400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Жақсылықтар еліне саяхат»

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі ұйымға,, өзін - өзі тану пән оқытушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімі: Өзін-өзі тану

Оқу қызметінің тақырыбы: «Жақсылықтар еліне саяхат»

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: жақсы қасиеттер, жан жылуы, қамқорлық жасау

Мақсаты: Адамның рухани-адамгершілік, дұрыс әрекет құндылықтары туралы

ұғымдарын үйретуді жалғастыру.қамқорлық,кеңпейілділік түсініктерін

кеңейту;балалар бойындағы мейірімділік сезімдерін, жақсы қасиеттерін

дамыту,жан жылуын сыйлауға, сыйластық қарым -қатынасын тәрбиелеу

Әдіс-тәсіл:баяндау,даналықсөздер, ойын,әңгімелесу,жұмбақтар,сұрақ

жауап,суретпен жұмыс

Көрнекі құралдар: суреттер,сыйқырлы кітапша ,ойыншықтар,жүрекше.

Сөздік жұмыс: кішепейілділік, әдептілік,үлкенді сыйлау,

Билингвальды компонент:

Жақсылық- доброта-goodness

Мейірімділік-ласка-caress

Қамқорлық- забота-take care

Іс-әрекет кезіндері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

 







II-Негізгі бөлім:





















Ой қозғау.














Дәйексөз.

Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар бүгін «Өзін өзі тану» оқу қызметінде кездесіп отырмыз. Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Құлпырады қалалар

Құлпырады далалар

Қайырлы таң балалар

Қайырлы таң апайлар!

Тәрбиеші:. Жағымды күйге келу:Балалар, қазір ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстаңдар. Қол мен аяқты айқастырмаймыз. Біз қазір тыныс алуға жаттығу жасаймыз. Біз тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш сезімін қабылдап,демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі жаман қасиеттерді сыртқа шығарамыз. 

Қәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тік ұстап. Қолдарымызды тізеге қоямыз.

Дем ал...., шығар (9-10 рет қайталайды



Балалар, бүгінгі оқу қызметіміз ерекше болмақ. Бүгін біз тек қана

жақсылықтан тұратын, адамдары бір-біріне тек жақсылық қана ойлап,

қамқор бола білетін елге, «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»

-Өзі жақсы адамның айналасы барлық уақытта да жақсылыққа толы болады. Ол жақсылыққа толы ортада өзін ерекше бақытты сезінеді.Өйткені оны адамдар, айналасы жақсы көреді, сыйлайды,онымен достасқысы келеді.Осындай жетістіктерге ол өзінің жақсы істері, жақсылықтары арқылы жетті.сол себепті шамамыз жеткенше, қолымыздан келгенше адамдарға, айналаға жақсылық жасап жүрейік.

«Жақсылықтар еліне» сапар шегеміз.

Ендеше, ол елге бармас бұрын, ол елге барғанда өзімізді қалай ұстай білуіміз керек, қандай болып жүруіміз керек,соны үйреніп алайық.

Жақсылық деген сөзді қалай түсінеміз?

- Дұрыс айтасыңдар.

- Міне, балалар, «Жақсылық елі» осындай жақсы адами қасиеттерден

тұрады екен. Осы қасиеттерді бізде бойымызға сіңіре білейік.

Енді мына өлең жолдарына назар аударайық.

«Осындай әлем бар»

Осындай әлем бар

Қызықты шуақты.

Әлемде әр ел бар

Бақытты, қуатты.

Ондағы балалар

Жайдары,көңілді

Бәрі де керемет.

- Ал, енді балалар, осы елге қарай сапар шегеміз.Сапарға қандай көлік таңдаймыз қане айтыңдаршы.Жақсы ендеше балалар поезд таңдадық ондай ,болса көлікке отыралық.Осы керемет елге жету үшін бірнеше аялдамалардан өтуіміз керек екен.Ол аялдамаларда бізді бірнеше тапсырмалар күтіп тұр.Осы тапсырмаларды дұрыс әрі шапшаң орындай білсек, «Жақсылық еліне» тез жетеміз.

1-аялдама.

- Жақсы адам болу үшін не істеу керек? - деп ойлайсыңдар.

Дұрыс,балалар.Сонымен бірге адамшыл қасиеттерге мол, мейірімді сезімдерге толы жылы жүрегі болуы керек. Әлемдегі барлық адамдар тек қана жақсылық ойлап, жақсылық жасауға ұмтылатын болса, әлемде тыныштық, ынтымақ орнайды.Адамдар бақытты өмір сүреді.

- Міне, 1-аялдамадағы тапсырманы дұрыс орындап шықтыңдар.

Енді 2-аялдамаға қарай жылжиық.

2-аялдама.

- Адамдарға ізет білдіріңдер.(«Ізеттілік» бойынша өлең жолдары айтылады.Осы өлең жолдарынан не түсінді, қандай адами қасиеттерді бойына сіңіре білді,)

-Дұрыс,балалар. «Жақсылық еліне» жеткенде де осындай кішіпейіл,

ізетшіл, сыпайы бола білуіміз керек.


3-аялдама.

- Бұл аялдамада сендерді «Ертегіні жалғастыр» тапсырмасы күтіп тұр екен.Балалар, бұл аялдамада сендерге 2 тапсырма беріліп тұр.оны тез орындау үшін,

1-топ. «Аю мен ара» ертегісі.

Бір ара аңдаусызда аюдың апанына тап болып қалады.одан адасып жүріп,аюдың құлағына кіріп кетеді.

Аю шошып оянып,құлағын баса қояды:

-Менің құлағым – сенің ұяң деп пе едің?-деп ақырады.

-Өзіңді жақсылап сабайын ба?

-Сабамашы.Мен де бір керегіңе жарармын.

-Бармақтай болып, не керегіме жарармын дерсің,-деп күледі аю...

4-аялдама. «Жақсылық» туралы мақал-мәтелдерді айту (жақсылық туралы білетін мақал-мәтелдерін тыңдау)


5-аялдама. «Жақсылық жасау» адамдарды қандай қуанышқа бөлейді деп ойлайсыңдар?



6-аялдама. Жақсы көретін адамдарың туралы айтып беріңдер

- Міне,балалар, біз «Жақсылық еліне» апаратын жолды жүре отырып, жақсылық әлемі туралы ұғым қалыптастырдық.

Жақсылық жерде қалмайды

Жақынды, досты аяла,

Қанатың сонда талмайды.

Барыңды жұрттан аяма,

Жақсылық жерде қалмайды.

Жайдары жүзбен жарқыра,

Қатыгез болсаң-сол қайғы.

Қайырымды бол халқыңа,

Жақсылық жерде қалмайды.

Қорытынды

Жүректен жүрекке.

- Ал,балалар,біз енді бүгінгі оқу қызметінен алған әсерімізді,бекітіп,пысықтаған білімімізді толықтыра отырып,бір-бірімізге жақсы ниетімізді,білдіріп,тілек айтып,оқу қызметімізді қорытындылайық.

тәрбиеші жүрекше бейнесін ұстап тұрып тілек айтып, өзінің оң жағында тұрған балаға ұсынады.ол бала да жүрекшені ұстап тұрып тілек айтып, өзінің оң жағындағы көршісіне береді.Осылайша барлық балалар бір-біріне жақсы тілектерін білдіреді)


Балалар шеңбер құрып тұрады,бір-бірімен сәлемдеседі. Шаттық шеңбері аясында тәрбиешімен бірге мына өлең жолдарын қайталайды.






Балалар  көздерін жұмып,жағымды күйге енеді.

 

 

 

 

Дем алып шығарады.




Балалар өздері жасаған жақсылықтары туралы әңгңмелеп береді

Өйткені жақсылық зая кетпейтінін, оның шарапты өзіңе, жақын-туыстарыңа, тіпті еліңе тиетінін сендер жақсы білесіңдер,алғысқа бөленіп,ризашылыққа кенелесіңдер.





Осы сұраққа жауап беру үшін «Жақсылық шеңберін» құрастырып көрейік.











(балалар өз ойларын айтады)

-













кішепейілділік, әдептілік,үлкенді сыйлау,





Атам менің әмәнда

Әдепті жан бол деген

Атан сөзі санада

Жасы үленге жол берем

Алдына орап кісінің

Кесіп өтпей көлденең

Ізетімен кішінің

Сәлемдеміп қол берем

Атам менің әмәнда

Әдепті жан бол деген

Атан сөзі санада

Мақтанбауды жөн көрем



Өзгелерден өзімдң санамаймын жоғары

Артық айтып сөзімді

Желпінгенім жоқ әлі



Тыңдай білем атамды

Тыңдай білем анамды.

Сондықтанда атамнан

Алдым алғыс батамды.






Балалар ертегі желісі бойынша туындаған оқиғадан жақсылыққа қарай бағытталып аяқталатын шығу жолдарын іздестіріп,ертегіні аяқтау керек




Жақсы туса ел ырысы,

Жаңбыр жауса жер ырысы.


Жаманнан кесепат.

Жақсыдан шарапат, Жақсыға шаң жуымас.

Жаманға жан жуымас

Жақсы болсаң жақын көп.

Жақсылардың үлгiсi, Жанып тұрған шамдай.



Жақсының сөзi

Диiрменнен шыққандай.



Жақсымен жолдас болсаң,Жетерсiң мұратқа.

Жаманмен жолдас болсаң,

Қаларсың ұятқа.



балалардың пікірін тыңдау


балалар жауаптары тыңдалады


Балалар шеңбер құрып тұрады

Күтетін нәтиже:

Нені білді:жақсылық, дұрыс әрекет, адамгершілік қасиеттерінің әрбір адамнан табылатын білді. 

Қандай түсініктерді игерді: Қамқорлық,кеңпейілдіклік түсініктерін игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Бір-біріне, жақындарға деген жан жылуы мен сыйластық қарым-қатынасын сыйлауға болатынын меңгерді.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 маусым
806
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі