Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жақсылық жан шуағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: - «жақсылық», «мейірімділік» құндылықтың мәнін кеңірек түсіндіру. Сабақтың міндеттері: : - жақсылық, қайырымдылық жасау сезімі мен адам бойында туатын жан рақатын сезіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзін-өзі тану» пәнінің сабақ жоспары


Мектеп: №3 ЖОББҚМ

Мерзім: 17,19.09.2018-24,26.09.2018 №3-4

Тақырыбы: Жақсылық жан шуағы

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: тек жақсы және қажет заттарды ғана айту

Мұғалім: Сулименова Г.С.

Сынып: 11


Сабақтың мақсаты: - «жақсылық», «мейірімділік» құндылықтың мәнін кеңірек түсіндіру.

Сабақтың міндеттері: : - жақсылық, қайырымдылық жасау сезімі мен адам бойында туатын жан рақатын сезіндіру.


Плакат, маркер, үлестірме қағаз.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.

-оқушылармен сәлемдесу.

- сынып тазалығына көңіл бөлу

- оқушыларды түгендеу.

Тыныштық сәті. Орманға саяхат

2. Үй тапсырмасын тексеру: «Менің өмірлік қағидатым» атты кестені тексеру.

Сабақ барысын талқылау, топқа бөлінеді.

Халық әні.

3. Дәйексөз:

Жақсылыққа жақсылық - әр адамның ісі,

Жамандыққа жақсылық – ер адамның ісі

- Адамды жақсылық жасауға итермелейтін қандай сезім?

- Адамды жақсылық жасауға мәжбүрлеуге болады ма?

Халық мақалы

4. Әңгімелесу (сұхбат) «Шипалы түн» атты шығармасымен таныстыру.

- Жақсылық жасаушы адамның үлгісі болады ма?

- Жақсылық нәтижесін бірден көру мүмкін бе?

Г. Молдағалиева

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушыларға «Жақсылық ережесін» түздіру.

Үлгі: - Жақсылықты ақылмен жаса.

- Жасаған жақсылығыңды міндет етпе.

Баяу әуен қойылады.

6. Топпен ән айту. «Ақ ниет» әні: Н. Сәрсенбаев сөзі: Т. Әлімбек

Нұрын төксе шынайы ізгілік,

Мына әлем шаттанар

Аяласа тербетіп ізгі үміт

Жанарларда от жанар,

Ақ арманға бақ қонар.

Қайырмасы:

Атса таңымыз ақ, өтсе түніміз мұңсыз,

Батса қызыл арай күніміз мінсіз.

Бақыт осы ұсынған нұр пейілін,

Жоғалмасын мейірім.


7. Үй тапсырмасы. № 1 З. Ахметованың «Шуақты күндер » атты мәтінін оқу.

Келесі сабақ. № 2 Оқушылар «Жақсылық жаса» деген тақырыпта пікірталас ұйымдастырып келуі қажет.




8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде, ақиқат, ақиқат» бүкіл әлемде.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
674
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12