15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жақсылық жолымен жүреміз
Өзін – өзі тану сабағының жоспары
Бекітемін:
Мектеп: А. Байтұрсынов атындағы №10 жалпы орта білім беретін мектеп.
Мерзімі:
Тақырып: ІІІ тарау.Адам болам десеңіз № 17 сабақ. Жақсылық жолымен жүреміз
Құндылық: Тыныштық
Қасиеттер: әдептілік, ашуланбау, шыдамдылық, тәртіп
Мұғалiм: Мукашева Гульназ Амангалиевна
Сынып: 1
|
Сабақ мақсаты: оқушыларға адам өміріндегі жақсылықтың маңыздылығын айта отырып, тыныштық құндылығының мәнін ашу. Сабақтың міндеттері: - оқушыларға адам бойындағы ізгілік қасиеттер туралы түсінік беру. - оқушыларды шындықты айта білуге, адалдыққа үйрету. - оқушыларды үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор бола білуге тәрбиелеу.
|
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) Оқулық, дәптер, күнделік, АҚТ, плакат, маркер,смайликтер |
|
Сабақ барысы:
Өзін-өзі тану сабағының ережесі «5-Т» қайталау, «5» жұмыс құралын түгендеу: күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш. Ертеңгілік шеңбері Қол алысып, қәне, біз, Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір тұру, Достарменен бір жүру! Қандай жақсы дос болу! Достарыңмен бір күлу. |
Сабақ барысын талдау: Шаттық шеңбері |
|
2. Үй тапсырмасын тексеру № 17 сабақ 78 бет «Бір жұлдызды құтқару». Аңыз әңгіме Талқылауға арналған сұрақтар:
|
Оқулық |
|
3. Дәйексөз « Жақсылық –жан азығы» Халық даналығы
Талқылауға арналған сұрақтар:
|
Оқулық |
|
4. Әңгiмелеу. Мұғалімнің сыйы. «Жақсылық пен Жамандық» Бұрынғы өткен заманда
Жақсылық, Жамандық атты екі адам болыпты. Бір күні Жамандық жаяу
жүріп келе жатса, артынан бір атты кісі жетіпті. Екеуі жөн сұрасып,
қайда бара жатқанын білісіпті. Ол келген Жақсылық екен. Сонда
Жамандық тұрып:
|
Әлеуметтік желі |
|
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Оқушыларды екі топқа бөлемін: 1 тапсырма «Жақсылық» сөзінің әрбір әрібінен басталатын адамгершілік қасиетті білдіретін сөздер жазады. 2 тапсырма Суреттерді мұқият қарайды. Мұндай жағдайларда қандай жақсылық жасауға болатынын ойланып шешеді. Өз шешімдерін ортаға салып айтады. |
Фигуралар арқылы топқа бөлу. |
|
6. Топпен ән айту. Ақ мамам Өлеңін жазған: Т.Молдағалиев Әнін жазған: И.Нүсіпбаев
Толқынды жетелеп. Оятын әнмен алқапты, Күтеміз бау-бақты. Қайырмасы: Жасыл бау-бақ сәніміз, Айтатын әніміз. Біз күлеміз, ойнаймыз, Шаттыққа тоймаймыз.
Жайлауға барамыз. Жүземіз суға біз, Бақыт деп туғанбыз. Қайырмасы: |
Үнтаспа |
|
7. Үйге тапсырма. № 9 сабақ 44 бет « Отбасы татулығы» оқу |
Оқулық |
|
8. Қорытынды. «Соңғы тыныштық сәті»
Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Адамдарға қиянат жасамай, ренжітпей, көмектесе білейік. |
Үнтаспа |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген