Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жақсылық жасай білейік!

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша психологтарына
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Қарлығаш» бөбекжай-бақшасы» МКҚК

психолог Жангүл Қалмұхаш

Тақырыбы:Жақсы көңіл-күй, жан тыныштығы

Мақсаты :Баланың дамуына, психологиялық  тұрғыдан дені сау жеке  тұлға болып қалыптасуына жағымды қарым-қатынас орнату. Балалардың көңіл-күйлерін көтеру, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу,құрбыларының алдында өзін еркін ұстауға үйрету.

Мотивациялық оятушылық

Аспан түрді түндігін

Жерге сәуле шашылды.

Неткен ашық күн бүгін,

Қайырлы таң,қайырлы!

Сәлемдесу үлкенмен

Тәрбиенің басы ғой,

Ал,қанекей бәріміз.

Сәлем дейік үлкенге.

Психологиялық сәт.

-Балалар,бүгін сендердің балабақшаға келген көңіл-күйлерің қандай?Мен соны білгім келіп тұр.

-Балалар,сендер тағы қандай көңіл күй түрлерін білесіңдер?

-Сендер ренжігендеріңді қалай көрсетесіңдер?

-Қорыққандарыңды ше?

-Таңқалғандарыңды ше?

Қуанғанда,көңілді болғанда ше?

Балалар, сендердің көңіл-күйлеріңді білдім.Әрқашан күліп,қуанышты болып жүріңдер. Енді орнымызға жайғасайық.

Көзімізді жұмып, сиқырлы бұлтқа отырып, орманға ұшып барайық, орманның табиғаты тамаша екен.

Ерте,ерте,ертеде бір орманда қоян көжегімен өмір сүріпті.

Бақтар гүлдеп,құстар сайрап,көкте тырналар ұшып барады екен.Алыста сылдырап аққан бұлақтың ерке үні естіледі.Қоян мен көжегі орманда күнде серуендейді екен. Тамаша табиғатты тамашалап жүріп, көжек анасынан адасып қалады.

Көжек ары-бері жүгіріп анасын іздейді.

Көжектің көңіл-күйі түсіп жылап келе жатса алдынан мыршай,қонжық,кірпі шығады.

Олар:-Көжек ,саған не болды дейді?

-Көжек:-Мен анамнан адасып қалдым, деп жылайды.

-Кірпі:жылама көжек мен сенің үйіңді білемін,сені үйіңе апарамыз,- дейді.

Олар көжектің көңілін көтермекші болады.

Мыршай:- көжек кел, кішкене ойнап алайық сен көңіліңді көтер, сенің жылап тұрғаныңды анаң көрсе көңілі бұзылар.

Сөйтіп, олар ойнап,көжектің көңілін көтеріп үйіне анасына апарады.Қоян көжегімен табысып қуанып қалады.

Қоян қуанып,көжектің достарын дастарханға шақырады.

Көзімізді жұмып,денемізді бос ұстап,сиқырлы бұлтқа отырып,балабақшамызға қайтып оралайық.


-Балалар:

-Кішкентай көжек анасынан адасып қалғанда қандай көңіл күйде болды?

-Достары көжектің көңілін қалай көтерді?

Қандай жағдайда болмасын,қай уақытта болсын қуантуға бола ма?

Сергіту сәті: «Көңілді күн»


Осы жақсы көңіл-күймен

қазір бір-бірімізге жақсы көңіл күй сыйлау үшін,бәріміз

бір-бірімізге сыйлық жасаймыз.(Түймеден,лентадан

әр түрлі заттар жасайды) «Күн және түн»ойыны

Психолог «Күн» белгісін бергенде балалар күледі,жүгіреді,секіреді.т.б.

Ал «Түн»белгісін бергенде қозғалыстарын тыйып,бәрі ұйықтайды.

Рефлексия.

Балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетіне қатысты көңіл-күйлеріңді сезім белгілерімен белгілеулеріңізді сұраймын.Кім қандай сезім-белгісін,неге таңдағанын айтқызу.

-Күлімдеу,адамдарға қуаныш сыйлай білу-өзің де,олардың да өмірін,жасын ұзартып,денсаулығын жақсартады.Барлық адамдармен күліп амандасу,үнемі ақжарқын жүру,мүмкіншілігінше айналаңа қуаныш сыйлау-асыл қасиет.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
16.02.2021
374
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12