Жақсылықпен жаным дос

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жақсылықпен жаным дос

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырып: Жақсылықпен жаным дос

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: қайырымдылық, байсалдылық, ынтымақтастық.

Сабақтың мақсаты: Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

  • Оқушыларға риясыз жақсылық жасаудың маңызын ұғындыра отырып, қайырымдылық қасиеті туралы түсініктерін кеңейту;

  • Оқушыларды барлығының жақсы жағынан көре білуге,жақсы, ізгі істер туралы ойлауға баули отырып, байсалдылық қасиетін дамыту;

  • Оқушыларды ынтымақтастыққа, қайырымдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. 5 «Т»ережесін ескерту.Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»

  2. Үй тапсырмасын тексеру

7-сабақ. 28-беттегі «Жақсылыққа-жақсылық» ертегісін оқып келу.

Сұрақтар:

  1. Бала өзімшілдігінен қалай айырылды?

  2. Тіл бітіп сойлеген жолдың, мәуелі ағаштың, өзеннің сөзінен кейін балада қандай құндылықтың көзі ашылды деп ойлайсыңдар,

  3. Біреуді таны, таныма, жақсылық жасау - парызың- дегенді қалай түсінесіңдер?

  4. Бала өмірден алған сабақтарынан тағы қандай қорытынды жасауы мүмкін?

  5. Сендерге де осылай риясыз жақсылық жасағандар болды ма? Әңгімелеп беріңдер.

Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

Жақсылық істеуден жалықпа, істеген жақсылығыңа өкінбе!

Кабуснамадан

Ұлдарға оқыту, қыздарға оқыту


  1. Әңгiмелеу. Мұғалім сыйы

Жақсылық

ертегі

Ертеде Данышпан  ата өз ұрпағын сынау үшін адамның оң иығына жақсылықты, сол иығына жамандықты отырғызып қойыпты. Адам бір іс жасарда жақсылық “істе” десе, жамандық “істеме” деп сыбырлайды екен. Сөйтіп адамның бойында қай қасиет басым екенін байқамаққа оны сапарға аттандырыпты. Адам біраз жол жүріп, өзен жағасымен шаршап келе жатса, судың жағасына шығып қалған балықты көреді.
Балық секіріп суға жете алмай жатыр екен. Жақсылық жаны ашып:
- Адам, ана балыққа көмектесіп жібер, - десе, Жамандық:
- Қой, жөніңе жүре бер, уақытыңды алма, - дейді.
Адам балықтан әрірек асып барып, мойнын бұрып қарайды. Балық шарасыздан көзі жәутеңдеп, көмек сұрағандай болады. Адам шыдай алмай кері бұрылып барып, балықты суға салып жібереді. Балық ризашылығын білдіріп. Суда ойнақшып, секіріп, құйрығын бұлғақтатып суға сүңгіп кетеді. 
Адам одан әрі жүре береді. Бір теректің қасынан өтіп бара жатып, шыр – шыр еткен дауысты естіп тұра қалады. Қараса, кішкене ғана торғайдың балапаны ұясынан құлап қалған екен. Еңкейіп енді көтерейін деп жатса, Жамандық:
- Осы торғайдың балапанына бола жолдан қалмақпысың? Оны көтеріп ұясына салу үшін, теректің басына шығу керек. Мерт болсаң қайтесің? Өзің далада ит – құсқа жем боласың ғой, - дейді.
 Адам ойланып тұрып қалады. Осы сәтте Жақсылық:
- Ей, адамзаттың баласы, сен әлсіздерге қорған болып, қол ұшыңды беру үшін жаратылғансың. Мына бейшара балапанды ұясына сала кет. Шарапаты тиеді, - дейді.
Адам тағы да шыдай алмай балапанды алып, теректің басына өрмелеп шығып, ұясына салып кетеді. Балапан шиқ – шиқ етіп, қанатын қағып, разы болады.
 Адам демалып алмақшы болып отыра бергенде, аяғының астында бидайдың дәнін әрең сүйреп бара жатқан құмырсқаны көзі шалады. Құмырсқа дәннің о жақ, бұ жағына шығып, қозғауға ыңғайлы ретін таба алмай, ісі өнбей келеді екен. Адам әуелі жамандықтың айтуымен құмырсқаны дәнінен айырып тастағысы келіп оқталады да, шыр – пыр болған Жақсылықтың сөзіне құлақ түрді. Ол:
- Әй, адам – ау, қалай ғана адамдығыңнан айнып кетуге әзір тұрасың. Бұл құмырсқа өзінен үлкен дәнді сүйреп, машақаттанып келе жатқанда, қол ұшыңды көрсетіп жолына салып жіберудің орнына, оны қызықтап, ермек қылғың келгені қалай? Одан да еңбек етуді осы кіп – кішкене тіршілік иесінен үйренбейсің бе? – деп налыған екен.
Адам өз ойынан ұялып, райынан қайтады. Сөйтіп Данышпан  ата ұрпағын алдына шақырып алып:
- Міне, балам, жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың. Мен саған үш сын бердім, үшеуінен де өттің, разымын. Енді осылайадамдығыңнан айнымай, айналаңа қамқор болып, жамандыққа жоламай, жақсылыққа жолдас бол, - деп батасын береді.
Содан бері адам баласы жақсылықпен мұратына жетіп келеді екен.

Сұрақтар:

  1. Данышпан ата адамды қалай сынады?

  2. Жақсы адамның бойында қандай құндылықтар мен қасиетті байқадыңдар?

  3. Жақсы адамның сыннан өтуіне қандай бойындағы қандай құндылықтар көмектесті?

  4. Өздеріңнің өмірлеріңде үлгі алатын осындай жақсы адамдар бар ма? Әңгімелеп беріңдер.


  1. Шығармашылық, топтық жұмыс.


1-ші топқа

1.Жақсылықпен жаным дос,

...........................................

Үлкенге де, кішіге,

............................................

Дұрыс жолды таңдаймыз,

........................................

Жанашырлық білдіріп,

 ........................................

Қайырмасы:

Жақсылықтың жолында,

Мейірімді жүрекпен.

Жақсы-жақсы  сөздермен,

Нұр төгейік баршаға.

 

2-ші топқа

2.Жақсылықпен жаным дос,

..........................................

Адамдарды алалап,

.........................................

Кішіпейіл танытып,

........................................

Риясыз ақ көңілмен,

..........................................

Қайырмасы:

Жақсылықтың жолында,

Мейірімді жүрекпен,

Жақсы-жақсы  сөздермен,

Нұр төгейік баршаға.

3-топқа

Күнделікті өмірде жылы сөзіңмен болсын, іс-қимылыңмен қолыңнан келгенше жақсылық жасау. Сахналық қойылым.


Топпен ән айту.

«Жақсы адамдар» Әні мен сөзі А. Оралов.

Жақсы адамдар

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар


Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.


  1. Үй тапсырмасы.

8, 32-беттегі С. Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері » өлеңін оқып келу.


  1. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді жүректеріңе сақтап алыңдар. Осымен сабақ аяқталды. Сау болыңдар!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
22.12.2017
776
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі