Жақсылық жан азығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жақсылық жан азығы

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін өзі тану пәніне көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Жақсылық жан азығы

Сабақтың мақсаты: 1. Адам қарым-қатынасындағы жақсылық ұғымы туралы түсінік беру.

2.Оқушылардың арасында жақсылық пен жамандық сезімдерін дамытуға ықпал ету

3.Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шыншылдыққа, адалдыққа, жақсылық жасай білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақ әдісі: әңгімелесу,тапсырма,ойын

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, карточкалар, әр-түрлі суреттер.

Сабақтың барысы:

Шаттық шеңбері

-Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық.

Сәлемдесу

Үлкенге де «Сіз»

Кішіге де «Сіз»

Бар адамға құрметпен,

Бас иеміз біз.

Мәтінмен жұмыс.

Жақсылық пен жамандық (ертегі)

1.Неліктен адам жақсылықтың айтқандарын орындады деп ойлайсың?

2. «Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың» деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар?

Дұрыс сөзді орнына қой:

Қайырымдық

Өтірік айту

Мейірімді лік

Ұру

Ізгілік

ұрлау

Қамқор

Жамандық

«Жақсылық жасай білейік»

Мақал-мәтелдерді жалғастыр:

1.Жаманмен салысып, .....болмайсың. (жақсы)

2.Жаманға оқ өтсе де - .....өтпейді. (сөз)

3.Жақсылық - .....тұрмайды, (ұзақ)

Жамандық - әркез тозбайды.

4.Жақсы - жаны .....тыңдайды. (еріп)

5.Жақсының - .....ашық. (жолы)

6.Жақсылыққа жақсылық - .....кісінің ісі, (әр)

жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі.

7.Жақсыда .....жоқ. (жаттық)

8.Жаманнан туған жақсы бар - атасын айтса нанғысыз,

жақсыдан туған..... - бір асым етке алғысыз. (жаман бар)

9.Жаманменен дос болсаң - сыртыңнан жүрер....... (өсектеп)

10.Жақсыдан болат ұл туса - жауырынынан өтін алса да,

..... жалынбас. (жамандарға)

11.Дүние жеткізбейді ойласаң да,

Жақсы артық әзілдесіп .....да. (ойнасаң)

12.Ауыл малы бұралқы - ақылы жоқ....... (жаманға)

Қайын болмас - қабанда, тойым болмас - жаманда.

13.Жолдас болсаң .....- жолың жетер Қырымға, (жақсымен)

Топқа кірсең әркіммен - таласарсың орынға.

14.Ісің түссе .....- қолы кетпес жағаңнан. (жаманға)

Тыныштық сәті.

-Балалар, орындарыңызға емін-еркін жайғаса отырыңыздар. Енді көзімізді жұмып, әркім өзінің досына, ата-анасына, ұстазына қандай жақсылық тілейтіні туралы ойлайық. (2-3 сек)

-Балалар, ойлап болсақ, көзімізді ашайық. Параққа аты-жөнімізді жазып, жақсылықты кімге ойладық, жазайық. Осы ойлаған жақсылығымыз күннің шуағы арқылы сол адамға жетеді.

Дәйексөз.

-Енді, балалар, бүгінгі тақырыбымызға сай мына дәйексөзді оқып, дәптерімізге жазып алайық.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» халық мақалы

«Ертегілерді өз ойларыңмен жалғастырып көр»

«Қарлығаш пен дәуіт» Ітоп

Бір қарлығаш ұя салып, балапандарын асырап жүреді. Бір күні жауыз жылан балапандарды жегісі келіп, ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды. Қарлығаш жыланды көріп, қатты қорқып, қорғап қалатын арашашы іздейді. ...

«Арыстан мен тышқан» ІІ топ

Бір тышқан аңдаусызда арыстанның апанына тап болып қалады. Одан адасып жүріп, арыстанның құлағына кіріп кетеді.

Арыстан шошып оянып, құлағын басып қояды

-Менің құлағым-сенің інің деп пе едің? – деп ақырады. Өзіңді жақсылап сабайын ба?

-Сабамашы. Мен де бір керегіңе жарармын.

-«Бармақтай болып, не керегіме жарармын дейсің»,-деп күледі арыстан. Дегенмен, босатып жібереді.

Жүректен-жүрекке жылы лебіз білдіру.

Мұғалімдерге жүрекке жылы сөздер жазып беру.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
764
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі