Жақсылық жолымен жүреміз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жақсылық жолымен жүреміз

Материал туралы қысқаша түсінік
Жақсылық-жан азығы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:

Мерзімі :17.01.2019ж.

18 сабақ

Тақырыбы : Жақсылық жолымен жүреміз

Құндылық:дұрыс әрекет

Қасиеттер:жақсылық, қайырымдылық, қамқорлық

Мұғалiм: Жолдыбекова Р.А.

Сынып: 1 «Ә,Б,В»

Оқушылар саны:


Сабақ мақсаты:
Оқушыларға жақсылық жасауға, жаман істерден аулақ болуға үйрету



Міндеттері:



Білімділік: Қайырымдылық, қамқорлық ұғымдарымен таныстыру

Дамытушылық: оқушыларға жақсылық жасау жайлы түсініктері мен өмірде кездесетін жағдаяттар мен байланыстыра отырып, түсініктерін дамыту

Тәрбиелік:Сыйластыққа, үлкенді құрметтеуге, көмек көрсетуге,жанашырлық танытуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

Көрнекілігі:Дәйексөз, таратпа материалдар

Жабдықталуы: Үлестірме қағаздар, түрлі – түсті қарындаштар,музыкалық сүйемелдеу

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.Түгендеу.Тыныштық сәті

Сәлеметсіңдер ме оқушылар? Көңіл- күйіміз қалай? Сабаққа дайынбыз ба? Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: "Жақсылық жолымен жүреміз" деп аталады.Сабағымызды бастамас бұрын ойша саяхатқа шығып көрейік.

Ыңғайланып отырамыз, көзімізді жұмамыз. Қане, киімімізді жөндейміз, түрімізді әдемілеп, шашымызды тарап, ұқыпты бала боламыз. Бүгін балалар, барлығымыз "Өзін- өзі тану қаласына" саяхатқа шығамыз. Өзін - өзі тану қаласының бүгін "Жақсылық" деп аталатын ауданына баратын боламыз. Барлығымыз сыныптан шығып, мектеп алдында тұрған сиқырлы кілемге отырайық. Көзімізді қатты жұмамыз. Қазір сиқырлы кілем әп- сәтте бізді керек жерімізге апарып тастайды. Енді кілемнен түсеміз. Бұл қаланың осы ауданында ешкім бір- бірімен ұрсыспайды. Үлкендерді сыйлайды. Тәртіпті. Қаланың тазалығы мұнтаздай. Көшелерде әдемі жайқалып гүлдер өсіп тұр. Мөлдіреп аққан тау суы, өте тамаша. Ешкім көшеге қоқыс тастамайды. Балалар, енді осы жақсылық ауданынан өзімізге достар іздеп көрейікші. Ол достарымыз бізге не үйретеді екен? Не үшін олар бізді өздерінің аудандарына барғанымызда құшақтарын жая қарсы алды?

Балалар, бізідің сиқырлы кілеміміз келіп тұр ғой, достарымызбен қоштасамыз, сиқырлы кілем бізді өзіміздің мектебімізге, өзін -өзі тану сабағына қайта апарады.

Қане, көзімізді ашамыз.

Сабақ барысын талдау:

Ұйымдастыру кезеңі арқылы балалардың сабаққа деген қызығушылығын ояту. Балаларға жақсы көңіл-күй сыйлау.

2.Үй тапсырмасы:

82 бет.«Қамқорлық» мәтінін оқу


3.Дәйексөз. Мағынаны тану.Жақсылық-жан азығы.

Оқушылар 2 рет қайталап айтады.

4.Әңгімелесу.Миға шабуыл.

- Баланың жасаған іс- әрекетін қалай сипаттар едіңдер?

- Жасаған жақсылықты не үшін міндет етпеу керек?

- Жақсылық жасау парыз ба?

- Жақсылыққа жаны құмар адамның бойында қандай құндылықтар болады?

Оқушылар өз ойларын ашық білдіре алады.

Дәптермен жұмыс

Жұмыс дәптеріндегі берілген 2- тапсырманы өз бетінше орындау

Балалардың ойлау қабілетін дамыту

5.Шығармашылық жұмыс.

Жақсылықты оймен,іспен,сөзбен жасауға болатынын сахналап көрсету.

1 топ: Мен анама туған күніне не сыйлаймын.Оймен жақсылық жасау.

2 топ: Арман мен Ақниет есік алдына ағаш отырғызады.Іспен көмектесу.

3 топ: Барлық балалар «Үлкенге құрмет.кішіге ізет көрсетуді ұмытпау керек. Сөзбен жақсылық жасау.

Мұғалім мен оқушыларды сахналау.

СЕРГІТУ СӘТІ: Жұмыр қылыш. Бейнетаспадан қоямын.

Тақырыпқа сай берілген тапсырма арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту, оқушылардың меңгерген білімін көрсетуге мүмкіндік беру, оқушылардың ой ұшқырлығы мен қиялын шыңдау.





Оқушылар бір сәт сергіп алады.

6.Топпен ән айту. Айтбаевтың «Балдырған» әнін орындайды.


7.Үй тапсырмасы.

87 бет «Мейірімнің күші» мәтінін оқып келу.

Сабақта меңгерген білімдерін көрсеру және дамыту мақсатында берілетін, оқушылардың өздігінен орындауға арналған үй тапсырмасы.

8.Бағалау.Оқушыларға сабақ барысында жарайсың,жақсы,керемет сөздері жазылған жұлдызшалар таратамын.Ынталандыру мақсатында тамаша,керемет,өте жақсы сөздерін пайдаланып отырамын.


9.Қорытынды.

Жақсылық жасау дегеніміз-адамдарға,айнала қоршаған ортаға,табиғатқа деген қайырымдылық пен қамқорлық.


Кері байланыс арқылы оқушылардан сабақ туралы пікірлерін сұраймын.Оқушылар гүл шоғы арқылы өз ойларын білдіреді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
27.04.2021
788
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі