауап, көрсету, түсіндіру.

Алдын ала жұмыс: Жақсылық жасап жатқан суреттерді көрсетеміз.

Сөздік жұмыс: Жақсылық ,жамандық, достық, т.б

Жұмыс барысы

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Дөңгелене тұрып шаттық шеңберін жасаймыз

Кел,балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік!

Тәрбиеші: - Қайырлы таң, балалар! Сендерді көргеніме өте қуаныштымын! Бүгін мен сендерді өзіммен бірге игі қасиеттер әлеміне алып барамын.

Балалар , қазір біз осы игі қасиеттер көпірінен өтуіміз керек. Бірақ ол үшін әрқайсымыз өзіміздің досымыздың бойындағы жақсы қасиеттерді айтып өтуіміз керек.

-Балалардың назарын аудару.

Балалар шеңберге тұрып қайталайды.

.


Аемі- Аділет, сен мейірімдісің

Әділет-Амина, сен гүлдей нәзіксің

Амина-Нұрәлі, сен батырсың

Нұрәлі-Аяжан, сен қамқорсың

Аяжан- Жанәли, сен ақылдысың

Жанәли- Айзере, сен тәртіптісің

Айзере- Жулдыз, сен сұлусың

Жулдыз- Дильназ, сен Әдептісің

Дильназ- Адия, сен ақылдысың

Адия- Амира, сен сабырлысың

Амира- Айнұр, сен сұлусың

Айнұр- Дария, сен жақсысың

Дария- Жадыра Тишбайқызы, сіз....

Ізденіс- ұйымдастыру

шылық

1.Әңгiмелеу: (Ертегі оқу) «Қарлығаш пен дәуіт»

  • - Қалай ойлайсыңдар осы ертегіде дәуітін бойыннан қандай қасиетті байқауға болады?

  • Ал, Кокек пен Қарғаның бойыннан қандай қасиетті байқауға болады?


Жағдаяттар:

1-жағдаят:

Далада серуен кезінде ойнап жүрген Әмір Жұлдызды қағып кетті. Жұлдыз құлап қалды.

-Балалар, сендер Әмірдін орында болсаңдар не істер едіндер?

-Әмір өз қателігін түзеу үшін Жұлдызға не деуі керек еді?


2-жағдаят:

Балабақшадан қайтар кезде Дамир киініп, ешкімге үндеместен кетіп қалды.

-Дамир қандай сөзді айтуға ұмытып кетті?

Суретпен жұмыс: (Жақсы және жаман қасиеттерді айту)

Тыныштық сәтi

Баяу әуен қойылады.

-Балалар, Денелеріңді түзу ұ(стап, бастарынды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырындар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терен жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздерінің тыныс алуларынды бағылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар болады.

Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінің дәйек сөзі

«Жирен жаман әдеттен, Жақсылық ізде жүректен»  деген мақалды қалай түсінесіндер?



Әр уақытта жақсы болуға тырысу керек.

-Жүрек таза болса,жаман қылық саған жоламайды.

-Әр адамға жылы жүзбен қарау керек.

-Жаман қылықтар жасамау керек

-Жүрегіңде жақсы ниеттер ғана болу керек.


Сергіту сәті:




Д/О: «Жақсы , жаман кейпкерлерді ажырату»

Шыгармашылық жұмыс: Күннің шапақтарын жапсыру.



Балалар зересалып


Тындайды.











Балалардың жауаптары.











Балалар суреттен жақсы және жаман қасиеттерді ажыратып айтады.




Жақсы дем алады.









«Жирен жаман әдеттен, Жақсылық ізде жүректен» қайталайды



Балалардың жауаптары





Қимыл қозғалыстар арқылы

бойларын сергітеді



Балалар дидактикалық жұмыстарын жасайды.







Күннің шапақтарын жапсырады.

Рефлексті-

түзетушілік

Оқу қызметін қортындылау:

-«Жақсы бала» деген атыңа лайық болу үшін біз әдепті, қамқор, шыншыл, көмек көрсетуге дайын болуымыз керек. Сендер жақсы қасиеттеріңмен сыйлы, сүйкімді боласыңдар.

Бүгін біздің оқу қызметімізде сендерге не ұнады?

Жүректен жүрекке: -Балалар, қане бәріміз шеңберге тұрып, төмендегі өлеңді бірге айтайық. Топпен ән айту 
«Ата-ананы тыңдаймыз»



Балалардың жауаптары






Шеңберге тұрып, топпен ән айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: жақсы,жаман әдеттер ажырата білуі тиіс.

Игереді: жақсылықты әр адамға жасауға қажет.

Меңгереді: балалар берілген тапсырманы орындай алады.










































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
962
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі