
№76 жалпы білім беретін мектебінің
КММ әлеуметтік педагогы
Керимбекова Нургул Сайлауовна
Педагог-сарапшы
«Балаларға қамқорлық!»
№76 жалпы білім беретін мектепте 2024–2025 оқу жылының 13.01 – 17.02 аралығында «Қамқорлық» айлығы жарияланды. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» — деген екен дана халық. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей әлеуметтік осал топтағы балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске әрбір адамның азаматтық парызы. Осы орайда, акция ұйымдастырылды. Акция «Қамқорлық» атты ұранмен өткізілді. «Қамқорлық» қайырымдылық акциясының мақсаты ауылымыздағы көмекке мұқтаж әлеуметтік осал топтағы балаларға көмек беру мақсатында ұйымдастырылған шара. Қайырымдылық акциясынан түскен қаражаттарды есептеу және оған тиісті құжаттарын дайындау жауапкершілігі мектеп жанынан құрылған комиссия мүшелеріне жүктелді. Комиссия мүшелеріне мектептің Қамқоршылық кеңесінің төрағысы мен мүшелерінен және ата-аналар комитетінің төрағасы, мектеп әкімшілігінен құралды. Айлық барысында оқушылардың күнделікті сабаққа келгенін сынып жетекшілері үнемі бақылауға алып отырды. Сабаққа үш күн келмеген оқушылардың үйлеріне директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, педагог психолог болып үй жайын, жалпы жағдайын білу мақсатында барып акт түзілді. Аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға материалдық көмек көрсету және баланың әлеуметтік себеппен мектепке келмей қалуының алдын алу мақсатында айлықтың іс – шаралар жоспары құрылып, бекітілді. Мектептегі отбасы жағдайы төмен, көп балалы отбасынан шыққан оқушылар тізімі жасалынды. Айлық қорытындысы бойынша түрлі әлеуметтік себептермен оқуға қамтылмай қалған, 10 күннен 1 айға дейін сабақ жіберген оқушылар анықталған жоқ. Айлық барысында «Қамқорлық» атты жәрмеңке 5, 6, 7 сынып оқушылары мен сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен өткізілді. Осы акцияға оқушылардың ата-аналарыда өз үлестерін қосты. Оқушылар қайырымдылық іс жасауды асыға күтіп, өз тәтті бәліштерімен тамсандыра білді.
Елім деп елжіреген азамат пен азаматшаларымыздың шақыртуымызды қабыл алып, көмек қолдарын созды. «Көп түкірсе көл» демекші ауыл тұрғындарының яғни демеушілеріміздің көмегімен қаражатқа алынған қажеттіліктер балаларымызды қуантып, шаттыққа бөленді. Міне осындай азаматтарымыз азаймасын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, балаларымыздың қуаныштары еселене берсін!

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Жақсылық жаса" атты қайырымдылық іс-шара
"Жақсылық жаса" атты қайырымдылық іс-шара

№76 жалпы білім беретін мектебінің
КММ әлеуметтік педагогы
Керимбекова Нургул Сайлауовна
Педагог-сарапшы
«Балаларға қамқорлық!»
№76 жалпы білім беретін мектепте 2024–2025 оқу жылының 13.01 – 17.02 аралығында «Қамқорлық» айлығы жарияланды. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» — деген екен дана халық. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей әлеуметтік осал топтағы балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске әрбір адамның азаматтық парызы. Осы орайда, акция ұйымдастырылды. Акция «Қамқорлық» атты ұранмен өткізілді. «Қамқорлық» қайырымдылық акциясының мақсаты ауылымыздағы көмекке мұқтаж әлеуметтік осал топтағы балаларға көмек беру мақсатында ұйымдастырылған шара. Қайырымдылық акциясынан түскен қаражаттарды есептеу және оған тиісті құжаттарын дайындау жауапкершілігі мектеп жанынан құрылған комиссия мүшелеріне жүктелді. Комиссия мүшелеріне мектептің Қамқоршылық кеңесінің төрағысы мен мүшелерінен және ата-аналар комитетінің төрағасы, мектеп әкімшілігінен құралды. Айлық барысында оқушылардың күнделікті сабаққа келгенін сынып жетекшілері үнемі бақылауға алып отырды. Сабаққа үш күн келмеген оқушылардың үйлеріне директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, педагог психолог болып үй жайын, жалпы жағдайын білу мақсатында барып акт түзілді. Аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға материалдық көмек көрсету және баланың әлеуметтік себеппен мектепке келмей қалуының алдын алу мақсатында айлықтың іс – шаралар жоспары құрылып, бекітілді. Мектептегі отбасы жағдайы төмен, көп балалы отбасынан шыққан оқушылар тізімі жасалынды. Айлық қорытындысы бойынша түрлі әлеуметтік себептермен оқуға қамтылмай қалған, 10 күннен 1 айға дейін сабақ жіберген оқушылар анықталған жоқ. Айлық барысында «Қамқорлық» атты жәрмеңке 5, 6, 7 сынып оқушылары мен сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен өткізілді. Осы акцияға оқушылардың ата-аналарыда өз үлестерін қосты. Оқушылар қайырымдылық іс жасауды асыға күтіп, өз тәтті бәліштерімен тамсандыра білді.
Елім деп елжіреген азамат пен азаматшаларымыздың шақыртуымызды қабыл алып, көмек қолдарын созды. «Көп түкірсе көл» демекші ауыл тұрғындарының яғни демеушілеріміздің көмегімен қаражатқа алынған қажеттіліктер балаларымызды қуантып, шаттыққа бөленді. Міне осындай азаматтарымыз азаймасын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, балаларымыздың қуаныштары еселене берсін!

шағым қалдыра аласыз













