Материалдар / Жақсылық жасап үйренейік
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жақсылық жасап үйренейік

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспарында шағын орталық тәрбиеленушілермен өтілген ашық оқу қызметінің Қатынас.Әлеумет.Денсаулық білім беру салалары қамтылған.Өзара достық.жақсылық ұғымдары туралы түсінік қалыптастыру мақсатына арналған сабақ .
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2021
338
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ШҚО Аягөз ауданы Тарлаулы ауылы "К.Кадыржанов атындағы Қызылқия жалпы білім беретін орта мектеп"КММ "Күншуақ"ақылы шағын орталық тәрбиешісі

Сембаева Маржан Қайроллаевнаның өткізген 2021-2022оқу жылындағы ашық оқу қызметі


Білім беру саласы:Қатынас, Әлеумет, Денсаулық.

Бөлімі: сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: «Жақсылық жасап үйренейік»

Мақсаты: «Өзара достық», «жақсылық» ұғымдары туралы түсінік беру.

Міндеттері:

  • достық қарым – қатынас туралы түсініктерін кеңейту;

  • үлкендермен, құрбылармен сыйластық қарым – қатынас мәдениетін дамыту;

  • достықты қадірлей білуге тәрбиелеу;

Әдіс – тәсілдері:

  1. Әңгімелесу

  2. Сұрақ – жауап (логикалық миға шабу)

  3. Ата – анамен жұмыс

  4. 4К модель коммуникация,сыни ойлау,командалық жұмыс.

  5. Денсаулық сақтау технологиясы (саусақ, сергіту жаттығулары,артикуляциялық жаттығулар)

  6. Рефлексия

Сөздік жұмыс: мейірім, жақсылық, достық, т.б..

Алдын - ала жұмыс: Жақсылық пен жамандық туралы әңгіме жүргізу, Жақсылық, достық туралы суреттер мен мультфилімдер көру.

Биллингвалды компонент: Жақсылық – добрата, достық – дружба.

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Біздің топта балалар,

Тату-тәтті ойнайды.

Дос көңілі әрқашан,

Тек жақсылық ойлайды.


«Сәлемдесу» ойыны.
Балалар, қане, бір – бірімізбен ерекше амандасайық. Қазір біз сіздермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір біріңмен тез тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… арқамен.
Балалар біздің бүгінгі сабағымыз «Жақсылық жасап үйренейік» деп аталады. Жақсы сөз жарым ырыс. Жақсы сөз естісең, жаның жадырап сала береді. Жақсы сөз ашу шақырмайды, жүрегіңді жылытады, тек қана жақсылыққа жеткізеді, бақытқа кенелтеді, қуанышқа бөлейді.

Ұйымдастыру- ісдестіру

Әңгімелесу.
• Балалар, жақсылық деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
• Жақсылық жасау деген не?
• Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?
• Өздеріңнің жақсылық істерің туралы естеріңе түсіріп айтып беріңдер?

Жақсылық жасау дегеніміз өздерің айтқандай адамдарға, айналаға, табиғатқа, қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір – біріне жиі жақсылық жасауы оларды жақындастырады, достастырады. Олардың бір – біріне деген сыйластығы артады. Жақсылық жасау – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады.

Ғажайып сәт:

Топқа сандығы бар Лунтик келеді.

Лунтик: Сәлеметсіз бе!

Тәрбиеші: Сәлеметсін бе, Лунтик! Сен неге көңілсізсін?

Лунтик: - Мен сендерге ертегілер елінен келдім.Ертегілер еліндегі ағаштардың бәрі қурап жапырақтары түсіп қалды.Мына сандықшаны жапырақтармен толтырып бере аласыңдар ма? Ол жапырақтарды алу үшін көп жақсылық жасау керек екен. Сендер көмектесе аласындар ма?

Тәрбиеші: Әрине біздің балалар көмектеседі! Ендеше балалар «Жақсылық жасау» еліне аттанайық!

-Олай болса кеттік паравозға отырайық.

(Балалар хормен орындайды,музыка әуенімен)

Кәне, кімнің бойы ұзын,

Паравозы ол пойыздың.

Қатар-қатар тұрайық,

Поезды біз құрайық

Гу-гу, гу-гу, гуілде,

Қалып қойма бәрің де,

Пш-пш, пш-пш біз кеттік,

Жүрісті тым тездеттік. (Артикуляциялық жаттығу)

Тәрбиеші: Балалар міне «Жақсылық еліне» де келіп қалдық.

«Мейірімділік» станциясына келіп тоқтадық.

1 тапсырма «Ситуациялық сұрақтар» Сыный ойлау

Интерактивтік тақтада суреттер көрсетіп балаларға сұрақ қою 1.Сен автобуста келе жатырсың. Автобусқа апа кіреді. Сен....

- Ал сен апаға орыңды бермесең не болады?....

2. Саған анаң балмұздақ береді.Сен балмұздақты өзің жеп аласың ба?

- Ағаңмен бөлісіп жейсің бе?

3. Сенің досың құсты таспен атпақшы болады

- Сен оған қосылып бірге тас атасың ба?

- Досыңды тоқтатып, атуға болмайтынын айтасың ба?

( Жауап берген балаларға жапырақ беріледі)


Тәрбиеші: Жарайсындар балалар. Енді поезд құрып келесі станцияға барайық.

Қатар-қатар тұрайық,

Поезды біз құрайық

Гу-гу, гу-гу, гуілде,

Қалып қойма бәрің де,

Пш-пш, пш-пш біз кеттік,

Жүрісті тым тездеттік.


«Достық» станциясына келдік

2 тапсырма. «Жақсылық жаса»

Балалар жылып отырған қоянды көреді. Балалар қоянды түлкі алдап кетіпті. Қане қоянды жұбатып жақсы сөздер айтайықшы.

Балалар тапсырманы орындайды.(Жапырақтар сандыққа салынады)

Сергіту сәті

Анамызға көмектесеміз........(шапалақтайды)

Құстарға тас атамыз...............( аяқпен топылдатады)

Атаға орын береміз.................

Мысықты құйрығынан жұламыз ...........

Гүл суарамыз..........

Апаға гүл силаймыз........


«Қамқорлық» станциясы

3 тапсырма: «Жақсылық жасау ізімен»

Балалар ата- анасымен жасаған үй тапсырмасының фоталарын тақтаға жапсырып жапырықтарды сандыққа салады.


«Жақсы істер» станциясы

4 тапсырма: «Жақсылық пен жамандық» дидактикалық ойын

Балалар жақсы мен жаман істерді бөліп қояды.

Тәрбиеші: Жарайсындар балалар! Енді біз өз тобымызға қайтайық.


Қатар-қатар тұрайық,

Поезды біз құрайық

Гу-гу, гу-гу, гуілде,

Қалып қойма бәрің де,

Пш-пш, пш-пш біз кеттік,

Жүрісті тым тездеттік.

Тәрбиеші: Міне үйге де келіп қалдық. Балалар қарандаршы біз Лунтиктің сандығын көп жақсылық жасап жапырақтарға толтырып бердік. Енді Лунтик ертегілер еліне қайтады.

Лунтик: Рахмет сендерге балалар сендер сондай жақсы мейірімді балалар екенсіндер. Сендерге кішкетай сыйлығым бар.Сау болыңдар!

Рефлексивті –түзетушілік.

Қорытынды:

Балалар біздер бүгін не туралы айттық?

Сонымен жақсы адам болу оңайма, ол үшін не істеуіміз қажет? Бүгін «жақсылық» деп аталатын сөздің мағынасын түсініп, білдік. Өзіміздің қандай екенімізді, бойымызда қандай құнды қасиеттердің бар екенін білдік. Айналаңдағыларға жасаған жақсылықтың ұмытылмайтынына, өзіңе қайтып оралатынына көз жеткіздік.

Балалар мына күнге қарандаршы көңіл – күйі жоқ болып тұр.

Оған жақсы көңіл күй сыйлайықшы.Біз жүрегіміздегі мейірімділікті осы күнгі сыйлайықшы. Мына гүлдерді алып күнге сыйлайық.

Қарандаршы, күніміз сендердің мейірімділіктерінен жарқырап кетті!


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Бір – біріне деген мейірім, достық сезімдерін білулері керек.

Болуы керек: Мейірім, жақсылық ұғымдары туралы пікірлері болуы керек.

Баланың қолынан келуі: Жақсылық іс-әрекеттерін орындай білуі керек.














Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!