400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жақсылық жасауға ұмтыл" тақырыбындағы тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
қашықтықтан өткізуге арналған презинтация
Материалдың қысқаша нұсқасы



11.02.2020 жыл


ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУҒА ҰМТЫЛShape4

Shape1

Shape2 ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУҒА ҰМТЫЛ


МАҚСАТЫ: оқушыларға жақсылық жасаудың адами қарым қатынастағы мәнділігін түсіндіру; оқушылардың достық қатынаста болып үлкенді сыйлау, жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту. өмірге қажетті білік, дағдыларын қалыптастыра отырып, әдептілік қағидаларын меңгерту. Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу.
ӨТКІЗІЛУ ФОРМАСЫ: тренинг, сұрақ - жауап

ӘДІСІ: сын тұрғысынан ойлау, топтастыру, ой бөлісу

КӨРНЕКІЛІГІ: презентация

ТРЕНИНГ ЖОСПАРЫ:

І. Психологиялық дайындық
ІІ. «Ойлан, тап» ІІІ. «Жақсылық атаулының белгісі» бейнеролик ІV. «Сұрақ – бізден, жауап – сізден» ойыны V. «Еркін жазу стратегиясы» ойыны VІ. «Ұтысссыз лотерея» ойыны ҮІІ. Қорытынды.


І. КІРІСПЕ:

Психологиялық дайындық: ТӘРБИЕШІ СӨЗІ:

Түн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда жан – жағым.

Бүгінгі сабағымызда тақтадағы математикалық сандарды өсу ретімен орналастырсақ сабағымыздың тақырыбы шығады. Әр топқа сандар жазылған, артында әріптер жасырылған сандар таратылады.

ІІ. «ОЙЛАН, ТАП» ӘДІСІ

Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі тренингіміздің тақырыбы «Жақсылық жасауға ұмтыл » деп аталады. Әрадамның бойында өзіне тән жақсы қасиеттер болады. Алдарыңыздағы кішкентай жүрекшелерге өздеріңіздің есімдеріңізді жазып өз атымыздың бастапқы әріпінен басталатын жақсы қасиеттерді жазып, үлкен жүрекшеге ілеміз. Мысалы: Жанель ақылды, Мағжан мейірімді т.с.с

Міне, көрдіңіздер ма, адамдардың бойында қаншалықты жақсы қасиеттер барын айтып, кішкене жүрекшеден үлкен жүрекше жасадық.

Ақ ниетпен жазылған асыл қасиеттеріңіз үшін сіздерге үлкен рахмет. Дана Абай атамыз айтқандай «Әрдайым жүректерің жалынға толып, өмір қуатын берер жүректеріңді таза сақтаңдар» дегім келеді.


ІІІ. «ЖАҚСЫЛЫҚ АТАУЛЫНЫҢ БЕЛГІСІ» бейнеролик көрсете отырып, оқушылармен пікірлесу

ІV. «СҰРАҚ – БІЗДЕН, ЖАУАП – СІЗДЕН» ойыны

  • Жақсылық жасау дегенді қалай түсінеміз?

  • Жақсы болу, жақсылық жасауды қалай үйренуге болады?

  • Жақсы адам бойында қандай қасиеттер болады?

  • Адамгершілік дегеніміз не?

  • Адамгершілік қандай қасиеттерден тұрады?


V. «ЕРКІН ЖАЗУ СТРАТЕГИЯСЫ» ОЙЫНЫ

Нұсқаулық: алдымыздағы парақшадағы «Мен» деген өзі туралы сұрақтарға әркім жауап береді.

  • Мен кіммін?

  • Мен қоғамда қандай рөл атқарамын?

  • Мен қандаймын?

  • Мен не істей аламын?

  • Мен үшін не қажет?

VІ. «ҰТЫСССЫЗ ЛОТЕРЕЯ» ОЙЫНЫ (жағдаяттар шешу)

Лотерея билеттерін алып, жағдаяттан шығуы тиіс. Жағдаяттан шыға алған оқушыға қошамет жасау

Жағдаят:

Раушан сыныптасынан кітап жетіспегендіктен математика оқулығын сұрап алды. Оны сіңілісі жоғары қойған жерінен алып , жыртып тастады. Енді раушан сыныптасына не деп жауап қайтарады?оны досы кешіре ме?

Жағдаят:

Мирас пен Әділдің үйлері көрші тұратын. Олар бүгін мектепке ертерек шығып, асығып келеді. Себебі бірінші сабақ математика сабағы. Сынып жетекшісі оқушыларға бақылау жазатындарын ескертіп, бәрінің түгел келуін тапсырған. Кенет алдарынан ауыр сөмкесі бар қарт әже кездесті. Әділ мен Мирас не істер еді?

Жағдаят:

Айдос мектептен келіп әкесіне сабағын оқып берді. Баласының сабағын білгеніне әкесі риза болып, оған балмұздақ алатын ақша берді. Айдос ікесінің берген ақшасына балмұзақ алуға дүкенге жүгірді. Кенет аялдамада қарны ашқан жас баланы көрді. Баланың қолы, беті тоңған.сендер айдостың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

Адамның жақсы қасиеттері–оның жоғары қасиеті. Жақсылықтың негізгі сипатының бірі өзі үшін ғана емес, ел, қоғам үшін өмір сүру, адамдық пен ар, намысты ардақтау. Әруақытта жақсылыққа дайын болу.

VІІ. ҚОРЫТЫНДЫ:
Тәрбиеші: Адамдар бір– біріне жақсылық жасаудан жалықпаса, өмірде сыйластық, қамқорлық, достық, сүйіспеншілік қарым – қатынас болады, қоғамда татулық, бірлік, ынтымақ орнайды Ы.Алтынсарин: «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе», -депті. Жақсылық жасау адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жанашырлық танытуға, кө мек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Риясыз жақсылық жасау – биік адамгершіліктің белгісі.




Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған № 4 облыстық мектеп -интернатында 2020 жылдың 11 ақпан күні өткізілген «ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУҒА ҰМТЫЛ» тақырыбындағы тәрбие сағатының

ХАТТАМАСЫ

Қатысуға тиісті : 23

Қатысқаны : 23

Күн тәртібінде

  1. «ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУҒА ҰМТЫЛ» тақырыбында өткізілген тәрбие сағатының мақсаты мен жоспар бойынша өткізілетін жұмыс түрлерімен таныстыру.

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша, 8 «а»-сынып тәрбиеші Серікбай Майра сөз алып, әр оқушыға стикерлер таратты. Берілген стикерлерге оқушы кез-келген досына жақсы қасиеттері жайлы жазу керек болатын. Бұл тапсырманы барлық оқушы толық орындап, оқып шықты. Жалпы сабақтың мақсаты : оқушыларға жақсылық жасаудың адами қарым қатынастағы мәнділігін түсіндіру; оқушылардың достық қатынаста болып үлкенді сыйлау, жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту. өмірге қажетті білік, дағдыларын қалыптастыра отырып, әдептілік қағидаларын меңгерту, оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу. Оқушыларға ұйымдастыру кезеңінде шағын сергіту сәті ұйымдастырылды. Танымдық сабақ жақсылық жасау туралы қысқаша танымдық видеороликтерге жалғасты. Осы кезде оқушыларға 3 видеоролик көрсетілді. Видеороликтер аяқталысымен сынып тәрбиешісі оқушылардан видеороликтен не түйгенін, не түсінгенін сұрады. Жақсы жауап бергендер қатарында Байғабыл Нұрдаулет, Ермағамбет Диас, Үсіпбекова Ақниет болды. Сонымен қатар басқа да оқушылар өз ойларын білдіріп жатты. ІІ кезеңіміз сынып тәрбиешісі Серікбай Майраның оқушыларға қойған сұрақтарына ұласты. Бұл кезеңде де ешбір оқушы тыс қалдырылған жоқ. Барлығы белсене жауап беріп отырды. Осы орайда сынып тәрбиешісі ұйымдастырған лотерея ойыны өтті. Ойынның шарты жағдаятты шешу болды. Тәрбиеші кез-келген оқушыны тұрғызып, жағдаятты оқып берді. Ойын барысында барлық дерлік оқушы белсенділік танытты. Жағдаятты шешу барысында тәрбиеші тарапынан жан-жақты сұрақтар қойылды. Ойын өте тартысты әрі қызықты өтті. Оқушылар барлық жағдаяттың шешімін табуға барынша атсалысты. Ойын аяқталысымен, соңғы кезеңінде танымдық сабақ сынып тәрбиешісінің жақсылық жасау жөніндегі жадынамасымен қорытындыланды.

ҚАУЛЫ:

  1. Жақсылық жасау ұғымын оқушыларға терең ұғынуға үйрету сынып тәрбиешісі Серікбай Майраға тапсырылсын.

ХАТШЫ: Жорабек Э



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1065
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі