Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Материал туралы қысқаша түсінік
Жақсы не жаман туралы оқушыларға үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: Науай атындағы жалпы орта

Мұғалімнің аты-жөні: Оңласынқызы Мөлдір

Сынып: 3 «В»

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Сабақтың мақсаты: Балаларды жақсы мен жаманды ажырата және өмірде қолдана

білуге үйрету;

Сабақтың міндеттері:

  • жақсы, жаман туралы түсінік беру;

  • жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту;

  • жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар: екіге бүктеліп жасалған кітапша, оқулық.

Шаттық шеңбері

Балалар, шеңбер құрып, бірге ән айтады.

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.

  • Өлең жолдарында не туралы айтылған?

  • Біз бүгін «жақсы деген не?», «жаман деген не?» сұрақтары төңірегінде, жақсы әрекетттер жасау, жақсыдан үйрену, жаманнан жирену, адамды, айналасын зор қуанышқа бөлеп, бақытқа жетелейтіні туралы айтамыз.

Әңгімелесу

  • Жақсы іс деген не?

  • «Жаман» дегенде ойларыңа не түседі?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Адам баласы тумысынан жақсылыққа да  жамандыққа да бейім жаратылған. Бұл екеуі бір-бірімен астасып жатқан қасиеттер. Жаратушы Ие осы арқылы  адамды тепе-теңдікте ұстап, оны қай жаққа да бейімділікте жаратқан. Бізді кішкентайымыздан тәртіпті, жақсы адам болуға үйретеді. Сөйтіп біз тек жақындарымыздың алдында ғана емес, өзгелердің көзінше де жақсы болуға тырысып бағамыз. Олай болса, адам табиғаттың ең керемет бөлігі. Адамды адам ететін оның бойындағы жақсы қасиеттері.

  Адам өмірінің басқа тіршіліктен айырмасы саналы өмір сүруімен, өз өмірін, тіпті әлемді дүр сілкіндіретін күш-қуаттың, ақылдың адам қолында болуымен ерекшеленеді.


Дәйексөз

Тақтаға «Жақсы болу – өз қолыңда» деп жазу, мағынасын түсіндіру;

  • «Жақсы болу – өз қолыңда» деген халық даналығында үлкен мән бар. Жақсы

болуды басқа біреуден іздеудің қажеттігі жоқ. Адамның жақсы істерге, жақсы әрекеттерге ұмтылуы, айналасындағылармен сыйлы қарым – қатынастар жасауы, өтірік айтпауы, сөзінде тұруы, жақсылардан үйренуі өзіне байланысты. Сондай – ақ жаман әрекеттерден де қашық болуы – өзінің қолында.

Тапсырма

Әңгімелесу кезінде оқушылардың ой пікірлерін толықтыру мақсатында тапсырма орындайды. Тапсырма бойынша балалар оқулықта берілген суреттерге қарап, жақсы іспен жаман істі ажыратып, әңгімелеп береді. Балалар тапсырманы топпен орындап, сынып алдында жария етеді.

Мәтінмен жұмыс

Орыс В.Маяковскийдің «Жақсы деген немене, жаман деген немене?» өлеңін мәнерлеп, дауыстап оқып беремін.

Жақсы деген немене, жаман деген немене?

Бөбек келіп әкеге, Көйлегі лас боялып,

Қойды алдыңа мәселе. Аузы – басы ластанып.

Жақсы деген немене? Жақсы, міне азамат,

Жаман деген немене? Бетін жуса сабындап,

Айналайын бөбегім, Тісін жуса тазалап.

Мәнін айтып берейін. Еңбек сүйген балаңыз,

Осы берген жауапты Кітап оқу талабын.

Кітапша етіп көрейін. Міне, үлгілі бала деп,

Міне, тағы бір жаман. Кітапқа оны жазады.

  • Әкесі жақсы бала деп қандай баланы айтты?

  • Тағы қандай жақсы әрекеттерді білесіңдер?

  • Қандай жаман әрекеттерден қашық жүргеніміз дұрыс?

Шығармашылық жұмыс

Балаларға қағаздан екіге бүктеліп жасалған, сыртқы бетіне «Жақсы бала» деп әдемі жазулармен жазылған, ішкі беті жолдарға бөлінген кітапшалар таратып беріледі.

  • Балалар, кітапшаның бірінші жолына өзіңмен қатар отырған сыныптасыңның есімін, келесі жолдарға оның жақсы әрекеттерін (сәлемдеседі, кешікпейді, өтірік айтпайды, сөзінде тұрады, тапсырманы орындайды, үлкенді сыйлайды, кішіге қамқор, кешірімді және.т.б) және соңынан өз есімдеріңді жазыңдар,

Тапсырма орындалып біткекн соң, балалар кезегімен кітапша ішіне жазылғанды жария етеді.

Дәптермен жұмыс

Дәптерде үлкен қоржынның және шашылып жатқан асықтардың суреті салынған. Барлығы 17 асық: әр асыққа бір әріп және бір нөмір жазылған.

Тапсырма: Асықтарды нөмір ретімен қойып, сөйлемді оқыңдар,

Жауабы: Жақсы болғым келеді.

Жүректен жүрекке

Балалар шеңбер құрып, шығармашылық жұмысын сыныптасына арнап дайындаған кітапшасын сыйға тартады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
816
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12