400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жарақаттан сақтандыру және жарыс ережесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы білім беру мектептерінде жүргізілген дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының көп жылдық тәжірибесі әрбір мектептердегі дене тәрбиесі сабағынан кейінгі негізгі жұмыс түрі – сыныптан тыс өткізілетін спорт-көпшілік, спорт және сауықтыру дене тәрбиесі жұмыстары екенін көрсетті, сондықтан да қазіргі кезде осы көпшілік спорт жұмыстары түрлерін ары қарай жетілдіру мектеп дене тәрбиесі ұжымының алдындағы ең негізгі бір міндет болып табылады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дәріс № _____



Тақырыбы: Жарақаттан сақтандыру және жарыс ережесі


Жоспары:


  1. Жарыстың маңызы

  2. Жарыс өткізу

  3. Жарақаттан сақтандыру және оны болдырмаудың алдын-алу шараларын жүргізу.


Жалпы білім беру мектептерінде жүргізілген дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының көп жылдық тәжірибесі әрбір мектептердегі дене тәрбиесі сабағынан кейінгі негізгі жұмыс түрі – сыныптан тыс өткізілетін спорт-көпшілік, спорт және сауықтыру дене тәрбиесі жұмыстары екенін көрсетті, сондықтан да қазіргі кезде осы көпшілік спорт жұмыстары түрлерін ары қарай жетілдіру мектеп дене тәрбиесі ұжымының алдындағы ең негізгі бір міндет болып табылады [2].

Жарыстың маңызы. Жарыс – спорттық жетістіктерді көрсететін алаң. Жарыс өткізілетін алаң адамдар жиналатын көңіл көтеретін демалатын қызық көретін әр түрлі сезімдерде болатын спортшылар сыналатын бағаланатын біреулер жетістікке жетіп қуанатын бірулер жеңіліп күйінетің жер болғандықтан оның дұрыс қазіргі кездің талабына сай болуына өте көп көңіл бөлуі керек. Жарыс өткізілетің жер өте сәнді безендірілуі ашылуы жабылу саланаты жақсы ойлатырылып өткізлуі қажет. Адамдардағы патриоттық сезімді ояту үшін міндетті түрде ашылу, жабылу салтанаты кезінде

Мемлекеттк жалауы көтерілуі, Мемлекеттің әнұраны ойналуы керек. Спорттық жарыста спортшы өзінің барлық қабілетін жұмылдыруды талап етеді. Бұл спортшының моральдық және жігерлік жетілуі, оның шынықтырулық, техникалық, тактикалық дайындық дәрежесін тексеру болып табылады. Сонымен қатар жарыстар спортшының ең басты қасиеттерін, атап айтқанда  қажырлылық, жеңіске деген ерік, өзін-өзі ұстау, достық сезімін ояту, қарсыласын құрметтеу және т.б. қасиеттерін тәрбиелеудегі өте тиімді жолы. Жарыс арқылы қызықты спорт көріністерін көруге, көрермендердің көп бөлігін жинауға, сонымен қатар оларды дене шынықтыру және спорт түрімен белсенді түрде айналысуға тартады.

Жарсытардың түрлері. Барлық өткізілетін жарыстарды негізгі және көмекші деген мінездеме беруге болады. Негізгі жарыс түрі спорттық талаптарға сай ұйымдастырылады және қорытынды бойынша спорттық біліктілігі анықталып, жеңімпаздық немесе чемпиондық атақ беріледі. Бұл күнтізбелік жарыс, яғни спорттық іс-шаралардың біртұтас күнтізбелік жоспарына сай шығады және бектілген ережеге сай жүргізіледі. Негізгі жарыс түріне: біріншілік (немесе чемпионаттар), жүлделік жарыс, сұрыптау жарыстары жатады.

Біріншілік (чемпионат) жылына бір рет ұйымдастырылады. Бұл  қорытынды бойынша чемпион атағы  берілетін жарыстың жалғыз түрі. Жүлделік жарыста топтар-қатысушылардың көптеп келуіне көңіл аудару және қысқа мерзімде жеңімпаздарды анықтау мақсатында өткізіледі. Бұл жарыстар мықтыларды сұрыптау ұстанымы бойынша өткізіледі.

Көмекші жарыстарға: бақылаулық, көрсеткіш, серіктік, қысқартылған (блицтурнир) түрлері жатады. Бақылаулық кездесулер топтардың  алдағы негізгі жарыстарға дайындықтарын  тексеру мен даярлықтары мақсатында өткізіледі. Серіктік кездесулер жаттықпа-машықтану  мақсатында немесе дәстүрлі жарыстар жоспарында өткізіледі. Бұл жеке топтар немесе топ командаларының арасында ұйымдастырылады. Көрсеткіштік кездесулер гандболды дәріптеу бойынша қызмет атқарады.

Қысқартылған кездесулер бірнеше сағат ішінде өткізіледі. Бұл жарыстың түрін мереке күндері, мезгілдің ашылуы мен жабылуы кездерінде жоспарлайды. Ойындар қысқартылған уақытта өткізіледі. Жарыстардың жоспарлануы.

Дене шынықтыру және спорт Комитеті 4 жылдық біртұтас жинақталған күнтізбелік жоспарды әзірлейді. Халықаралық жарыстардың төртжылдық циклі бойынша өткізілетін жарысы 1-кестеде көрсетілген. Республикалық шынықтыру және спорт  комитеті аумақтық ұстаным (республика, облыс, аудан, қала) бойынша спорттық жарыстарының жоспарын құрайды. Жарыстың күнтізбелік жоспары ғылыми тұрғыдан тиянақты, гандболды арықарай дамытуда барлық спорттық ұйымдардың білескен терең ойластырылған құжаты болуы қажет.

Жарысқа дайындық. Дайындық жұмысын бірнеше кезеңге бөлуге болады: құжатты әзірлеу, жарыстың болу орынын дайындау, жарысқа қатысушылармен дайындық. Кез-келген жарысқа дайындық оның ережесінен басталады. Күнтізбелік жоспардың мерзіміне сүйеніп, ереже құрастырылады. Бұл әзірленген ереже тек ұйым үшін ғана емес, сонымен қатар әдістемелік құжат болып табылады. Сондықтан бұл әзірленген ереже қатысушылар ұйымдарының барлығына таратылуы қажет. Жарыстың ережесі қысқа және түсінікті құрастырылған бөлімдерден тұруы қажет:

  1. Мақсаты мен маңызы. Жарыстың мақсаты (оқу жұмысына қорытынды шығару, мықты командаларды шығару,  табу, жеңіл атлетиканы дәріптеу және т.б.) жарыстың түрі мен ауқымына тәуелді болады.

  2. Жарыстардың өткізілу орны мен мерзімдері. Жарыстың қай жерде өткізілетіні, қаласы көрсетіледі және күндері анықталады.

  3. Жарыстарға жетекшілік. Жарысты кім ұйымдастырады және оның жетекшісі, төре алқасы мүшелері және кім арқылы бекітілгені көрсетіледі.

  4. Жарысқа қатысушылар. Командалардың атауы мен саны, жарысқа жіберілетіндер,  қатысушылардың максимал сандары көрсетіледі; тапсырысқа енгізу: қатысушының жасы мен біліктілігі анықталады.

  5. Жарыстың шарты. Ойынның әдістері мен бағалау қорытындылары, жеңімпазды анықтау көрсетіледі.

  6. Наразылықтардың беру және қарау тәртiбi.

  7. Командалар мен қатысушыларды марапаттау. Бұл бөлімде жеңімпаз-командалар мен сый иегерлері не үшін марапатталады, осы мәселе көрсетіледі.

  8. Командаларды қабылдау шарты. Қаржыландырушы ұйым, келу және кету күні, орналастыру және тамақтандыру шарты көрсетіледі.

  9. Тапсырыс формасы мен мерзімі, командалар мен қатысушылардың рәсімдеу реті көрсетіледі.

  10. Жеребе тастаудың орыны мен уақыты.

Ереже әзірленгеннен кейін  осы жарысты өткізетін ұйымдастырушының қаражат бөлуі негізінде шығын сметасына қорытынды жасалады. Сметаны құрастыруда мыналар көрсетіледі:

  1. Жарыстың атауы.

  2. Өткізілу орыны мен  мерзімі.

  3. Төре алқасының саны.

  4. Қатысушылардың саны. Олардың  орналасуы, тамақтануы, жолының шығыны  саналады.

  5. Мекеменің жалға алу  шығыны.

  6. Жарыстың өтілетін орнын  көркемдік рәсімдеу шығыны.

  7. Тасымалдау шығыны.

  8. Кеңсе шығыны.

