жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Жақсылық жасау да - бақыт"
Сабақтың тақырыбы:
Жақсылық жасай білейік!
Сабақтың мақсаты:
1.Жақсылықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
2.Ақыл – ойын шыңдау,жақсылық жасай білу,іскерліктерін дамыту.
3.Жақсылық жасай білуге,қайырымдылыққа,қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа сай суреттер,журекшелер,мақал-мәтелдер.
Сабақтың әдісі: түсіндіру,мәтінмен жұмыс жүргізу,сұрақ-жауап алу.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Қазақстан Республикасының Гимнін орындау.
2.Психологиялық дайындық.
Үлгі аламыз жаңадан
Жақсылықтан үйреніп
Боламыз біз жақсы адам
Жамандықтан жиреніп.
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Жақсылық жасай білейік!».
ІІ.Негізгі бөлім.
1.Кіріспе.
Жақсылық – ол адамдарға,айналаға,табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасауды,көмек көрсетуді білдіреді.Адамдардың бір-біріне жақсылық жасауы,оларды жақындастырады,достастырады.
Жақсылық жасау- адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы қасиеті бар адам қол ұшын беруге,жанашырлық танытуға, кішіге қамқор болуға дайын тұрады.
Адамның ішкі сұлулығы – адамның жүрегі,жүрек жылуы,ар- ұят , мейірімділік , жақсылық,адамшылық осы жүректен туындайды.
Жақсы адам әрқашан сөзінен ,ісінен көрінетін кісі.Жақсылық жасау – әр адамның қолынан келеді.Жылы жүрек,ақниет,сезім адамды жақсылыққа бастайды.Жақсылықтан жақсылыққа ұмтылу адамды бақытта,игілікке жеткізеді.
2.Суретпен жұмыс.
3.Мәтінмен жұмыс.
Жақсылық пен жамандық.
Ертеде Адам ата өз ұрпағын сынау үшін адамның оң иығына жақсылықты,сол иығына жамандықты отырғызып қойыпты.Адам бір іс жасарда жақсылық жаса десе,жамандық жасама деп сыбырлайды екен .Сөйтіп адамның бойында қай қасиет басым екенін байқамаққа оны сапарға аттандырыпты.Адам біраз жол жүріп,өзен жағасымен шаршап келе жатса,судың жағасына шығып қалған балықты көреді.
Балық секіріп суға жете алмай жатыр екен.Жақсылық жаны ашып:
-Адам ,ана балыққа көмектесіп жібер;- десе,Жамандық:
-Қой жөніңе жүре бер,уақытыңды алма дейді.
Адам балықтан әрірек асып барып,мойнын бұрып қарайды.Балық шарасыздан көзі жәутеңдеп,көмек сұрағандай болады.Адам шыдай алмай кері бұрылып барып,балықты суға жіберді.Балық ризашылығын білдіріп,суға ойнақшып,секіріп,құйрығын бұлғақтатып суға секіріп кетеді.
Адам одан әрі жүре береді.Бір теректің қасынан өтіп бара жатып,шыр-шыр еткен дауысты естіп тұра қалады.Қараса кішкене ғана торғайдың балапаны ұясынан құлап қалған екен.Еңкейіп енді көтерейін деп жатса,Жамандық:
-Осы торғайдың балапанына бола жолдан қалмақпысың? Оны көтеріп ұясына салу үшін теректің басына шығу керек.Мерт болсаң қайтесің ? Өзің далада,ит-құсқа жем боласың ғой,-дейді.
Адам ойланып тұрып қалады.Осы сәтте Жақсылық:
-Ей , адамзаттың баласы,сен әлсіздерге қорған болып,қол ұшыңды беру үшін жаратылғансың.Мына бишара балапанды ұясына сала кет.Шарапаты тиеді,- дейді.
Адам тағы да да шыдай алмай балапанды алып,теректің басына өрмелеп шығып, ұясына салып кетеді.Балапан шиқ-шиқ етіп,қанатын қағып разы болады.
Сосын адам демалып алмақшы болып отырғанда Жақсылық:
-Әй, адам-ау,сен неге адалдығыңнан айнуға дайын тұрасың.Сен осы лардан жақсылық жасауды үйрен дейді.Сол кезде адам өз ойынан ұялып,райынан қайтады.
Сөйтіп Адам ата ұрпағын алдына шақырып алып:
-Міне,балам жамандыққа ерсең жаман боласың,жақсылыққа ерсең жақсы боласың. Мен саған бірнеше мүмкіндік бердім,сен бәрінен мүдірмей өттің,разымын.Енді осылай адамдығыңнан айнымай,айналаңа қамқор болып,жамандыққа жоламай,жақсылыққа жолдас бол,- деп батасын береді.
Содан бері адам баласы жақсылықпен мұратына жетіп келеді екен.
Сұрақ :
-Неліктен адам жақсылықтың айтқандарын орындады деп ойлайсыңдар ?
-Жақсылық жасау үшін адамның бойында қандай қасиеттер болу керек?
4.Тірек – сызбамен жұмыс.
адамгершілік
мейірімділік
жаңашырлық
Жақсы
адам
рақымшылық кішіпейілділік
қамқорлық жылы жүректі бауырмалдық
-Егер адам бойында осындай жақсы қасиетер көп болса жамандықтан жиреніп,жақсы әдетке үйренеді.
-Әлемдегі барлық адамдар жақсылық туралы ойлап,жақсылық жасауға ұмтылатын болса,онда әлемде тыныштық,ынтымақ орнайды,адамдар бақытты өмір сүреді.
5.Дәптермен жұмыс.
Дәйексөз:
Жақсының жақсылығын айт,нұры тасысын.
6.Сергіту сәті...
7.Сөздің көркі- мақал.
Жақсылық суға батпас
Бір шығар тегін жатпас.
Жамандық пайда етпейді
Жақсылық зая кетпейді.
Жақсылық жан жадыратар.
Жақсы адам- елдің ырысы
Жақсы сөз – жанның тынысы.
ІІІ.Қорытынды.
«Біреуге жақсылық етсең,ол жақсылығыңды міндет етпе» деп Ы.Алтынсарин ағамыз айтқандай, жақсылық жасау – адамгершіліктің белгісі.
Мен тілеймін,жарқыным, сен де тіле
Орнасын дер жақсылық жер бетінде
Мен сағынсам,сен-дағы сағын, жаным
Тек жақсылық адамнан табылғанын.
Жүректен-жүрекке
(жүрекшелерге тілектерін жазып,бір-біріне сыйлайды)

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген