400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жақсылық жасай білейік

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жақсылық жасай білейік

Тақырыбы: Жақсылық жасай білейік

Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатына орнату, бір-біріне жақсылық

жасай білуге және қоршаған ортаға жақсылық  жасай білуге, ой-өрісі дамыту.

Тәрбиелілігі:  1. Адам қарым-қатынасындағы жақсылық ұғымы туралы түсінік беру.

2.Оқушылардың арасында жақсылық пен жамандық сезімдерін дамытуға ықпал

ету

  1. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шыншылдыққа, адалдыққа,жақсылық жасай білуге тәрбиелеу

Барысы:

І.Сәлемдесу

Үлкенге де «Сіз»

Кішіге де «Сіз»

Бар адамға құрметпен,

Бас иеміз біз.

ІІ.Шаттық шеңбері

-Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық.

                      Өзіңді тану

Жақсы болу – өзіңнен,

Жаман болу- өзіңнен.

Өзіңді өзің ая да,

Өзің үйрен өзіңнен.

Жақсылық көрсең біреуден,

«Мен қандаймын?» деп ойла.

Өзіңді өзің қолыңа ал,

Өзіңсің – ақыл  айнасы.

Тиеді саған мәні бар

«Өзіңді тану» пайдасы.

ІІІ.Мәтінмен жұмыс.

Жақсылық пен жамандық (ертегі)

1.Неліктен адам жақсылықтың айтқандарын орындады деп ойлайсың?

  1. «Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың» деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар?

ІV. «Жақсылық жасай білейік»

Мақал-мәтелдер (жақсылық пен жамандық туралы)

V.Тыныштық сәті.

Балалар, орындарыңызға емін-еркін жайғаса отырыңыздар. Енді көзімізді жұмып, әркім өзінің досына, ата-анасына, ұстазына қандай жақсылық тілейтіні туралы ойлайық.  (2-3 сек)

-Балалар, ойлап болсақ, көзімізді ашайық. Параққа аты-жөнімізді жазып, жақсылықты кімге ойладық, жазайық. Осы ойлаған жақсылығымыз күннің шуағы арқылы сол адамға жетеді.

 

VІ.Дәйексөз.

-Енді, балалар, бүгінгі тақырыбымызға сай мына дәйексөзді оқып, дәптерімізге жазып алайық.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»

VІІ. «Ертегілерді өз ойларыңмен жалғастырып көр»

«Қарлығаш пен дәуіт» Ітоп

Бір қарлығаш ұя салып, балапандарын асырап жүреді. Бір күні жауыз жылан балапандарды жегісі келіп, ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды. Қарлығаш жыланды көріп, қатт қорқып, қорғап қалатын арашашы іздейді. …

«Аю мен тышқан» ІІ топ

Бір тышқан аңдаусызда аюдың апанына тап болып қалады. Одан адасып жүріп, аюдың құлағына кіріп кетеді.

Аю шошып оянып, құлағын басып қояды:ъ

-Менің құлағым-сенің інің деп пе едің? – деп ақырады. Өзіңді жақсылап сабайын ба?

-Сабамашы. Мен де бір керегіңе жарармын.

-«Бармақтай болып, не керегіме жарармын дейсің»,-деп күледі аю. Дегенмен, босатып жібереді.

VІІІ. Жүректен-жүрекке жылы лебіз білдіру.

Мұғалімдерге жүрекке жылы сөздер жазып беру.

ІХ.Қорытынды.

Ризашылық әні.

(сөзі мен әнін жазған Луиза Хей)

Ризамыз бүгінге,

Ризамыз бүгінге!

Ризамыз бүгінге,

Ризамыз қазірге!

Ризамын3, бүгінге!

Ризамын3, қазірге.

Үйге тапсырма.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
666
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі