Материалдың толық нұсқасын жүктеп алыңыз
Өзіңізге ыңғайлы нұсқаны таңдаңыз
Тек осы материал
Осы материалдың толық нұсқасын жүктей аласыз
790₸
Ең тиімді
🔥АРНАЙЫ БАҒА · 10.12.2026 ДЕЙІН
Жылдық материал тарифі
29 990 ₸
25 000 ₸ үнемдейсіз
4 990₸/ 1 жыл
Осы материалды бірден жүктейсіз
400 000+ дайын материал
365 күн шектеусіз жүктеу
Арнайы баға — 10 желтоқсанға дейін / Одан кейін — 29 990 ₸
Барлық мүмкіндік керек пе?
Толық жылдық тариф
49 990₸/ 1 жыл
Материалдар
ЖИ және көрнекіліктер
Дайын ҚМЖ және ПББ
Ойындар мен курстар
Назар аударыңыз!
Сіз барлық мүмкіндікті қолдандыңыз.
Қалған материалдарды ертең жүктей аласыз.
Ок
1 - айлық
Материал тарифі-96% жеңілдік
00
05
00
ҚМЖ
Ашық сабақ
Тәрбие сағаты
Презентация
БЖБ, ТЖБ тесттер
Көрнекіліктер
Балабақшаға арнарлған құжаттар
Мақала, Эссе
Дидактикалық ойындар
және тағы басқа 400 000 материал
Барлық 400 000 материалдарды шексіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
1 990 ₸ 49 000₸
1 айға қосылу
Материалға шағымдану
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жариялаған:
Калиева Гульсара Каиргазиновна
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды
"Жарақаттану кезінде көрсетілген алғашқы көмек"атты ашық сабақ,9 сынып
Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды қоғамға бейімдеу,өз білімдірін күнделікті өмірде пайдалануын, сабақта қалыптастыру мақсатында .тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы
Жарақаттану
кезінде көрсетілген алғашқы
көмек
Мақсаты:
1.
Оқушыларды
жарақаттанған
кезде
көрсетілетін
алғашқы
көмектің
негізгі
әдіс –
тәсілдерімен
таныстыру;
Оқушыларға алғашқы
дәрілік
көмектің
практикалық
дағдысын
қалыптастыру;
2.Оқушылардың
өз ойларын,пікірлерін айта алу
мақсатында жаңа сөздерді меңгерту,
сөздік қорын байыту.
3. Оқушыларды
денсаулықты сақтауға, тазалыққа,
ұқыптылыққа, әдептілікке, достыққа,
адамгершілікке, біріне - бірі көмек
беруге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер :
«Қан кеткенде көрсетілетін алғашқы
дәрілік көмек» кестесі , слайд,
бейнетаспа, үлестірмелі карточка,
Гиппократтың портреті,анты, «Қызыл
Крест және Қызыл жарты ай халықаралық
қоғамының» эмблемасы, жгут, дәрі - дәрмек
түрлері.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру:
Өмір өзі мінбесінен сөз
берді,
Тебірентіп толғанатын кез келді
Қан
төгісті көрмесекте кешегі
Айтамыз
біз естігенді, сезгенді, демекші.Бүгінгі
біздің сабағымыз Улы Жеңістің 70
–жылдығына арналады.Ал соғыс кезінде
әртүрлі жарақаттанған, бақытсыздыққа
үшыраған кезде көмекке Қызыл Крест
және Қызыл жарты Ай қоғамы келеді
екен.Ал бұл қоғамда көбінесе медицина
қызметкерлері, адамдарға көмектескен,
денсаулығын жақсартуға ат салысқан.
Бізде өз сабақтарымызда адамның
ағзасы, мүшелері, олардың атқаратын
қызметі, денсаулығы туралы көп
айтамыз.Әғни бізге де осы қоғамға
кіруге болады. Ал осы қоғам құрылуда
көп еңбек еткен медицина атасы
Гиппократ екен. Осы адам туралы мәлімет
жинап келуді Айбекке тапсырғанмын.
Гиппократ – ежелгі грек дәрігері, көне медицина реформаторы. Ол Ежелгі Грекияның Кос аралында біздің заманымыздан бұрынғы 460 ж. туып, 377 ж. (басқа мәліметтер бойынша 356) Фессалияда дүние салған. Гиппократ Грекияда, Кіші Азияда, Ливияда, сондай-ақ Қара теңіз жағалауындағы сақтар арасында болып, Азия жәнеМысыр халық медицинасымен танысқан: ол науқасты емдегенде, аурудың пайда болу жолдары мен негізгі даму кезеңдерін анықтау керек екенін айтып, «Адамзатты табиғат емдейді. Дәрігер – табиғаттың көмекшісі ғана» деген тұжырым жасады, сондай-ақ ауыр халде жатқан науқастың кейпіне сипаттама да берген, оны медицинада «Гиппократ кейпі» деп атайды. Гиппократ жараны таңу, буын шығуын және сүйек сынуын, т.б. жараны емдеу әдістерін тапқан. «Гиппократ анты» деп аталатын дәрігерлік моральдік-этикалық ант мәтінін жазған. Осы еңбектеріне орай, Гиппократты «медицинаның атасы» деп атайды. --- -- Адамға денсаулықтан не бар қымбат,
- Ауру төнсе кең дүниені тар қылмақ
- Денсаулықтың қорғаушысы болам деп,
- Дәрігерлер берген Отан алдында ант.
Бізде сабағымызды антты қабылдаудан бастайық.
«Келесі ант пен жазбаша міндеттемелерді .............. өз ақыл-ойыммен, күшіммен адал орындауға, дәрігер Аполлонды, Асклепийді, Гигиея мен Панацеяны және барлық құдайларды куә ете отырып, ант беремін.» «мені дәрігерлік қызметке үйреткен ұстазды өз ата-анаммен бірдей көруге, өз пайдамды онымен бөлісуге, оның мұқтаждығына көмектесуге, оның ұрпағын «өз бауырларым» деп санап, егер олар осы өнерді қаласа, онда оларға ешқандай келісімсіз, ақысыз үйретуге, оқытуға; осы өнердің ауызша сабақтарын және т.б. ілімдерін медициналық заңдағы ант пен міндеттемелерге байланысты өзгелерге емес өз балаларыма, ұстазымның балаларына және оқушыларына жеткізу, үйрету». «Өз ақыл-ойым мен күшіме сүйене отырып, мен аурудың режимін оған пайда болатындай етіп бағыттаймын» «Мен өлгісі келетіндерге өлтіретін дәріні берген жоқпын және оларға өлудің жолын көрсетпеймін». «Мен өз өмірім мен өнерімді таза және адал өткіземін»
Сонымен,балалар, біз антты қабылдадық, осы «Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамына» кіруге тырысайық .Ол үшін,сабаққа жақсы қатысып, сабақтың барлық тапсырмасын дұрыс орындап шығуымыз керек.
ІІ.Ендеше,Үйге берілген тапсырмаға көшейік
А).1.Біз сендермен қай тарауды өтіп жатырмыз?
2.Қанайналым жүйесіне не жатады?
3.Қандай қантамырлар білесіңдер?
4.Жүрек не үшін керек? Жақсы,
Б)- 3-4топ оқушыларына карточкалар үлестіру.
В)Не артық? ( Мұшелерді дұрыс орналастыр ойыны)
Биологиялық диктант
Қанайналым жүйесіне:__________
____________________________________________________________
жатады.
Қантамырларға:________________
_____________________________
_____________________________
жатады. (Қан, жүрек, өкпе, қантамырлар; қарынша, артерия, вена, қылтамырлар;)
5.Қанның тамырлармен қозғалуы туралы кім айтып береді?
6.Тамырдың соғуы дегеніміз не?
7.Ағзадағы қанның алмасуын айтыңдар?Өткен сабақты мазмұндау 3 оқушы:
Қан тамырлармен қозғалуы.
Жүрек соғып, қанды артерияларға жібереді.Бұл жерде жоғары қан қысымы дамиды.Қан тамырлар арқылы қозғалған сайын, оның қысымы төмендейді. Жүрекке келетін веналарда қан қысымы ең төмен болады. Артериялар мен веналарда қан қысымының айырма-шылығы пайда болады. Қан тамырларда қан үнемі қозғалуда болуының себебі осы.Қан жоғары қан қысым аймағынан, төмен қысым аймағына ағады. Қанның артериялық қысымының мөлшері - адамның денсаулығының белгісі.Жүректің жұмысын сол арқылы білуге болады.Дені сау адамда жүрек жиырылғанда қан қысымы 120мм., жүрек босаңсығанда 70мм сын. бағ.болады. Жүрек пен тамырлар ауруға шалдыққанда қан қысымының мөлшері өзгереді.Артериялық қан қысымын иық артериясында арнайы құрал тонометр арқылы өлшейді.
Тамырдың соғуы (пульс) Жүректің сол жақ қарыншасы жиырылғанда қанды қолқа мен өкпе артерияларына күшпен айдайды. Қүшпен айдалған қан ары қарай артерия қабырғасын керіп жібереді де, тербеліс пайда болады.Тербеліс толқыны артерия қабырғаларының бойымен тез таралады. Артерия қабырғаларының ырғақты тербелісі - тамырдың соғуы деп аталады. Тамырдың соғуын білектің ішкі жағының төменгі бөлігінен саусақпен басып, мойынның екі жағы мен самайдан білуге болады.Тамырдың соғуына қарап, 1 минутта жүректің қанша рет жиырылғанын біледі. Ересек адамдарда жүрек минутына 70 – 75 рет соғады.(Тонометрмен қан қысымын өлшеу.)
Ағзадағы қанның алмасуы. Адам ағзасында үнемі қанның алмасуы болады: бір мүшелерге қан көп келсе, кейбіреулеріне аз келеді.Егер мүше жұмыс істеп тұрса,оған қосымша оттегі мен қоректік заттар қан арқылы қарқынды түрде тасымалданады. Сол сәтте жұмыс істемейтін мүшелерге қан аз мөлшерде аады.
Үй тапсырмасын қорытындылау.
Жақсы сонымен біз үй тапсырмасын қайталап, қан тамырларда қанның қозғалуы, қан қысымы,тамырдың соғуы туралы айттық.
ІІІ.1.Енді ары қарай сабағымызды жалғастырайық.Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамындағылар денсаулық туралы мақал мәтелдер,нақыл сөздерді білуі керек,қане айтайық.
Дені саудың - жаны сау.
Деннің саулығы - бастың байлығы.
Сау дене, азат ақыл, адал көңіл, - үшеуімен бақытты болады өмір.
Денсаулық басты байлық.
Адамда барлығы тамаша болуы керек: жаны да, тәні де, жұмысы да, ойы да.
Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол іздейік.
2.Денсаулыққа пайдалы сергіту сәтіне көшейік.
3.Сергіту сәтін ойдағыдай орындадық,бұл бізге жаңа тақырыпты өтуге де көмектеседі.
«Қан кеткенде көрсетілетін алғашқы көмек»атты жаңа тақырыпты түсіндіру.
«Алғашқы
көмек – адам жарақат алған кезде, адам
өміріне, денсаулығына қауіп төнген
кезде дәрігер келгенше немесе ауруды
ауруханаға жеткізгенше тез арада
көрсетілетін көмек.»
Әр түрлі қолайсыз жағдайлардың
әсерінен ақзадан қан кетуі мүмкін.Адам
ағзасында қанның 50% - (2 – 2,5л.) ағып
кетсе, ол өліп кетуі мүмкін. Адам
ағзасында қан кетудің артериялық,
веналық, қылтамырлық үш түрін ажыратады.
Қылтамырдан қан кеткенде жарақатта қан тамшыларының бөлінуі байқалады.Қылтамырмен қан баяу ағатындықтан, мұндай қан кетуді тоқтату оңай. Алғашқы көмек көрсеткенде, жарақатты йодтың спирттегі ерітіндісімен ( 5% - дық ) сүртіп, таза дәке таңғышын салу керек.
Көктамырдан қан кету вена зақымданғанда болады, қою түсті қан ағады. Ірі веналар зақымданғанда, жарақат маңын йод ерітіндісімен сүртіп, қысатын таңғыш салу керек.
Күре тамырдан қан кету адам өміріне едәуір қауіпті болып саналады.Бұл кезде қан көп кетеді.Артериялық қан кету ашық алқызыл түсті, қанның жарақаттан атқылап ағуымен ерекшеленеді.Мұндай қан кетуде зақымдан-ған жерден сәл жоғары жерден тамырды сүйекке саусақпен басып тұ-рып, жүйкеге зиян келтірмеу үшін жұмсақ мата салып, жгутпен қысу керек.Егер жгут дұрыс салынса, қан кету тоқтайды. Ұлпалар жансыз-данып қалмауы үшін жгутті 1,5 - 2 ч. сағаттан артық ұстауға болмай-ды.Сондықтан жгут салынған уақытты дәл көрсетіп, зардап шеккен адам-ды тез арада ауруханаға жеткізу керек.
Мұрыннан қан кеткенде басын сәл көтеріп жатқызып немесе отырғызып көз аралығының қырына суық шуберек басады.Мақтаны сутегінің асқын тотығымен ( перекись водорода ) дымқылдап танауға тығады.Басын тым шалқайтуға болмайды, қан тамаққа кетіп,қақалып қалуы мүмкін. Ең абзалы дәрігерге көрсету керек.
Қан құю. Кейбір жағдайларда адамның өмірін құтқару үшін оған қан құю керек болады. Егер көп қан кеткенде, қатты күйгенде, ота жасаған кезде және едәуір науқастанғанда қан құюға тура келеді. Қанды дені сау адамдардан алады ( оларды донор деп атайды) Адам денсаулығына зиян келтірмей бір айда 200 – 300мг. қан тапсыруға болады. Донорлар көпте-ген адамдардың өмірін сақтап қалуда. Қан құйған кезде адамдардың қан топтарын білу керек, олар төртеу.
Қан тобы |
Қан бере алатын топ |
Қан қабылдайтын топ |
І |
І, ІІ, ІІІ, І |
І |
ІІ |
ІІ, ІV |
І, ІІ |
ІІІ |
ІІІ, ІV |
І, ІІІ |
ІV |
ІV |
І, ІІ, ІІІ, ІV |
Әр адам қан кеткенде алғашқы көмек көрсете алу керек.
Қанды тамырды басып тұрып тоқтатуға болады.Уақытша жгутпен қысып, таза дәкі таңғышпен таңу керек.
4.Бейнекөрініс Қан кеткенде көрсетілетін алғашқы дәрілік көмек. Қан кеткенде көрсетілетін алғашқы дәрілік көмек.
ІV.Сабақты бекіту:Сұрақтарға жауап бер –
А ) 1.Қан кету дегеніміз не?
2.Қан кету түрлерін ата7 ( артериялық, веналық, қылтамырлық )?
3.Ең қауіпті қан кету дегеніміз не?
4.Қылтамырлардан қан кету?
5.Көктамырлардан қан кету ?
Б)Дәптермен жұмыс:№ 46,47,48 – тапсырмаларды орындау
Қан кетудің 3 түрі бар:______________________________________________________________________________________
(Қан, артериялық, бауыр, веналық, қылтамырлық.)
Артериядан қан кеткенде көрсетілетін алғашқы дәрілік көмек беруді сан арқылы
1.Ауырған адамды дәрігерге жеткізу керек.
2.Жгут салатын жерге таза мата қиығы немесе бинт төселеді.
3.Зақымданған тамырды жарақатталған жерден сәл жоғарырақ жерден жгут салады.
4.Жгутке уақыт жазылған қағаз қыстыру керек.
В).Дәптермен жұмысымызды аяқтадық, енді «Травмпунктегі оқиғаны » тамашалайық.
( Қылтамырдан, Күре тамырдан қан кеткенде қандай көмек көрсетіндерін оқушылар екі жұпта көрсетеді.)
Ал біздің дәрігер консультант дұрыс орындағандарын тексеріп, баға береді.
V.Сабақты қорытындылау: Ал, балалар, бүгін біз сендермен қан кеткенде көрсетілетін алғашқы көмек туралы өттік. Күре , көк, қылтамыр-лардан қан кететінін және қандай алғашқы дәрілік көмек көрсететіні ту-ралы әр түрлі тапсырмалар орындау үшін ӘТБ сабағында алған білімдеріңді де пайдаландыңдар. Енді сендер де
Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамына қабылдандыңдар.Биыл және ендігі жылы үлкен сынып бола тұра, үлкен мен кішіге қамқор болып, алған білім, дағдыларынды күнделікті бейбіт өмірде қолдана аласыңдар деп ойлаймын.Біздің мектепішілік «Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай халықаралық қоғамына қош келдіңдер!
-
Жарақат алу дегенді қалай түсінесіңдер?
-
Алғашқы көмек деген не?
Жаңа
сабақ.
Сұрақтар жинақталып, анықтама
шығару.
«Алғашқы көмек – адам жарақат
алған кезде, адам өміріне, денсаулығына
қауіп төнген кезде дәрігер келгенше
немесе ауруды ауруханаға жеткізгенше
тез арада көрсетілетін көмек.»
Жарақат
түрлерін тақтаға жазу:
Қан кету, қан
күю.
Бекіту. Тестік жұмыс.
1.
Алғашқы көмек қай кезде жасалады?
а)
ауруханада
б) дәрігер келгенде
в)
дәрігер келгенше немесе ауруханаға
жеткізгенше
2. Ірі
артерия немесе вена қан тамырлары
зақымданғанда не пайдаланылады?
а)
жгут, киімдер
б) мақта
в) дәрі
3.
Сынықтың түрі
а) жабық
б) ашық
в)
ашық және жабық
4. Қолдан тыныс
алу әдісі қай кезде қолданылады?
а)
қан кеткенде
б) естен танғанда
в)
сынғанда
5. Қолдан тыныс алу әдісін
қалай орындайды?
а) 3 рет терең тыныс
жіберіледі
б) кеуде тұсынан басады
в)
3 терең тыныс жіберіліп, 1 минут ішінде
15 рет кеуде қуысынан, өкпе тұсынан
басады.
Қорытындылау.
Үйге
тапсырма.
Бағалау
Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 қазан
651
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген