Материалдар / «Жақсылық жасай білейік!»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Жақсылық жасай білейік!»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Жақсылық жасай білейік!»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2018
581
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Жақсылық жасай білейік!»

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін және сөздік қорын молайту. Жаман әдеттен аулақ болуға, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Жақсы, жаман туралы түсінік беру;
жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту;
жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу.

Сәлемдесу

Балалар бүгінгі біздің сабағымыз ерекше. Бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Алдымен біз қонақтармен амандасайық.

-Сәлеметсіз бе ,


Үлкенге де «сіз»,

Кішіге де «сіз»,

Бар адамға құрметпен

Бас иеміз біз. Қимылмен балалар көрсетеді.


Шаттық шеңбері.
Қуан шаттан,қуан шаттан!

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң достым,

Қайырлы күн болсын!


- Балалар, кәне, бір – бірімізбен жұптасып тұрып,көңіл күйімізді көтерейік.
- Алақанға -алақан,

-Иыққа –иық

Арқаға-арқа

Аяққа –аяқ

Басқа-бас

Құлаққа-құлақ

Мұрынға-мұрын

Тыныштық сәті: «Су астына саяхат».

- Балалар, бізде бүгін «Жақсылық жасай білейік!» атты 
сабақ  болмақ. Жақсы, жаман, әдептілік туралы мақал - мәтелдерімізді айтайық.
Мөлдір:« Үлкенді сыйласаң, елге сыйлы боласың».
Адия:«Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені.
Алдияр : Үлкенге құрмет, кішіге ізет.


«Жақсы болу өзіңнен» өлеңін тәрбиеші мәнерлеп оқиды .

- Жақсы болу өзіңнен
Жаман болу өзіңнен
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жамандық көрсең біреуден
Мен қандаймын деп ойла.
Жақсылық көрсең біреуден
Мен қандаймын деп ойла!
- Жарайсыңдар, балалар. Балалар, бір - біріне лебіз білдіруі сәлемнен басталады. Сәлем - сөз анасы, сөздің қасиеті, сондықтан оның мағынасына мән беру әдептіліктің, адамгершіліктің баспалдағы. Олай болса амандасудың қандай ережелерін білесіңдер?
Балалардың жауаптары:

- Таныс адам алыс жерден келсе, оған барып амандасқан жөн.
: - Ассалаумағалейкум, деп амандасқанда қолғапты шешу керек.
- Дұрыс, ендеше балалар, барлығымыз бірге «Ізгі сөздер» өлеңін айтайық.
Ұл - қыз сәлем береміз
Өнегелі өренбіз.
Білер қазақ баласы:
«Сәлем - сөздің анасы». Хормен бірнеше рет қайталау.
- Балалар,енді біз «Арыстан мен тышқан» ертегісін сахналап көрсетейік.

Ертегі бойынша сұрақтар. Ертегі не жайында?

Арыстанның ұйқысын не бұзды ?

Арыстан тышқанды босатты ма?

Тышқан арыстанға қалай көмектесті?


Ойын жаттығуы. «Автобус ішіндегі көрініс».
- Балалар, сендердің үйлеріңде әжелерің бар ма?. Ендеше, мынау біздің әжеміз, ол сендерге базардан алма сатып әкелмекші. Ол үшін қандай көлікке отыруы керек?
- Автобус көлігіне.
- Ендеше, аялдамадан автобус күтейік.(Әже аялдамада тұрады).
Автобус жүргізушісі аялдамаға келіп тоқтайды. Ішіне әжей кіреді. Сол кезде оған ешкім орын бермейді.
- Балалар, қараңдаршы осы көрініс дұрыс па?, әлде бұрыс па?
Балалар еркін түрде өздерінің ойларын айтуға тиіс.
- Жоқ дұрыс емес, үлкен кісіге орын беру керек. Біз үлкендерді сыйлауымыз керек. Амандасуымыз керек. Орнымыздан тұрып: «Сіз отырыңыз» деуіміз керек деп көптеген сөздер айтып, өз ойларын білдіреді.
- Дұрыс айтасыңдар балалар, біз үлкендерді сыйлауымыз керек, амандасып, орнымыздан тұрып орнымызды ұсынуымыз керек - деп тұрып тұрған әжейге орын беріп, отырғызу.
Автобусымыз баратын жеріне жетіп, әжеміз автобустан түсіп базарға келеді. Базардан алма сатып алады.
- Міне, балалар, сендерге әжелерің базардан алма сатып әперді. Енді барлығымыз бірге «Не деу керек?» өлеңін айтайық.
Апаң сенің базардан,
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, жақсысын,
Саған таңдап әперді,
Не деп барып, жеу керек?,
- Рахмет, сізге деу керек.
- Өте жақсы.

Суретпен жұмыс

Суреттер бойынша сөйлесейік. Жаман әдеттерде қара дөңгелекшелерді көтереміз. Жақсы әдеттерде қызыл дөңгелекшені көтереміз.
- Мына суретке қараймыз, не көріп тұрмыз? Қыз бала мен ұл бала ағаш отырғызып жатыр. Бұл балалар қандай балалар?
Жақсы.
- Екінші суретке қарайық. Не көріп тұрмыз?
- Отырғызып қойған ағашты бала келіп сындырып жатыр. Бұл қандай бала?
- Ендігі суретте не көріп отырсыңдар?
- Бұл суретте бала ағашқа шығып, құстың ұясын бұзып жатыр.
Бұл қандай бала? Жаман бала.
- Ал, мына суретте не көріп тұрсыңдар? Бала құстарға ұя жасап, талға іліп қойды. Қандай бала?
- Жақсы.
Өте жақсы
- Сендер
аналарына және әкелеріне көмектесесіңдер ме?
- Кәне, қалай көмектеседі екенсіңдер к
ім айтады?
Тәрбиеші: - Біз үлкенді қалай құрметтейміз, қалай сыйлаймыз?
- Үлкеннен бұрын сөйлемеу, алдын кеспей құрметтеу керек.

Сергіту сәтін жасау.

Мөлдір:
Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса,
Үлкен болған кезінде,
Сыйлы болмақ өзі де.

Мансұр:
Апам үшін күнде мен,
Отын ағаш жарамын.
Су құямын гүлге де,
Дүкенге де барамын.

Аяжан:
Сыпырамын үй ішін,
Жуам ыдыс – табақты.
Апам бірақ мен үшін,
Оқымайды сабақты.
:- Балалар, сендер өте тәрбиелі, жақсы мен жаманды ажырата біледі екенсіңдер, үлкенді сыйлай білетін, құрмет көрсете білетін жақсы балалар екенсіңдер.
- Сонымен балалар, жақсы бала қандай болады?
Таза жүректі, әдепті, үлкенді тыңдайтын, кішіге қамқор болатын.

- Көлік ішінде егде адамдарға не істейміз?
Үлкенге орын беру. Амандасу. Ұлдар аталарды көргенде «Ассалаумағалейкум» десе, апа, әже, апайларды көргенде «Сәлеметсіз бе?» деу керек.

Қорытынды:
- балалар сендер барлық тапсырмаларды орындадыңдар. Біздің балалар жамандық пен жақсылықты ажырата біледі. Көптеген тәрбиелі мол түсініктер алды.

Тәрбиешінің сыйы: «шегенің ізі»

Ал енді жүректен –жүрекке.


- Балалар, сендер жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп, әрқашанда білімді, еңбекқор, өтірік айтпай, мақтаншақ болмай, тәрбиелі азамат пен азаматшалар болып өсулеріңе тілектеспін.Жүрекшелер таратып беру.

Ән: «Ойыншықтар» бәріміз бірге ән айту.









МКҚК №6 «Нұрай» бала бақшасы



















Тақырыбы: «Жақсылық жасай білейік!».





















Тәрбиеші: Билялова Б.Т

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!