  9. Қызмет көрсетудегі (жұмыскерлер, дәрігерлер мен медбикелер) төлемақы шығыны.

Жарысты өткізу үшін бас  төреші мен хатшы тағайындалады. Үлкен ауқымды жарысты дайындауға 5-7 адамнан тұратын ұйымдастыру  комитеті құрылады. Олар жарыстың барлық керекті іс-шараларын өткізеді.

Оның міндетіне:

1) жарыс орындарын таңдау және жабдығы;

2) жабдықты дайындау;

3) орналастыру орнын дайындау;

4) тамақтандыруды ұйымдастыру;

5) дайындық орнын дайындау;

6) жарыс туралы алдын-ала ақпарат беруді  өткізу.

Жарыс туралы алдын-ала ақпарат  беру, яғни баспа, радио, теледидар арқылы жарыстың өту орны және уақыты, қатысушылар  туралы мәлімет беру болып табылады. Сонымен қатар афишалар, бағдарламалар, билеттерді дайындау қажет. Жарыстар туралы ережеге  сәйкес жарысқа қатысуға рұқсатты мандаттық  комиссия мүшесі береді.  Жарыстың бас  төресі, бас дәрігер және мандаттық  комиссия өкілі жарысқа кiру рұқсатына жауапкершiлiкті алады [2].

Қазіргі заманғы жаһандану мен жаңалану бір жағынан адам өміріне пайдасы болса, екінші жағынан адамды табиғаттан алшақтатады. Адамның қозғалу белсенділігінің төмендеуі, экологияның бұзылуы адам ағзасына зиян келтіруде. Аурулар мен жұқпалы аурулар тізімі артып, адам ағзасы әлсіреуде. Ертеде қарт адамдарауырған аурулар бүгінгі таңда «жасарды», сол себептептен адамдардың өмір сүру ұзақтығы қысқарды. Қимыл белсенділігінің төмендеуі─ол адам өміріне қарсы әсер ететін өте жағымсыз фактор. Жеңіл атлетика бұқара көп айналысатын спорт түріне жатады.Жеңіл атлетикамен жүйелі түрде айналысу адамның қимылын жақсартып, өмірге деген құштарлығын арттырады. Жеңіл атлетика дене мәдениеті және спорт жүйесінде спорттың ең басты түрінің бірі болып саналады. Себебі оны игеру өте оңай. Жүгіру, секіру, лақтыру тағы басқаларының бірнеше түрлері мен қолданбалы белгілері жетерлік. Осылардың барлығы жеңіл атлетика сабағында үйретіледі. Жеңіл атлетика курсының мақсаты ─ дене шынықтыру сабағында мұғалімінің студенттерге негізгі мамандығы бойынша сабақтарын жүргізу.

Жеңіл атлетика сабағындағы қауіпсіздік ережелері

Жеңіл атлетика сабағында басты көңіл аударатын мәселе – жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім де, оқушылар да барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет [1].

Жеңіл атлетика сабақтарында мынандай қауіпсіздік ережелері сақталуы керек:

  1. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резеңке аяқкиім кию керек.

  2. Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып , кілт тоқтауға болмайды.

  3. Ойлы-қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешек, т.б.) аспай-саспай өтуді есте сақтаған жөн.

  4. Жүгіру секіру, лақтыру алаңдарын (секторларын) көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.

  5. Тырма мен күректі сабақ өтілетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі, т.б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) төмен қаратып қою керек.

  6. Спорт құралдарын лақтырғанда (гранат, диск, найза), серпігенде (ядро), лақтыру, серпу бағытында адамның болмауын қадағалап, бақылап алу қажет.

  7. Ұзындыққа, биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды қопсытып алу керек.

  8. Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.

  9. Серпіген ядроны қағып алуға болмайды және серпіген кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.

  10. Жауын-шашынды күндері лақтыратын құрал-жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану қажет.

Оқушыларға алаңды сағат тіліне қарама-қарсы айналып, бір бағытта жүгіруге рұқсат етіледі; ұзындыққа секіргенде, алдыңғы секіруші секіретін шұңқырдан кеткеннен кейін ғана келесі бала секіре алады; екпін алып биіктікке секіргенде, сол және оң жақтан екпін алып жүгіру кезегін сақтау қажет; допты және гранатты лақтырар уақытта, жаттығушыларды екі топқа бөліп, қарама-қарсы тұрғызуға тіпті де болмайды, доптар мен гранаттарды жинау пәрмен арқылы ғана жүзеге асырылады.

Салқындау ауа райы жағдайында (+150-тан төмен болса) жеңілдеу жаттығу костюмін кию қажет болады. Кроссовка немесе кеды – жеңіл атлетика үшін ең ыңғайлы аяқкиімдер.

Сабақ кезіндегі қауіпсіздік ережесінің құрамы.

Ортақ қауіпсіздік талаптары:

  1. Дене шынықтыру сабақтарына дәрігерлік тексерістен өткен, қауіпсіздік ережесімен танысқан оқушылар жіберіледі;

  2. Жарақат алудың қатерлері:

  • дұрыс жабдықталмаған жағдайда жаттығулар жасалғанда, алдын ала ойланбай жаттығу жасағанда;

  • таза емес спорттық жабдықтарда жаттығулар жасағанда, дымқыл қолмен жұмыс істегенде;

  1. Спорт залында өрт сөндіргіш және барлық қажетті медициналық қобдиша болу керек.

Сабақ алдында қойылатын қауіпсіздік ережесі:

  1. Спорт киімін кию керек және табаны тайғақ емес өкшесіз аяқ киім кию қажет.

  2. Секіру шұңқырындағы құмды жақсылап қопсыту керек, ондағы қосалқы заттардың болмауы керек.

  3. Лақтыруға арналған заттарды құрғақ шүберекпен сүрту керек.

  4. Сергіту сәтін өткізу керек.

Сабақ кезінде қойылатын талаптар:

  1. Топпен қысқа қашықтыққа жүгіргенде өзінің жағымен ғана жүгіру керек. Мәре сызығына дейінгі жол 15 м кем болмауы керек.

  2. Қақтығысып қалмау үшін жүгіріп келе жатып кенет тоқтап қалуға болмайды.

  3. Ойық жерге, қопсытылмаған және тайғақ грунтқа секіруге болмайды, қолмен тіреп қалуға болмайды.

  4. Лақтыратын заттарды қараусыз тастауға болмайды, мұғалімнің рұқсатынсыз лақтыруға болмайды.

  5. Лақтырар алдында абайлап адамдар бар ма, жоқ па қарап алу керек.

  6. Лақтыру аймағында тұруға болмайды, мұғалімнің рұқсатынсыз лақтырылған заттарды жинауға болмайды.

  7. Бір-біріне лақтырып беруге болмайды

Қауіп-қатер кезіндегі қойылатын талаптар:

  1. Сабақта өзіңді жайсыз сезінсең, тоқтап мұғалімге хабарлау керек.

  2. Жарақат алған жағдайда жедел алғашқы көмек көрсету керек, қажет болған жағдайда мекеме басшысына, ата-анасына, ауруғанаға апару керек.


Қорытындылай келе жарыс өткізілетін алаң адамдар жиналатын көңіл көтеретін демалатын қызық көретін әр түрлі сезімдерде болатын спортшылар сыналатын бағаланатын біреулер жетістікке жетіп қуанатын бірулер жеңіліп күйінетің жер болғандықтан оның дұрыс қазіргі кездің талабына сай болуына өте көп көңіл бөлуі керек. Жарыс өткізілетің жер өте сәнді безендірілуі ашылуы жабылу саланаты жақсы ойлатырылып өткізлуі қажет. Мектепте сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырып өткізу арқылы жас ұрпақты салауатты өмір сұруге тәрбиелейміз.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Мұхамеджанова Ұ. Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі – Астана, 2017. – 200б.

  2. Уанбаев Е.Қ. Дене мәдениеті және спорттың ілімі мен әдістемесі – Өскемен, 2010. – 260б.






























  1. Үш аттап секірудің айла-тәсілі



  1. Ұзындыққа секірудің кезеңдері «фаза»



  1. Көпсайыстың құрамына кіретін жеңіл атлетиканың жаттығулары.



  1. Секіру жаттығуларын өткізу барысында сақталатын қауіпсіздік ережелері



  1. Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру



  1. Секіру әдістерінің негізі



  1. Мектеп бағдарламасында ұзындыққа секіру





  1. Үш қарғып секіруден әлем үздігі


  1. Ұзындыққа секіруден өткізілетін жарыс ережелері.




  1. Секіру түрлері

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қараша
1202
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі