15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жақсылықтан жақсылыққа
Ақтөбе облысы
Қобда ауданы
Бегалы негізгі мектебі
Өзiн-өзi тану пәнінің мұғалімі
Айжарикова Клара Уримбасарқызы
Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары
Сабақ: №28 сабақ
Класс – 4 сынып
Оқушылар саны:
Тақырыбы: Жақсылықтан жақсылыққа.
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттері: қайырымдылық, қамқорлық , ізгілік,
Сабақ мақсаты: Оқушылардың жақсылық туралы ұғымдарын кеңейту арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері:
|
Ресурстар (материалдар, дереккөздер) Оқулық, дәптер, күнделік, пенал, үнтаспа, т.б. |
|
Сабақтың барысы
а) Оқушылардың сабаққа қатысуларын және оқу құралдарын тексеру. ә) 5 Т-ны еске түсіру. (тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық
Балалар,
Махаббат жақсылық әлемінен сиқырлы
таяқ әкеліпті. Сиқырлы таяқты бір
сермесең болғаны, біз жақсылық әлемінде
болады екенбіз. Кім жақсылық әлеміне
барғысы келеді?
№28 сабақ. К. Демешевтің «Мөлдір бұлақ » ертегісін оқып, талдау. Оқушыларға мәтінді оқып, сұрақтар дайындап келу тапсырылды. -Халық неге қатты абыржыды? - Халықтың сусыз қалу себебі неде? -Жалаңбас бала қандай әрекеттер жасады? - Қарлығаштың қандай көмегі тиді? -Жер бетіне мөлдір бұлақтың қайтуының себебі неде? -Балалар, жақсылық жасау дегеніміз өздерің айтқандай, адамдарға, айналаға, табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Жақсылық жасау-адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі.Жақсы адам қол ұшын беруге , жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге,қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады.Риясыз жақсылық жасау-биік адамгершіліктің белгісі. Жақсылық жасау-әр адамның қолынан келеді. Жылы жүрек, ақ ниет, нәзік сезім адамды жақсылыққа бастайды. Жақсылықтан жақсылыққа ұмтылу адамды игілікке жеткізеді.
« Жақсылықтан жақсылыққа» Құндылық: дұрыс әрекет. Қасиеттер: қайырымдылық, қамқорлық , ізгілік |
Ескерту |
|
5. Дәйексөз «Ешқандай жақсылық зая кетпейді»
Үнді
нақылы
Ұлдар 2-рет, қыздар 2-рет , бәрі қосылып
айтады . Мағынасын түсіндіру
Осы
дәйексөз сіздерге қандай ой салды?
- Шамамыз
жеткенінше, қолымыздан келгенше
адамдарға, айналаға жақсылық жасап
жүрейік.Өйткені жасаған жақсылық зая
кетпейтінін, оның шарапаты өзіңе,
жақын – туыстарыңа, тіпті еліңе тиеді
екен. Алғысқа бөленіп, ризашылыққа
кенелесіңдер. - Жақсылық жасау үшін адам бойында қандай сезімдер, қасиеттер болу керек?
жақсылық
Адамдарға қуаныш сыйлайтын сендер сияқты мейірімді қайырымды сиқыршылар болған қандай керемет! Жақсы жандар адамдарға қажет, әлемге өте қажет, біз өмір сүретін ғаламшарға қажет. Жақсылық– адамдықтың белгісі. Мейірімді, қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақ ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын, жан сұлулығын көрсетеді. |
|
|
7. Оқушылар қазір сендермен «Жақсылық жасау кез-келген адамның қолынан келеді» тақырыбында бейнероликті тамашалайық. Біз видиороликтен не көрдік? Біз осы қасиеттерді кімдердің бойынан көре аламыз? Бейнетаспадан қай құндылық көрініп тұр ? Қандай жақсы қасиеттерді өзімізге игердік? Жақсылық жасау кез-келген адамның қолынан келеді. Адамға жақсылық жасасаң, риясыз жасау керек. Өйткені ол жана жаңашырлықпен ,шын көңілмен, адал ниетпен жасалған іс. Жасалған жақсылық бәрібір алдыңнан шығады. Жақсылық зая кетпейді. Біздің бойымызда сүйіспеншілік риясыз болуы керек. Риясыз деген не- деп түсінеміз бе? Ол қайтарымсыз болу керек. Мыс: күн сәулесін алатын болсақ,ол әр таң сайын күн сәулесін, нұрын күн сайын риясыз береді. 8. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс. 1топқа Жақсы қасиеттерден тұратын жақсылық үйін құрастыру. 2 топқа Қағаздан жасалған тамшыларға өздерінің жасаған жақсылықтарын жазып , «жақыслық тамшысын » жасайды. Өздерің жасаған жақсылықтарың туралы тамшы қиындысына жазып, тақтаға іліңдер. -Балалар, әрқайсысыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға айналады. Яғни , әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді. |
|
|
9 . Әңгімелеу. Мұғалім сыйы. «Жақсылық жаса, ол қайта оралады » Видиоролик
1..
Сендерге ұнады ма?
Дұрыс
айтасыңдар, егер адам бойында осындай
жақсы қасиеттер көп болса жаманнан
жиреніп, жақсы әдетке үйренеді.
|
|
|
10. «Жақсылық тілеу » тренингі Гүлді әр оқушыға беріп, бір-біріне жақсылық тілейді.
|
|
|
11 .Үй тапсырмасы. 29-сабақ. Ә.Табылдиевтің “Атаның өнегесі” атты әңгімесін үйден оқып келу. Өлең жұмбақтардың шешуін тауып, табиғат мезгіліне сурет салып келу. |
|
|
|
Жүректен жүрекке. Ортада қобдиша тұр. Онда түрлі-түсті жүрекшелер бар. Кімге қай түсті жүрекше ұнайды, соны алайық. Қызыл-адамгершілік, сары-адалдық, қызғылт-мейірімділік, көгілдір- сүйіспеншілік, жасыл-әдептілік, көк-ізеттілік, ақ- қайырымдылық. Осы қасиеттер бойымызда дари берсін.
13. Сабақтың соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қосылады. Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар! |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген