400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Жақсылық жолымен жүреміз

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін өзі тану мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп: Тірек мектеп (РО) «Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ» КММ

Мерзімі: 23.01.2019

Мұғалім: Мадкенова А.М.

Тақырып:Жақсылық жолымен жүреміз

Сынып: 1 «а»

Құндылық:ішкі тыныштық

Қасиеттер: ізгілік, риясыздық, саналылық.

Мақсаты: оқушыларға адам өміріндегі жақсылықтың маңыздылығын жеткізу арқылы ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:

-оқушыларға жақсылықтың мәнін ұғындыра отырып, ізгілік қасиеті туралы түсінік беру.

- оқушыларды ізгі қарым- қатынас жасауға баулу арқылы риясыздық қасиетіне үйрену.

- оқушыларды ізгілік, риясыздық, саналылық қасиеттеріне тәрбиелеу.

Ресурстар


Оқулық, дәптер, мақал –мәтел, дәйексөз, жағдаят.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. 
Тыныс алуға зейін қою.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз…,арқамызды тіктейміз…, қолдарыңды тізеге қоюға болады… Д е м   а л….. ш ы ғ а р… (жаймен 9-10 рет) немесе 1………………2



Оқушылар сәлемдеседі.

1. Үй тапсырмасын тексеру:

«Жақсылық»туралы 2-3 мақал – мәтел жаттап келу.


2.Дәйексөз

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын».                                                                                                        Халық мақалы.

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу

Бәріміз қосылып айту.

  • Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?


Мағынасын түсіндіру.

3.Әңгімелеу (Мұғалім сыйы)

Жалғыз дән

Ә.Нұршайықов

Қарт кісі жолаушылап келе жатып, кешке қарай жолда өсіп тұрған жалғыз масақ бидайға кездеседі. Оны үгіп, бар дәнін алақанына салып, қауызын желге ұшырып жібереді. Сол кезде бір дән қарттың алақанынан домалап жерге түсіп кетеді. Әр шөптің түбін ақтарып, қарт оны көп іздейді. Сөйтіп отырғанда күн батады. Төңірек қараңғы тартады. Қарт ол дәнді ертең келіп, жарықта тауып алайын деп таяғын шаншып кетеді.

Ертеңінде таңертең кешегі жерге келеді. Шаншып кеткен таяғының маңы гүлдеп тұр екен. Жалқы дән қалың бидай болып тербеліп тұр. Жалғыз дәнді далада қалдырмауға тырысып, қамқорлық жасағаны үшін табиғат-ана адамға осылай разылық білдірсе керек.


  • Қарт адам жалғыз масақты не үшін көп іздеді?

  • Адамдар табиғатқа неліктен қамқорлық танытады?

  • Табиғат-анаға қамқорлық танытқанда қандай сезімде боласыңдар?

  • Өзіңнің табиғаттың бір бөлшегі екеніңді қалай түсінесің?


Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.

4.Шығармашылық іс – әрекет, топтық жұмыс

Тапсырма. (83 – бет)

Жақсылықты оймен, сөзбен, іспен жасауға болатынын сахналап көрсетіңдер.

Picture 2

Оқушылар тапсырмаларды орындайды.

5.Топпен ән айту

Бақыт әні

Өлеңін жазған:Тұманбай Молдағалиев

Әнін жазған:Ибрагим Нүсіпбаев

Жас талдарды мәпелеп,

Толқынды жетелеп.

Оятып әнмен алқапты,

Күтеміз бау-бақты.

Қайырмасы:

Жасыл бау-бақ сәніміз,

Айтатын әніміз.

Біз күлеміз,ойнаймыз,

Шатыққа тоймамйыз.

Жас төлдерді бағамыз,

Жайлауға барамыз.

Жүземіз суға біз,

Бақыт деп туғанбыз.

Әнді ерекше көңілмен айтып, сергиді.

6.Үй тапсырмасы:

«Жаңаны білеміз» оқып келу.

Күнделіктеріне  жазады.

7.Сабақтың соңғы тыныштық сәті

Енді көзімізді жұмайық. Сабақта айтылған барлық жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық. Ол сендерге үнемі қуаныш сыйлап, жүректеріңді нұрға толтырсын! Көздеріңді ашыңдар. 
-Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!


Оқушылар көздерін жұмып дем алады.


Тексерілді:



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қаңтар
1509
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі