жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жақсылықтан жақсылыққа
Өзін-өзі танудан сыныптан тыс жұмыс жоспары
Мектебі: Ғ.Ақтаев атындағы орта мектеп
Тақырып: «Жақсылықтан жақсылыққа»
Құндылық: қиянат жасамау
Қасиеттер: қайырымдылық,қамқорлық,ізеттілік
Мұғалім: Дүйсмағанбетова А.Ш
Сынып: 4«в»
|
Сабақтың мақсаты: оқушылардың «жақсылық», «қамқорлық», «қайырымдылық» туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері:
Шаттық шеңбері Оқушылар шеңбер құрып тұрады,бір-бірімен сәлемдеседі. Шаттық шеңбері аясында мұғаліммен бірге мына өлең жолдарын қайталайды. Қуан,шаттан! Қуан, шаттан.! Қуанатын күн бүгін. Қайырлы таң! Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болмақ. Бүгін біз тек қана жақсылықтан тұратын, адамдары бір-біріне тек жақсылық қана ойлап, қамқор бола білетін елге, «Жақсылықтар еліне» сапар шегеміз. Ендеше, ол елге бармас бұрын, ол елге барғанда өзімізді қалай ұстай білуіміз керек, қандай болып жүруіміз керек,соны үйреніп алайық. Енді мына өлең жолдарына назар аударайық. «Осындай әлем бар» Осындай әлем бар Қызықты шуақты. Әлемде әр ел бар Бақытты, қуатты. Ондағы балалар Жайдары,көңілді Бәрі де керемет. — Ал, енді балалар, осы елге қарай сапар шегеміз.Осы керемет елге жету үшін бірнеше аялдамалардан өтуіміз керек екен.Ол аялдамаларда бізді бірнеше тапсырмалар күтіп тұр.Осы тапсырмаларды дұрыс әрі шапшаң орындай білсек, «Жақсылық еліне» тез жетеміз. 1-аялдама.Сұрақ-жауап. 1-топ. «Жақсылық» тобы
2-топ. «Мейірімділік» тобы
— Дұрыс,балалар.Сонымен бірге адамшыл қасиеттерге мол, мейірімді сезімдерге толы жылы жүрегі болуы керек. Әлемдегі барлық адамдар тек қана жақсылық ойлап, жақсылық жасауға ұмтылатын болса, әлемде тыныштық, ынтымақ орнайды.адамдар бақытты өмір сүреді. — Міне, 1-аялдамадағы тапсырманы дұрыс орындап шықтыңдар. Енді 2-аялдамаға қарай жылжиық. 2-аялдама. «Ізеттілік әліппесі» — Адамдарға ізет білдіріңдер.(оқушыларға «Ізеттілік әліппесі» бойынша өлең жолдары таратылып беріледі.Осы өлең жолдарынан не түсінді, қандай адами қасиеттерді бойына сіңіре білді,сол туралы өз пікірлерін айту) 1-топ. «Жақсылық» тобы 1)Атам менің әмәнда 2) Алдын орап кісінің Әдепті жан бол деген. Кесіп өтпей көлденең. Ата сөзі санамда Ізетімен кішінің Жасы үлкенге жол берем. Сәлемдесіп қол берем. 2-топ. «Мейірімділік» тобы 3) Атам менің әмәнда Кішіпейіл бол деген. Ата сөзі санамда Мақтанбауды жөн көрем. 4) Тыңдай білем атамды Тыңдай білем анамды. Сондықтанда атамнан Алдым алғыс батамды. Дұрыс,балалар. «Жақсылық еліне» жеткенде де осындай кішіпейіл,ізетшіл, сыпайы бола білуіміз керек. 3-аялдама.« Мақал – сөздің мәйегі» (мақал – мәтелді жалғастыру) 1-топ. «Жақсылық» тобы 1. Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын, (Жаманның жамандығын айт құты қашсын) 2. Жақсыдан үйрен, (жаманнан жирен) 3. Жақсылыққа жақсылық әр адамның ісі, (жамандыққа жақсылық ер адамның ісі ғой.) 4. Жақсының аты өлмейді,(Ақынның хаты өлмейді.) 2-топ. «Мейірімділік» тобы
4-аялдама. «Кім көп сөз табады?» Дөңгелек фигуралардың ішінде жақсы және жаман адамның қасиеттеріне байланысты сөздер буындарға бөлініп жасырылған. Сіздер сол жасырылған сөздерді табуларыңыз қажет. Ойын шарты түсінікті болса онда бастайық, қане қайсы топ көп сөз табады екен.
5-аялдама. Жақсы көретін адамдарың туралы айтып беріңдер (оқушылар жауаптары тыңдалады) — Міне,балалар, біз «Жақсылық еліне» апаратын жолды жүре отырып, жақсылық әлемі туралы ұғым қалыптастырдық. Өзі жақсы адамның айналасы барлық уақытта да жақсылыққа толы болады. Ол жақсылыққа толы ортада өзін ерекше бақытты сезінеді.Өйткені оны адамдар, айналасы жақсы көреді, сыйлайды,онымен достасқысы келеді.Осындай жетістіктерге ол өзінің жақсы істері, жақсылықтары арқылы жетті.сол себепті шамамыз жеткенше, қолымыздан келгенше адамдарға, айналаға жақсылық жасап жүрейік.Өйткені жақсылық зая кетпейтінін, оның шарапты өзіңе, жақын-туыстарыңа, тіпті еліңе тиетінін сендер жақсы білесіңдер.алғысқа бөленіп,ризашылыққа кенелесіңдер. Жүректен жүрекке. — Ал,балалар,біз енді бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді, бекітіп, пысықтаған білімімізді толықтыра отырып, бір-бірімізге жақсы ниетімізді,білдіріп,тілек айтып, сабағымызды қорытындылайық. (Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Мұғалім жүрекше бейнесін ұстап тұрып тілек айтып, өзінің оң жағында тұрған оқушыға ұсынады.ол оқушы да жүрекшені ұстап тұрып тілек айтып, өзінің оң жағындағы көршісіне береді. Осылайша барлық балалар бір-біріне жақсы тілектерін білдіреді) |
«Жақсылық» тобы
«Мейірімділік»тобы


1-топ. «Жақсылық» тобы
1)Атам менің әмәнда
Әдепті жан бол деген.
Ата сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем.
2) Алдын орап кісінің
Кесіп өтпей көлденең.
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.
2-топ. «Мейірімділік» тобы
1) Атам менің әмәнда
Кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем.
2) Тыңдай білем атамды
Тыңдай білем анамды.
Сондықтанда атамнан
Алдым алғыс батамды.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген