400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жақсылық – жан жадыратады

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырып: Жақсылық – жан жадыратады Құндылық: Ішкі тыныштық Қасиеттер: сабырлық, ұстамдылық, сыпайылық. Сабақтың мақсаты: әдептен озбау ішкі тыныштық құндылығынан туындайтынын түсіндіру. Міндеттері: -оқушыларды сабырлыққа үйрету. -оқушыларда ұстамдылық қасиеттерін дамыту. -оқушыларды сыпайы болуға тәрбиелеу. Ресурстар: (оқулық, дәптер, дәйексөздер, әндер тб.)
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп №53 Мерзім: 15.11.2017 № 10

Мұғалім: Айтқалиева Ж.С. Сынып: 9 а, 9 ә Оқушылар саны:___/___

Тақырып: Жақсылық – жан жадыратады

Құндылық: Ішкі тыныштық

Қасиеттер: сабырлық, ұстамдылық, сыпайылық.


Сабақтың мақсаты: әдептен озбау ішкі тыныштық құндылығынан туындайтынын түсіндіру.

Міндеттері:

-оқушыларды сабырлыққа үйрету.

-оқушыларда ұстамдылық қасиеттерін дамыту.

-оқушыларды сыпайы болуға тәрбиелеу.


Ресурстар:

(оқулық, дәптер,

дәйексөздер, әндер тб.)


Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. 5 «Т»

Тыныштық сәті. «Күн нұры» (4-5 мин)

Үй тапсырмасын тексеру.

Дәптерден 10 - сабақ, 2 - тапсырма.

10-сабақ, 56- беттегі мәтінді оқып келу.


Жігіттердің іс – әрекеті саған қандай ой қалдырды?

Қоғамдық орындарда әдеп сақтау туралы не білесің?

Не үшін бізге ұстамдылық қажет?

Берілген тапсырмаларды қалай орындады?

Бақытқа қол жеткізудің жолын неден тапты?

Ескерту


Дәйексөз

(1613-1680) француз жазушысы,философ.

«Өзінен таппаған жан тыныштығынды басқадан таба алмайсын.»

Франсуа де Ларошфуко

Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

(2 рет қыздарға, 2 рет ұлдарға айтқызу, барлығы қосылып айту.)

Дәптерге жазу.


4.Оқиғаларды әңгімелеу(сұхбат)

Аңыз әңгіме: Сабыр суы. Бір адамның басынан мынадай оқиға өтіпті.Ол сол ауылдың ақсақалына жылап келіп, шағым айтады: маған әрдайым көршілерім тиіседі, біздер ұрысып қала береміз. Көршілермен сөйлесуден қалдым. Мен әбден шаршап, өзіңізден ақыл-кеңес, көмек сұрап келіп отырмын.

-Не амал етсем екен?

Ақсақал ойланып отырып, келген адамға бірнеше сұрақ қояды. Содан соң бір құты су береді. «Осы су саған көмектесуі тиіс, — дейд. Күнде көршілерің жұмыстан келген кезде осы суды ұрттап ал. Бірақ оны бірден жұтып жібермей, аузыңда біраз уақыт ұстауың керек». Арада бірталай уақыт өткенде, әлгі адам ақсақалға тағы жылап келеді. «Сірә, бірдеңе қосып берген болсаңыз керек, Сіз берген судың көмегі тиген еді. Мен деген көршілеріммен жақсы қарым-қатынас орнатып қалған едім. Бәрі де жақсы болып келе жатыр еді. Менің көңілім көтеріліп, тыныштығым орнап қалған еді. Бірақ ол су таусылып қалды. Таусылғалы бері көршілерім баяғы «жырын» қайта бастады. Менің ішкі тыныштығым бұзылды. Сіздің көмегіңізсіз болмайтын болды» — деп, тағы да су беруін сұрайды. Сонда ақсақал күліп: «Айналайын, ол судың басқа ешқандай қасиеті жоқ, күнде өзің пайдаланып жүрген, кәдімгі су. Оның саған көмегі — көршілерің жұмыстан шаршап келген кезде не болса соны айтуға аузыңның бос болмағаны, үндемей  қарсы алуға мәжбүр болғаның. Ендеше, өзіңді-өзің қолға алып, шыдамдылыққа, сабырлылыққа үйренсең, өзіңді-өзің тізгіндей алсаң, бұл жағдайда саған басқаның көмегі керек еместігін түсінген шығарсың» — дейді.


1.Ақсақалға көршісі не үшіш келді?

2.Ақсақал қандай ақыл-кеңес берді?

3.Ақсақал неге суды ұсынды?


4.Суды ұстап тұрудын себебі неде?

5. Сабырлы адамды қалай танимыз?

6. Өзіңді сабырлы адамға жатқыза аламыз ба?


5.Шығармашылық іс - әрекет, жеке жұмыс.

Ішкі тыныштықты бейнелеу.



6.Топпен ән айту

«Мен әдепті баламын». Сөзі А.Асылбековтікі, әні И.Нүсіпбаевтікі



7.Үй тапсырмасы.

11-сабақ, 64- беттегі әдеп қағидаларың жалғастырып келу.



8.Сабақтың соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады.

- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

- Енді көздеріңді аша қойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін! Сау болыңыздар!











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
358
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі