400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жақсылыққа толы бұл әлем" Рухани кеш.

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал өзін-өзі тану пән мұғалімдеріне керек деп ойлаймын. біз әрқашан оқушыларға рухани азық бола білуіміз керек . Мен осы рухани кешті 1-4 сынып оқушыларымен бірге ұйымдастырып өткізгенде оқушыларға үлкен әсер қалдырды. Олар өзін-өзі тану пәніне деген құрметі мен қызығушылығы артты. Әлемді рухани білім ғана құтқара алатынын жете түсінді десем артық болмас деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жақсылыққа толы әлем» Рухани-әдеби кеш.



Мектеп: «Достық» жалпы орта мектеп

Мерзім: 15.11.2017ж.

Мұғалiм: Байрова Ақжан Бактыбаевна

Сынып: 2-4 сынып оқушылары


( мектепішілік 1 - 4 сынып оқушыларына арналған шығармашылық кеш)
Мақсаты: - Оқушылардың білімін және адамгершілік қасиеттер мен құндылықтар туралы түсініктерін кеңейтуге, оқушылардың өзін - өзі тануда және өзін - өзі іске асыруда шығармашылық қажеттілігін, оқу іскерліктерін дамыту,
- білім беруде және өмірдегі жағдаяттарда адамгершілік мінез - құлық тәжірибесін қалыптастыру;

(Сахнада С.Алпысқызына арналған «Золотое сердце» бейнебаяны ойналып тұрады және Нұрасыл атты ойын баласы компьютерден ойын ойнап отырады)
Оқушы қыз Арай (Назерке)
- Нұрасыл, сен әлі интернетте отырсың ба?
Нұрасыл:
- Иә, интернетте отырмын.
Оқушы қыз Арай (Назерке)
- Уақытты босқа өткізгенше неге кітап оқымайсың?
Нұрасыл:
- Өзім білемін! Мазамды алмашы...
Оқушы қыз Арай (Назерке):54
- Кітапта бүкіл қызықты мәліметтер бар, көп нәрсе үйренесің!
Нұрасыл:
- Мен оны интернеттен де оқи аламын.
Оқушы қыз Арай (Назерке):
- Менің қолымдағы өзін - өзі тану кітабын оқышы, саған берер ілімі көп
Нұрасыл:
- Арай! Қойшы, болды! Мен интернетте отырмын!
(Осы кезде Кітап ханзадасы келеді)
Кітап ханзадасы:
- Ау, балалар мұнда не шу болып жатыр? Неге ұрысып жатырсыңдар? Мен – Кітап ханзадасымын! Маған кедергі жасадыңдар ғой. Мен кітапханада әр кітапқа өздерінің міндеттерін түсіндіріп, жиналыс жасап жатыр едім. Кедергі жасадыңдар ғой? Бұларың не?
Оқушы қыз (Арай):
- Мына Нұрасыл интернеттен бас алмайды. Кітап оқы деп едім, тыңдамады!
Кітап ханзадасы:
- Әй, балам, сен неге кітап оқымайсың? Кітап деген киелі зат қой... оның адамзатқа берері мол!
Нұрасыл:
- Тууу... неге барлығың маған тиісе бересіңдер? Мен интернеттен қызықты жаңалықтар, видеолар көріп отырмын.
Кітап ханзадасы:
- Сен кітап оқысаң керемет, білімді азамат боласың! Мына ұлағатты ұстаздар, ұлы ғалымдар, ақындар осы кітаптан білім алып, сусындады емес пе? Менде өзін - өзі тану деген керемет кітап бар. Осыны оқышы.
Нұрасыл:
- Кітаптан іздеген мәліметті парақтап уақытты алғанша, интернеттен іздеген тіпті оңай.
Кітап ханзадасы:
- Былай келісейік! Маған кішкене уақытыңды бөлші. Мен сені кітаптар еліне апарайын!
Нұрасыл:
- Жоқ...
Кітап ханзадасы:
- Осы компьютерді қолдануды, интернетті пайдалануды осы бізден, кітаптан үйрендің емес пе?! Қане, кішкене уақытыңды бөліп, жүре ғой...
Нұрасыл:
- (Сағатына қарайды да) Жарайды! Аз ғана уақытым бар! Барсам барайын!
Оқушы қызАрай (Назерке):
- Мен онда кітапханаға барып, сабағыма дайындала берейін!
(Екеуі саяхатқа шығады. Алдарынан «Өзін - өзі тану» кітабының мүсінін кезіктіреді)
- Мына мүсін не мүсін?
- Бұл деген ең қызықты, керемет кітап Кітап ханзадасы:
– өзін - өз тану. Өзі туралы менен гөрі өзі айтып берсін! (Кітапты сиқырлы таяқшасымен толық сиқырлайды )
Өзін – өзі тану:
- Мен - Өзін - өзі тану деген кітаппын.
Өзін-өзі тану білімді дайын күйінде ұсынбайды, оқытпайды, ол тек оқушылардың даму бағдарын сыртқы әлемді зерттеуден өзінің ішкі жан-дүниесінің шексіз әсемдігін ашуға бағыттайды. Сондықтан мен сендерге Отан алдындағы борышыңды өтеуге, дарының мен қабілетіңді дамытуға, өмірдің мәнін ұғынуға көмектесемін. Мен адамдарды сүйіспеншілікке, мейірімділікке тәрбиелеймін.
Нұрасыл:
- Ааааа... Кітап ханзадасы айтқан кітап сіз екенсіз ғой!
Өзін – өзі тану:( Ақниет)
- Иә, менмін! Бізбен бірге әрі қарай осы өзін-өзі тануды оқыған оқушылардың қазір «Достық» мектебінде жалпыадамзаттық құндылықтарға арналған «Жақсылыққа толы бұл әлем» атты рухани-әдеби кеші өтіп жатыр, соны бізбен бірге тамашалауға қалай қарайсың?
Нұрасыл:
- Жарайды, мақұл!

Кітап ханзадасы:

Онда құрметті көрермендер сіздерді де, бізбен бірге оқушылардың шығармашылық кешін көруге шақырамын.

1 «ә» сынып оқушыларының биін тамашалаңыздар.

(Үшеуі саяхатқа шығады. Ортаға қатысушы оқушылар шығады)

1 жүргізуші: Құрметті қонақтар!

2 жүргізуші: Ұлағатты ұстаздар, білімді шәкірттер!

3 жүргізуші: «Жақсылыққа толы бұл әлем» атты рухани-әдеби кешімізге қош

келдіңіздер!

4 жүргізуші: Бүгінгі шығармашылық кештің басты мақсаты жалпыадамзаттық құндылықтарды, білімді шығармашылықпен қалыптастырған – ішкі рухани-адамгершілік құндылықтарын және сүйіспеншілік қасиеттерін адам бойына дарыту.

1 жүргізуші: . “Рухани – адамгершілік құндылықтар – ізгілік нұры”
Ешкім адамгершілігі мол азамат болып тумайды. Басында бұлағы бар өзеннің ұзақ ағатыны секілді, өнегелі ата – ананың тәліміне сусындап - адалдық, еңбексүйгіштік, бауырмалдық рухта ержеткен бала, мектеп, қоғам тәрбиесін де бойына жақсы сіңіреді. Мен бауырмалдық дегенді бірнеше рет қайталадым. Оның кең мағынасы халықаралық достық - бауырмалдық. Азаматтықтың, батырлықтың бір негізі осы бауырмалдықтан шығады. Ерлік аспаннан түспейді, Отанды сүюден туады. Ал, Отанды сүю үй ішіңнен, отбасынан өседі. Ата – ананы, апа - қарындасты, аға - ініні сыйлап, құрметтеген халқының да қадіріне жетеді. Халқын қадірлеген сын сағаттан сүрінбей өтеді. Елін сүйген ер атанады. Өйткені ерлік білекте емес, елін сүйе білген адал жүректе.....Деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқан.

2 жүргізуші: Ия, дұрыс айтасың адам бойына бірінші керек қасиет - адамгершілік деп білемін. Себебі онда сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік, махаббат, жақсы ойлау сынды іс - әрекеттердің тізбегі жатыр.
Адамгершілігі мол деп – арам пиғылдан ада азаматтарды айтар едім. Жақсы адам жан - жағына нұр шашып қана қоймай жетімдерге жұбаныш, әлсіздерге демеу болады. Дүниедегі жағымды нәрселердің бәрі – адамгершілік ұғымы арқылы жүзеге асады. Осы қасиет арқылы жас та, кәрі де өзінің мақсат - мүддесіне, арман тілегіне, болашақтан үміттенуіне сенім білдіреді деп ойлаймын.

  1. жүргізуші: Мен сендермен толық келісемін. Адамгершіліктің 7 қағидалары бар, соларды атап өтейін.
    1. Ақиқатқа сену, адал болу;
    2. Жақсы мінез, көрікті ақыл;
    3. Дұрыс іс - әрекет, ойлану;
    4. Жүректе имандылықты сезіну;
    5. Тәртіпке бағыну, жақсы тәрбие алу;
    6. Ата - анаңмен бауырыңа қорғаныш болу, халқың үшін еңбек ету;
    7. Зорлық - зомбылық көрсетпей, әлсіздерге көмек жасау керек.

    Адам бойындағы 7 қасиет
    1. Көру - әлемнің сұлулығын көзбен тамашалау;
    2. Есту - әлемдегі керемет дыбыстарды есту;
    3. Сезіну - ізгілікті жүрекпен ұғыну;
    4. Дәм сезу - ең дәмді мен ащының дәмін тату;
    5. Ұстау - екі қолмен жақсылық жасау;
    6. Аялау - қолда бардың қадірін білу;
    7. Махаббат - ол риясыз сүйіспеншілік;

  2. жүргізуші: Адам бойындағы осы қасиеттер бізге алланың жасаған сыйы.
    Оны адамзатқа жақсы істер үшін берген деп ойлаймын. Күллі дүниеде осы 7 қасиет түгелімен берілген бірде - бір тірі жан иесі жоқ. Ол тек адам деген атқа лайық пендеге бұйырған. Ендеше адамгершілігі мол азамат боламын дейтін адам осы қасиеттерін тек жақсы пейілмен іске асырса екен деймін.

1 жүргізуші: Адамгершіліктің бес жалпыадамзаттық құндылықтары бар. Біз «Өзін-өзі тану» сабағынан өтіп жатырмыз.

  1. Сүйіспеншілік - адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі.
    Махаббат - адам жүрегін нұрлы қуанышқа бөлеп, рухына қанат бітіретін ең күшті, ең тұрақты, ең асқақ сүйіспеншілік сезімі.
    2. Дұрыс іс - әрекет - ол жүректе туындайды, сонан соң сөз түрінде беріледі және іс
    жүзіне асырылады.
    Дұрыс әрекет ету қағидасы – өзіңе де, басқа адамдарға да, табиғатқа да зиян келтірмеу.
    2 жүргізуші: 3. Қиянат жасамау – ақиқатпен өмір сүру, мінез - құлық және жан тыныштығы да сүйіспеншілікке арналған, яғни тәтті жеміс.
    “Рақымдылық, мейірбандық, әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойланғандай оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүрек ісі. Асықтық та – жүрек ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Абай
    4. Жан тыныштығы
    Адамның ішкі жан дүниесі тынышталса, оның отбасында да тыныштық болады. Ал отбасында тыныштық болса, қоғамда да тыныштық болады. Қоғамда тыныштық болса, мемлекетте де тыныштық болады.
    5. Ақиқатты тану
    Рухани кәусар бұлақ \көзіне жолды іздеп табу - бұл әрбір жеке адамның, нақ осы қазір өмір сүріп жатқан барлығымыздың және өмірге жаңа қадам басқан адамдардың міндетінің ішіндегі міндеті.
    3 жүргізуші: Өз бойында адамгершілік құндылықтарды дамытудың өзі білім болып саналады. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз білімді адам деп атауға болады.

4 жүргізуші: Рухани-адамгершілік білім – бұл ішкі жан дүниедегі оқиға.

Ал адамның жан дүниесі сүйіспеншілікке ғана ашылады.

Риясыз таза сүйіспеншілік болған жерде бақытсыздық, ауру-сырқау мен өлім де таңғажайып түрде адамдардың игілігіне айналады.

Осы сүйіспеншілік құндылығына арналған тақпақ және өлеңдерімізді тамашалайық.

1Оқушы: Сүйіспеншілік риясыз аналарда,

Шынайылық пәк сезім балаларда.

Жүрек шіркін бәрінде болғанменен

Мөлдір сезім барлығы бола ала ма?

2 оқушы: С.Торайғыров (1893-1920) 3»в» сынып оқушысы Айғаным

Жақсылық көрсем-өзімнен,

Жамандық көрсем-өзімнен.

Тағдыр қылды деулерді

Шығарамын сөзімнен.

Өзңм қылдым деулерді

Таса қылман көзімнен

Барлық адам баласы

Өзіндей кқрсе өзгені

Озбырлық өшіп қарасы

Өзімшілдік өлгені.

3 оқушы: М.Мақатаев 3 «б» сынып оқушысы Жаннел

Өсіңіз, жетіліңіз, тасқындаңыз,

Бірақ та биікпін деп асқынбаңыз.

Сен-мықты, анау-осал, мен-орташа,

Бәріміз бір аспанның астындамыз.

Сіздің ой, біздің оймен бірікпейді,

Шайқаңыз, осы өмірді жүріп мейлі.

Ойлаңыз, арзан атақ, сасық ырыс

Сіз өлгенде қайтадан тірілтпейді.

4оқушы: 1 «в» сынып оқушысы Қарақат

Өмір-қымбат, бақыт сыйлық ғажайып,

Асқақа арман ашсын көңіл срайын,

Таң шуақты, күн дидарлы жүздерің,

Ана сенен бал мейірім табайын!



3 сынып оқушыларының орындауында «Ана» туралы ән



1 жүргізуші: Ерінбей еңбек етсең, шыдап егер,

Тікен де гүлге айналып шыға келер.

Сағди

2 жүргізушісі: Дұрыс айтасың адамдар ешкімге қиянат жасмауға тырысу керек. Қиянат жасамау – түсіну ретіндегі Сүйіспеншілік

Түсіну – барлық тіршілікті қиянат жасамауға алып келу тұтастығы

3 жүргізушісі: Қиянат жасамау –Ақиқат, Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет және ішкі тыныштықтың іс жүзіндегі тәтті жемісі.

Қиянат жасамау шексіз сүйіспеншілікті білдіреді, өз кезегінде шексіз жанашырлықты білдіреді.

4жүргізушісі: Жақсылық ойла,

Жақсылыққа қара,

Жақсылықты есті,

Жақсылықты айт,

Жақсылық істе –

бақытқа бастар жол осы.

1 жүргізуші: 4 «ә» сынып оқушылары көрініс

1 оқушы: Тірісің Адам, тірісің. (Әлімбаева Қалдыгүл) 3 «ә» сынып оқушысы Оразбай

Тұр ұйқыңнан, ояншы Адам, тірісің,

Игі іске жаса қадам, тірісің.

Елдігіңді, бірлігіңді мұрат қыл,

Көзіңді аш, болма надан, тірісің.

Ішімдікпен күйік жазба, тірісің,

Ынтымақпен іс қыл жазда, тірісің.

Жаның барда намысыңды таптатпа,

Ел сияқты сен де адамның бірісің.

Жақсылық та, қиянат та, жасайсың,

Өйткені, сен жер бетінде тірісің.

Ғұмыр қысқа, ойланып қал ендеше,

Тірі адамға лайық па жүрісің?!

,2оқушы: Мен таң қалам екі аяқты пендеге 3 «ә» сынып оқушысы Сабина

Он екі мүше бар бәрі менде де.

«Қанағат»-деп ұлы Абай айтқан ғой

Пенделердің бәрі жақсы тең деме.

Мына жалған берілмеген мәңгілік,

Бір жақсылық жасау керек таң қылып.

Кейінгі ұрпақ айтып жүрер аңыз ғып.

Жүректерде тұрар сонда жаңғырып.

Байлық-қолдың кірі деген хылқымыз,

Келмес жаққа бет бұрмасын салтымыз.

Теңге, байлық қазынаға құйылса,

Бақыттымын деп ойлайсыз жалпыңыз.


3 оқушы: 1 «а» сынып оқушысы Данагүл

1Жүргізуші: Адамдар осы өмірден қуаныш пен қанағат аламыз деп ойлайды, алайда бұл қуаныш олардың өздерінде жасырынып жатқан өлшеусіз қуаныштың кішкентай ғана сәулесі.

ішкі тыныштық пен қуаныш осы өмірдің бөлінбейтін бөлшегі емес.

2Жүргізуші: ішкі тыныштық пен қуаныш бұл біздің шынайы ішкі табиғатымыз.

Адам ақиқатты танып, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет еткенде оның жан дүниесінде ІШКІ ТЫНЫШТЫҚТЫҢ хош иісті гүлі шешек атады.

3жүргізуші: Жақсы адамды кездестірсең, одан үйренуге тырыс, ал жаман мінез-құлықтағы адамды кездестірсең, өзіңді зертте. Конфуций

Адамдар әлемде болып жатқан өзгерістерді қабылдай алмағандықтан, жиі күйзеліп, уайымға салынады.

4 жүргізуші: Барлығы құмырысқадан бастап бүкіл жер жүзі әрбір минут сайын өзгеріске түседі. Әлем әрдайым өзгеріп отырады.

Өзгерістің екі түрі болады. Сыртқы және ішкі. Біріншісі көзге анық көрініп тұрса, екіншісін тану, байқау оңай емес.

1 оқушы: 2 «ә» сынып оқушысы Балнұр

Күй

Ән: 4 «б» сынып оқушысы Ұлболсын

Би: 3 «ә» сынып оқушыларының қуыршақ биі

1 жүргізуші: Дұрыс әрекет – жүректен шығып, сосын сөз ретінде бейнеленетін және іс жүзінде қолданылатын құндылық

Бізге жүрек тазалығының маңызы зор.

Ең бастысы – біз өзгелерге үйреткенімізді өзіміз орындауымыз керек.

Адами құндылықтар тәніміздің әр жасушасында бар, әйтпесе біз адам бола алмас едік. Олар – біздің шынайы болмысымыз.

2жүргізуші: ия дұрыс айтасың Ақиқаттан туындағанның барлығы– Дұрыс әрекет.

От парызы – жану. Онсыз жай ғана көмір.

Қант парызы – оның тәттілігі. Тәттілігі болмаса, жай ғана сусымалы зат.

Егер біз ар-ұятымызға сүйенбесек, онда Дұрыс әрекет болмайды.

3 жүргізуші: Сұлулықты көре білу қасиеті, қарапайым нәрсені жоғары бағалау, өз ортаңда болудан рахат табу немесе адамдарға сүйіспеншілікпен, мейірімділікпен қарым-қатынас жасау – осының бәрінде дерлік ортақ нәрсе: қанағатшылдық, жан тыныштығы және өміршеңдік.

4 жүргізуші: Адам – өз тағдырының иесі. «Гүліне қарама, түбіне қара» дейді халқымыз.

Жас кезімде әрдайым ізденіс үстінде жүретінмін. Бәрі ниетке байланысты екен. Бір нәрсенің соңына адал жүрек, ақ ниетпен түссең, соның жемісін көресің. Т.Әубәкіров

1 жүргізуші: Онда қазір залда отырған көрермендермен слайдтарда көрсетілген жағдаяттарды шешеміз.

4 «б» сынып оқушыларының бауырсақ ертегісі.


1 жағдаят: 1. Саят өз ата - анасын басқа балалардың ата - аналарымен көп салыстырады. Кейде Саятқа өз ата - анасы басқалардыкіндей емес сияқты болып, оларға ренішпен қарайтын болды.
Саяттың іс - әрекеті дұрыс па?
Саятқа қандай кеңес берер едіңдер?

2жағдаят: қасқырдың сұрағына жауап берейік
Меруерттің көңілі ештеңеге толмайды. Типті ол бәйек болып жүретін ата - анасының, жақындарының мейірімі мен қамқорлығын сезінбейді де. Меруерт өзінің бұл қылығына еш қиналмайды.
Меруерттің немқұрайдылығының себебі неде?
Меруерттің бойында қандай қасиеттер жетіспейді деп ойлайсыңдар?

3 жағдаят: Ербол үйіндегі кәрі әже, атасының мазасыздығына, құлағының нашар еститініне ашуланады. Ол қарттардың табиғи қауқарсыздығын түсініп тұрса да, қалай ашуланғанын сезбей қалады.
Ербол неліктен қарт адамдарды түсінбейді?
Ерболға қандай кеңес бересіңдер

ән 4 «в» сынып Молдыбай СаЯт

би

1 жүргізуші: Дұрыс әрекет – Ақиқат жолын ұстау болып табылады. Ақиқат кеңістік және уақытпен шектелмейді. Барлық ел, барлық заман, барлық адам үшін Ақиқат – біреу. Ол өзгермейді. Оның бірнеше пішіні болғанымен, ол – жалғыз.

2жүргізуші: Біз Ақиқатты пендешілік өмірге қолданамыз да, сөйтіп сыртқы әлеммен теңдестіреміз. Пендешілік немесе материалдық әлемдегі Ақиқаттың мәні – іс жүзінде болған нәрсені немесе ойды шынайы жеткізу. Материалдық тұрғыда, Ақиқатқа жүгіну – айтқан, істеген, көрген немесе естіген нәрсені дәл жеткізу деп саналады.

3Жүргізуші: Бірақ нағыз шындық – ол Ар-ұждан. Сөз Ар-ұжданды басшылыққа алса, ол Ақиқатқа айналады.

Ақиқат үшін қиындықтарға жолығуың мүмкін. Бірақ қиындықтан қашып, өтіріктің жолына түсуге болмайды.

4Жүргізуші: Өтірік айтып, сіз қиындықтан құтылуыңыз мүмкін, бірақ мезгілі келген кезде сіз ауыр сынаққа кезігесіз.

Барлығының қайнар көзі болып табылатын тек бір ғана ақиқат бар.

Сен оны тапқан кезде ғана, сенің әрекеттерің онымен үйлесім табады.

1 оқушы: Өлсе, өлер табиғат адам өлмес 4 «ә» сынып оқушысы Нурила

Абай

Ақыл мен жан - мен өзім, тән – менікі.
«Мені» мен «менікінің» мағынасы – екі.
«Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,
«Менікі» өлсе өлсін, оған бекі.

Өлсе, өлер табиғат адам өлмес,

Ол бірақ қайтып келіп, ойнап күлмес.

«Мені» мен «менікінің» айрылғанын,

Өлді де деп ат қойыпты өңшең білмес.

2 оқушы: Жан менен дене, һәм көңіл 3 «б» сынып оқушысы Ақниет
Шәкәрім

Басында жан мен дене екі басқа,

Жан шыдап тұра алмайды қозғалмасқа.

Дене сауыт сықылды жанның орны,

Оны да күту керек бұзылмасқа...

 

Кейде жақсы іздейміз, кейде жаман,

Көңіл неге қызықса – соған таман.

Дене жеңсе, түпсізге қызығамыз,

Жан билесе, жаманнан қылмақ аман.

 

3оқушы: Жан талпынар талайды көрмек үшін,

Әр сырын дүниенің білмек үшін.

Дене байғұс салмақ боп баса берер,

Жаралған ғой түбінде өлмек үшін.

 

Дене менен жан – анау, көңіл – мынау

Қайсысына билеттің байғұсым-ау?

Ең түбінде өзің – кім, сенікі – кім,

Досың қайсы, өзіңе қайсысы жау?

 

4 оқушы: Анық қара: жан – өзің, дене – киім, 2 «а» сынып оқушысы

Мақтан, бояу – денеге берген сыйың.

Жанға мұндай алдауың азық емес,

Оған пайда не қылдың жалғыз тиын.

 

Сауық-қызық көрем деп, күнде жиын,

Жан құтқарып алуың болар қиын.

Түптіге ұмтыл, тұрақты істерді қыл,

Тәуекел деп өзіңе сүйтіп сыйын.

1 «б» сынып оқушысы

Ән 4 «в» сынып оқушысы Молдыбай Саят

би 3 «а» сынып оқушыларының биі

1жүргізуші: Әлемдегі ең құнды нәрсе не деп ойлайсыздар?
2 жүргізуші: Әлемдегі ең құнды нәрсе-адам, одан кейін өмірі, үшіншісі құқығы.
Бес құндылығы бар, ойы, сөзі, іс-әрекеті бір болу керек. Үшеуі сәйкес келгенде ғана ол-рухани адам болып есептеледі.
3 жүргізуші:Одан кейін адам өз өмірін өзі жасап алады, әрине ол мағыналы болуы тиіс. Одан кейін құқығы. Әр адам өзінің құқығын білу керек және өз құқығын қорғауға міндетті. 
4 жүргізуші: Туғаннан алла тағала біздің бойымызға осы бес құндылықты береді екен. Өсе келе оны өзіміз жоғалтып аламыз екен. біздер бүгін осы жалпыадамзаттық құндылықтарға толы рухани-әдеби кешімізді аяқтаймыз.

Кітапханзадасы және Өзін-өзі тану кітабы мен Нұрасыл сахнаға шығады.

Нұрасыл: Мен өзін-өзі тану кітабы мұншалықты қызық екенін білмеппін ғой. Енді қызыға оқитын боламын, компютермен ойнамаймын.

Кітапханзадасы: Дұрыс айтасың, өзін-өзі тану кітабы барлық адамгершілік құндылықтарды бере алатын өте тамашы кітап.

Өзін-өзі тану: Жарайды балалар, асыра мақтап жібердіңдер –ау мені. Бүгін балалардың барлығы адамгершілік құндылықтарды өз бойына сіңірді деп ойлаймын. Сау болыңыздар.
назарларыңызға рахмет!








































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1123
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі