400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жақсылық жан жадыратады

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды "жақсылық"құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.Жақсылық жасаудың адам өміріне пайдасы туралы түсіндіру.Жақсылық жасауға тəрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағы


Мектеп: «Шұғыла»ЖОМ Мерзiм:14.11.2017ж №10

Тақырып: Жақсылық жан жадыратады

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: мейірімділік, тәрбиелілік, әдептілік

Мұғалiм: Арипова У Сынып: 9 Оқушылар саны____

Сабақтың мақсаты: оқушылардың «жақсылық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

а) Жақсылық жасаудың адам өміріндегі мәнін ашу;

ә) Жақсылықты түсіну, жақсылық жасау іскерліктерін дамыту;

б) Жақсылық жасауға тәрбиелеу.

Сабақбарысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi. Тыныштық сәтi.

Су асты патшалығына ойша саяхат.

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

А.Қоныстың «Сөз құдіреті» мәтінін талдау.

  • Жақсы сөз, шынайы тілек адамға қалай әсер етеді?

Сабақ барысын талқылау:

  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

Ғ.Мүсіреповтың мәтінін оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.

  • «Адам күлдірем деп күйрейді, сүйдірем деп сүріндіреді» немесе «жұбатам деп жылатады» дегенді қалай түсінесіз?


«Жақсы сөз айту- жасампаздық.....» тақырыбында пікірталасұйымдастыру.


  1. Дәйек сөз.

«Кез келген сөз емес, жақсы сөз, адам жанына мейір шуағын себетін жылы лебіз ырысқа, жақсылыққа бастау болады. Қиын жағдайда досыңа бір ауыз жақсы сөз айтып, көмектесе алсаң жақсылық жасғаның «жарым ырыс» деген сол.

А.Қоныс


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Жақсылық жасауға асығыңыз!» акциясын ұйымдастыру тапсырылады. Қалай өткізер едің?


  1. Топпен ән айту.

Ә.Нілібаевтың «Ар» өлеңін оқып, мәнін ашып талдау.


  1. Үй тапсырмасы.

«Балқар аңызы» аңыз әңгімесін оқып келу.


  1. Бағалау

Мен жақсылық жасай аламын, себебі...... деп сабақты қорытындылау.

Сабаққа белсенді қатысып, өз ойын ашық білдіре білген оқушыларға мақтау айтып, қошемет көрсету.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
419
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі