400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ЖАҚСЫДАН ҮЙРЕН, ЖАМАННАН ЖИРЕН

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды жаман әдеттен аулақ болуға, жаман нәрсені біліп, жақсыдан үйренген тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖАҚСЫДАН ҮЙРЕН, ЖАМАННАН ЖИРЕН

Мақсаты:  1. Балаларды жаман әдеттен аулақ болуға, жаман нәрсені  біліп, жақсыдан үйренген тәрбиелеу.

2.Оқушылардың танымдық  қабілеттерін дамыту.

  1. 1.    Оқушыларға адам бойындағы жақсы мен жаман қасиеттерді айыра білу туралы білім беру.

Көрнекілігі: слайд, кітаптар, нақыл сөдер, безендірілген бөлме.

Әдіс-тәсілі: сөздік, көрнекілік, проблемалық.

Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды тәрбие сағатын өткізуге даярлап алу.

ІІ. Негізгі бөлім.

Мұғалімнің кіріспе әңгімесі.

Бірінші  тәрбие көзі-ата-ана, отбасы ьолса, сол отбасында қандай тәрбие алсақ, үлкен азамат болғанда да сондай тәрбиенің  иесі боламыз.

Екінші тәрбиені –білім ордасы мектептен аламыз. Демек, мектеп пен ата-ана берген білім, тәрбие арқылы біз жан –жақт азамат, адамгершілігі мол, иманды да инабатты адам болып өсеміз. Ата – ана алдында шыншыл болып, үлкеннің ақыл-кеңесін тыңдап, кішіге мейірімді, досыңа қайырымды болу керек. Ата-ана мен ұстаз тілегі- сендердің жақсы азамат болып, ең жақсы азамат болып, еңбек пен оқуда биіктен көріне берулерің үлкен қуаныш, мақтаныш екен. Олай болса, осындай жақсы қасиеттер бар баланы кім дейміз?

Оқушылар хормен. Тәртіпті, адамгершілігі мол, әдепті бала дейміз.

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Міне сендердің мектепке келгендеріңе бес ай болды. Мектеп қандай жақсы қасиеттерді үйрендіңдер?

І. Бөлім: Біз не үйрендік?

1. Жақсы қасиет ең алдымен мектеп ережесін қатаң сақтаудан басталады. Біз соны үйрендік.

2. Мектепке уақытында кешікпец келу керек. Мектепке кіргенде  басқаларды итермеу керек.

3. Сыныпқа келгенде бірінші мұғалімге, содан соң сыныптастарына сәлем беру керек

4. Сыныпқа мұғалім  немесе  ата-ана, бейтаныс адам кіретін болса, бәріміз орнымыздан тұрумыз керек.

5. Сабақ кезінде мұғалімді тыңдап, жан-жаққа қарамау бір-бірімен сөйлеспеу керек.

6. Отырған партанды күт, оны сызба, былғама.

7. Егер сен біреуді  байқама   қағып  кетсең немесе ренжітіпалсаң, сол жерде кешірім сұрау керек.


ІІ. Бөлім. Не деу керек?

  1. Апаң сенің базардан,

Алма сатып әкелді.

Ең  үлкен жақсысын,

Саған таңдап әперді.

Не деп  барп жеу керек.

Хормен:  Рахмет апа деу керек.


  1. Балалар жүр көшеде,

Естідеді шу айқай,

Сенде шықтың көршіңді

Қағып кеттің байқама.

Мұндайда не деу керек?

Хормен:  Кешіріңіз  деу керек

  1. Осы келген бетіңде

Допты қудың жарыстң.

Көшенің сол шетінде,

Кезекті бір танысың,

Ұмыттың сен не деуді?

Хормен:  Сәлеметсіз бе деуді.

  1. Үй артында қоқсты,

Жатқан көптен үйіліп,

Тазалайды қарт кісі

Белі зорға иіліп.

Не дегенің жөн еді?

Хормен: Көмектесейін деу керек.

ІІІ. Бөлім: Нақыл сөздер

  1. Анаңның айтқанын алтын деп ұқ,

Әкеңнің айтқанын салтым деп ұқ.

  1. Ар-ожданыңды кірлетпе,

Ата-анаңды құрметте.

  1. Ата-анаңның тілегі,адам болып өскені,

Адамдықтың тірегі адал болып өскені.

  1. Тәртіпті бала сүйеніш

Төбең бір көкке жетеді.

Тәртіпсіз бала күйініш,

Төмендеп басың кетеді.

ІУ. Бөлім. Жақсы деген немене ? Жаман деген немене ?

Ғылым таппай мақтанба

Орын таппай баптанба

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрсеге қашық болБес нәрседен асық бол

Адам болам десеңіз.

Өсек, өтірік,мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ.

Бес дұшпанды білсеңіз

Талап,еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой,

Бес асыл іс көнсеңіз.

  1. Рақат, ләззат табасың,

Риза боп- ақ қаласың.

Жақсы бала бес алып,

Жадыратар ата-анасын.

  1. Уақыттың ұқпай қысқасын,

Өткізіп бекер қыс-жазын.

Жаман бала екі алып,

Жиіркентер үлгі ұстазын.

  1. Балғынмын әлі десе де

Білінбей жасы өсе ме.

Жақсы бала әрдайым

Қолғанат әке, шешеге

  1. Бетімен мүлде кетпек пе

Еш ойланбас ептеп те

Жаман бала әйтеуір

Жалқау үйде, мектепте

  1. Ұстаз сөзін ұғыпты,

Тәртіпті боп жүріпті

Жақсы бала кітабын.

Ұстайды ылғи ұқыпты.

  1. Қанша айқайлап ұрсайын,

Демейді тіпті тырысайын.

Жаман бала дәптерін,

Жыртып, шимайлап күн сайын.

  1. Асқар тауы қасында

Ақылы бар басында,

Жақсы бала түбінде

Айналар тек асылға.

  1. Талпынбаған жасында

Тағылым термес расында.

Жаман бала түбінде

Айналар тек  масылға.

ІІІ. Қорытынды бөлім

Демек адам бойында жақсы мен жаман қасиеттер болады екен. Жақсы қасиеттерді біз анамыздың ақ сүтімен, бал тілімен бойымызға сіңіреміз. Жақсы бала жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге  тырысады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
647
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі