400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жақсылық жаса! Өзін өзі тану пәні бойыншасыныптан тыс жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық мұғалімдерге, сынып жетекшілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін- өзін тану пәнінен сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы: Жақсылық жаса























Мақсаты: “Жақсылық” ұғымын ақиқат құндылығы ретінде мәнін ашу, түсіндіру.

Міндеті:

  • Жақсылықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

  • Жақсылық жасай білу іскерліктерін дамыту;

  • Оқушыларды адалдыққа, қайырымдылыққа, жақсылық жасай білуге тәрбиелеу;

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: Адалдық, сүйіспеншілік, жақсылық жасау

Көрнекілігі: компьютер, проектор, презентация, үлестірме қағаздар, бейнеролик.

Өткізілу формасы: дөңгелек үстел

Жүргізілетін жұмыс түрі:

  • «Жақсылық, «Жақсылық жасау» ұғымдарын талқылау;

  • «Жақсылығын өзіңе», «Жақсылыққа жақсылық, жамандыққа жақсылық» бейнеролик көру, талқылау;

  • «Жақсылық гүлі», «жақсылық тамшысы», «жақсылық үйі» макетін құру;

  • Тренинг-ойын «Жүрек»

Барысы:

Құрметті оқушылар мен мұғалімдер бүгінгі біздің «Жақсылық жаса» атты сыныптан тыс сабағымызға қош келдіңіздер.

Мұғалім оқушыларды түстер бойынша үш топқа бөледі. Қызыл түс- қамқорлық тобы, сары түс- мейірімділік тобы, жасыл түс – кішіпейілділік тобы. Оқушылар өздері таңдаған түстері бойынша топтарға бөлініп отырады.

Мұғалім сөзі:

Оқушылар біз сіздермен «Жақсылық», «жақсылық жасау» деген сөздердің мағынасын ашып алсақ.

- Жақсылық дегеніміз не, балалар?

- Жақсылық жасау дегеніміз ше?

(Жақсылық жасау дегеніміз өздерін айтқандай, адамдарға, айналаға, табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір – біріне деген сыйластығы артады. Өйткені қиналған сәтте алынған көмек ешқашан ұмытылмайды).

Адамға жақсылық жасасаң, риясыз жасау керек. Өйткені ол жанашырлықпен, шын көңілмен, адал ниетпен жасалған іс. Оған ақы сұраудың, жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ. Жасаған жақсылық бәрібір алдыңнан шығады. Жақсылық зая кетпейді.

Оқушылар қазір сендермен «Жақсылығын өзіне» тақырыбында бейнероликті тамашалайық.

Сұрақ: Бейнематериалдың негізгі идеясы не туралы?

“Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе”

Ы.Алтынсарин

Оқушылар қазір біз сіздермен үш топ болып «Кім көп сөз табады?» ойының ойнайтын боламыз. Тақтада дөңгелек фигуралардың ішінде жақсы және жаман адамның қасиеттеріне байланысты сөздер буындарға бөлініп жасырылған. Сіздер сол жасырылған сөздерді табуларыңыз қажет. Ойын шарты түсінікті болса онда бастайық, қане қайсы топ көп сөз табады екен.

Әр топ тақтада буындарға бөлініп жасырылған сөздерді тауып оқиды.

Құрметті оқушылар сіздермен келесі «Жақсылыққа- жақсылық, жамандыққа- жақсылық» тақырыбындағы бейнероликті тамашалайық.

Сұрақ: Бейнероликтен қандай ой түйдіңіздер?

Яғни, «Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі» деген мақалды түсініп жадымызда ұстауымыз қажет.

Оқушылар қазір біз сіздермен топтық жұмысымызды жалғастырамыз. Қамқорлық тобы: «Жақсылық гүлінің», Мейірімділік тобы: «жақсылық тамшысын», Кішіпейілділік тобы: «жақсылық үйін» құратын болады.

Қамқорлық тобы: «Жақсылық гүліне», Кішіпейілділік тобы: «жақсылық үйіне» жақсылық жасайтын адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек соларды тізіп жазулары қажет. Ал Мейірімділік тобы: «Жақсылық тамшысы» тамшы артына өзгелерге, айналасына жасаған жақсылықтары туралы жазып оқып жапсырады.

Оқушылардың санына сәйкес алдын ала дайындалған тамшы үлгісінде қиылған қағаздар үлестіріледі. Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін жазып көрсетеді. Мұғалім тақтадағы ақ қағазға тамшыларды ілуді ұсынады.Әр бала өзгелерге өзі жасаған жақсылықтарын жария етеді. Мұғалім шығармашылық жұмыс нәтижесін қортындылайды.

Тренинг-ойын: «Жүрек»

(Жүрек бірнеше пішіндерге қиылып бөлінген)

Әрбір ойынға қатысушы бала сиқырлы сандықтан адамның қасиеттерін анықтайтын сөздер жазылған түрлі пішіндер алады. Қайырымды, мейірімді, сабырлы, кешірімді Соңынан осы пішіндерден үлкен бір бүтін жүрек құрастырылады.

Қорытынды. Мұғалім сөзі:

Жақсылық жүрген жерде, таршылық болмайды.

Жақсы сөз – жақсы тілек,

Болайық ізгі ниетті.

Жақсы ойлап кісіге,

Тілейік үлкен – кішіге – деп тамаша сөздермен «Жақсылық жасаған бақыт» - деп айналаңа жақсы істер жасап, қуантсаң, көңілін әрдайым қуанышқа толып, бақытты боласың деген тамаша сөздермен бүгінгі «Жақсылық жаса» тақырыбында ұйымдастырылған сыныптан тыс сабағымызды аяқтаймыз. Қатысқандарыңызға көп- көп рахмет.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қазан
1509
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі