Жақсылық жан азығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жақсылық жан азығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін өзі тану пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп №39 ОМ. Мерзiм 02.10.2017.№ 32.

Тақырып: Жақсылық жан азығы.

Құндылық: Ішкі тыныштық.Қасиеттер:сабырлық,шыдамдылық,сыпайылық.

Мұғалiм:Басмагамбетова Г К. Класс 7. Оқушылар саны 20.


Сабақ мақсаты:оқушыларға жақсылық жасауды үйрету арқылы ішкі тыныштықтың құндылықтарының мәнін ашу


Міндеттері:


1.Оқушыларға сабақты түсіндіре отырып сабырлық қасиеттері туралы түсінік беру.

2.Мәтінді оқу арқылы бала бойындағы сабырлық қасиеттерді дамыту.

3.Оқушыларды сыпайылыққа тәрбиелеу.


Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.Сәлемдесу.Оқу құралдарына назар аудару.5 Т сақтау.

2.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.

«Күннің нұры» (5 мин)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.



Үй тапсырмасын тексеру.Үй тапсырмасы:31сабақ,168-бет


  1. Ш.Құдайбердіұлы мен Рудакидің нақыл сөздерінен өз ойларыңызға не түйдіңіздер?


2.Осы екі нақыл сөзде қандай ортақ ұғым бар?


3. Ой-тазалығы дегенді қалай түсінесіздер?




Сабақ барысын талқылау:

Дәйексөз


Жақсы адамның сөзі де,ойы мен ісі де ізгі.(Лао-Цзы)


Не себепті ізгі деп ойлайсындар?


Бір рет қыздарға айтқызу, бір рет ұлдарға айтқызу.Барлығы бірге үш рет айтып шығады,дәптерге жазады.




Әңгiмелеу (сұхбат).мұғалімнің сыйы.


Тыныштық.

Ежелгі қазақ елінде Қария адам кейпінде біреу өмір сүріпті,ол туралы көптеген оқиғалар айтыпты.Ол өте сабырлы болған екен,өзгелердің ұрыс жан-жал сөздері оның сабырлығын бұза алмаған.Ол өте ерекше сабырлы тұлға болған екен.Ол ұрыстарға мән бермейтін.Ішкі тыныштығы өте жоғары болған екен.

Ал бір ауылда кез келген адамның жақсы көңіл күйін бұзатын,мазасыз адам болыпты.Оның жаман сөздеріне,әректтеріне барлық адамдар жәй қарай алмайтын.Сол адам Қарияның аса сабырлығы туралы естіп,үлкен жолға аттанып,өзінің өзгелердің жан тыныштығын еркін бұзатын өнерін сынап көрейін дейді.

Қария ол адамды қарсы алды,адам оның сабырлығын бұзуда оған жаман сөздер айтып,ұрысып,барынша оны жамандады.Қанша тырысқанымен Қария ол адамның сөздеріне мән бермей өзінің сабырлығын сақтады.Оны көрген адам одан бетер ашуланып,мазасы кетті.

Ол демалып тұрғанда Қария оған сұрақ қойды:”Саған бір сұрақ қойсам болады ма?”.Адам таңғалып:”Иә деді”

Қария мынадай сұрақ қойды:’’Егерде бір адам басқа адамға сыйлық әкелсе,басқа адм ол сыйлықты алғысы келмесе,ол сыйлық кімде қалады?’’-‘’Әрине сыйлық әкелген адамда қалады’’-деп жауап берді адам.’’Міне дұрыс айтасың’’,-деп қария күлімсіреді.

Сонда адам өзінің жағымсыз сөздері,жаман әрекетінің бәрі өзіне арналғаны туралы пікірге келді.Келеңсіз жағдайда қалғанын айқындап,амал жоқтан үйіне қайтты.


Сұрақтар: (мәтін бойынша...)

1.Адамның іс-әрекеттері дұрыс па?Неге?

2.Қарияның күші неде деп ойлайсындар?

3.Қария адамға қандай сұрақ қойды?

(Құндылық бойынша...)

1.Адамға сабырлық не үшін қажет?

2.Жан тыныштығы дегенді қалай түсінесің?

3.Әңгімеден қандай ой түйдіңіз?






3.Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс.

Түстер арқылы екі немесе үш топқа бөліп,тыныштықта плакатқа әр адам өзінің ойын салу және қорғау тапсырмасы беріледі.



4.Топпен ән айту.

Жақсы адамдар

Әні мен сөзі:А.Оралов.


1.Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар –бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар



Қайырмасы:

Жақсы адамдар,жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар,жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.



2.Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ қар бар,

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.



Қайырмасы:

Жақсы адамдар,жақсы адамдар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар,

Жақсы адамдар,жақсы адамдар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар,

Жақсы адамдар.




5. Үй тапсырмасы.


32 сабақ.Ішкі тыныштық құндылығына байланысты даналардың жазған өсиеттерін оқып келу.

Дәптердегі №32 сабақ,72 беттен 1тапсырманы орындап келу.



6.Соңғы тыныштық сәті.

(Тыныштық....бар жерде,тыныштық....бүкіл әлемде)


-Енді көзімді жұмып,осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

-Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

-Енді көздеріңді аша қойыңдар.Сабақ аяқталды.Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.11.2018
532
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі