жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Жаратылыс ғажайыптары»
Тақырыбы:
«Жаратылыс ғажайыптары»
Мақсаты: Білімгерлердің
химия пәндерінен алған білімдерін
пысықтау. Олардың табиғатқа, ондағы
болып жатқан барлық химиялық құбылыстардың
мәнін түсінуге қызығушылықтарын одан
әрі арттыру.
•
Химия пәнін өмірмен байланыстыра отырып
,білімгерлердің
пәнге ынтасын, қабілетін дамыту.
•
логикалық сұрақтар, көпшілік алдында
сөз сөйлеу мәнерін, теориялық алған
білімдерін тәжірибе жүзінде көрсету
арқылы сыни ойлау дағдысын қалыптастыру.
Сабақ
түрі: Сайыс сабақ
Көрнекіліктер:интерактивті тақта,презентация,суреттер.
Барысы:Саламатсыздар
ма білімгерлер, оқытушылар?! Бүгін
жаратылыстану пәндер апталығы. Жалпы
бізді қоршап жатқан әлемнің барлығы
тірі және өлі табиғат деп бөлінсе, сол
тірі табиғатты зерттейтін ғылым саласы
биология, ал өлі табиғаттың химиялық
құрылымын зерттейтін ғылым саласы химия
деп аталатынын өздеріңде білесіңдер.
Яғни, ғаламдағы барлық нәрсе осы екі
ғылымның негізгі зерттеу нысаны
болып табылады. Ендеше барлық тірі
ағзалардың, ең азы өзіміздің дене
құрылысымыздың қандай екенін, оның
тыныс алатын ауасының құрамы қандай
екен деген сұрақтардың өзі де осы екі
ғылымның қаншалықты қызық екенін
көрсетеді. Олай болса, осынау жаратылыс
ғажайыптарын зерттейтін ғылымның тылсым
әлеміне саяхатқа аттанайық.
Ортаға
сайыскер топтарды шақырамыз
Сайыс кезеңдері: 6 кезеңнен тұрады
I
кезең Таныстыру
(Әр
топ
басшылары өз топтарымен таныстырып,
сәттілік тілейді)
.
1. Топты таныстыру.
а) топтың аты (химияға байланысты болу керек)
ә) топ басшысын сайлау
б) топ сарапшыларын сайлау ( ұпай сандарын есептеп, уақытты белгілеп отырады)
1 СД-18-1 тобы
1 ПВТ-18-2 тобы
II
кезең «Полиглот»
Келді
кезек полиглотты шешуге,
Жауаптарды
аударуға үш тілде.
Қазақ,
орыс, ағылшынды білсеңіз,
30
ұпай, шәкірт саған несібе.
1.
Қатысушылар кезек бойынша берілген
жұмбақты шешу немесе мақалды аяқтау
арқылы жасырынған сөзді тауып, орыс,
ағылшын тіліне аударады. (әр айтылған
сөзге 10 ұпай)
1.
Отқа жанбас суға батпас (Мұз, лед, lce)
2.
Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің, ол жоқ
жерде өмір сүріп жүрмейсің
(ауа,
воздух, air)
3.
Өшпейтін өмір жоқ, сынбайтын..... жоқ
(Темір, железо, iron
4.
Сыйлап берген..... да тәтті (су, вода,
water)
5.
Құрғақ жерде сақтайсың, Онсыз тамақ
татпайсың (тұз, соль, solt)
6.
Сабыр түбі сары… (алтын, золото, gold)
7.
Алтын....... тас екен. Арпа бидай ас
екен.
Жауабы:
Күміс, Серебро, silver
IІІ
кезең «Дода».
Бүгін
де химия барлық жерде,
Құрылыста,
техникада, өндірісте.
Сырларын
бұл ғылымның меңгеріңдер,
Шәкірттер
ынта қойып үйреніңдер!
Білім
деген биік шың,
Бақытқа
сені жеткізер.
Білім
деген ақылшың,
Қиындықтан
өткізер,
1.Бұл
кезеңде қатысушылар берілген тақырыптар
бойынша таңдау жасайды: медицина,
ұлы тұлғалар, қилы сұрақтар, химиялық
қосылыстар.
2. Қатысушыларға төрт тақырып беріледі. Олардың әрқайсысында күрделілігі бойынша бағаланатын сұрақ жасырулы. Оған сәйкес 10; 20; 30; 40, 50 балл беріледі.
3. Қатысушылар кезек бойынша тақырып пен сұрақ бағасын таңдайды. Таңдалатын сұрақ саны – 5, әркім өзі таңдаған сұрағына жауап береді. Ойлануға 10 секунд уақыт беріледі.
4.Сұрақтарды ойыншылар кезек бойынша таңдайды және сол кезекпен жауап береді
5.Дұрыс жауап берген жағдайда ойыншы сұрақ бағаланған мөлшерде ұпайға ие болады.
6. Ойыншы дұрыс жауап бермеген жағдайда, оның қарсыластары өз кезегінде жалауша көтеру арқылы дұрыс жауап беруге талпыныс жасай алады
7. Егер екінші ойыншы дұрыс жауап бере алмаса, жауап беру құқығы үшінші ойыншыға өтеді. Ол екінші ойыншы тәрізді ойланбай жауап беруге міндетті.
Кез
келген жағдайда сұрақта көрсетілген
ұпай дұрыс жауап берген ойыншыға
өтеді.
«Ұлы
тұлғалар»:
10
– Атом құрлысының ядролық модельн
ұсынған ғалым (Э. Резерфорд)
20-
Жасуша теориясының негізін қалаған
неміс ғалымдары ( Шванн және Шлейден
)
30
- «Туған жердің қара тасын мақтан ете
білмеген адам бөгде жердің алтын тасын
да мақтап жарытпақ емес» қай ғалымның
сөзі? (Қ. Сатпаев)
40
- Гетерерогенді катализ теориясы мен
практикасына көп еңбек сіңірген
Қазақстандық ғалым кім (Д. В. Сокольский)
50
– Иодты ашқан ғалым? ( Куртуа ).
Биология
және медицина:
10
- Адам ағзасында кездесетін макроэлементтер.(
сутек, оттек, азот, көміртек)
20
- Дені сау адамның асқазанында болатын
қышқыл?( тұз қышқылы )
30
- Адам дем шығарғанда қандай газ бөледі?
(СО2)
40
- Бұл заттың 0, 9% ерітіндісі физиологиялық
ерітінді деп аталады. Адам ағзасы көп
қан жоғалтқанда қан тамырына құйылады.
Ол затты тұрмыста да қолданады. Бұл
заттың химиялық атауы қандай? (NaCl натрий
хлориді)
50
- Бұл затты тамақпен уланғанда дәрі
түрінде және асқазан жолын тазартуда
қолданады. Бүл қай дәрі? (белсендірілген
көмір)
Қилы
сұрақтар:
10
- Қай элемент ертерек күннен, кейін
жерден табылған? (Не)
20
– Эйфель мұнарасының биіктігі канша
(300 метр)
30
- Ежелгі грек ертегісіндегі батырдың
атына сәйкес элемент (тантал)
40
- Тайқазан 7 металдан құйылған, ол қандай
металдар? (Темір, мырыш, қалайы, қорғасын,
мыс, күміс, алтын)
50
- Алғаш рет химиктер оны көк аспан ауасы,
өмірдің негізі ауасы деп атаған, ал
қазір біз оны қалай атаймыз? (оттек)
Химиялық
қосылыстар:
10
- Көміртектің сутекті қосылысын ата.
(метан)
20
- Ізбестасты қыздырғанда бөлінетін газ
( көмірқышқыл газы)
30
- Тау хрусталі минералының латынша аты.
(Кварц)
40
- «Химиялық өндірістің наны» деп аталатын
қосылыс. (күкірт қышқылы)
50
– Кез келген дәріханада бар , зертханада
оттек алу үшін қолданатын калий
перманганатының атауы? ( маргансовка)
IV кезең Сергіту сәті «Қызық екен» (Кезекте әр топ тәжірбие жасап көрсетеді)
Ғажайып нәрсе химия
Тұңғиық сыры әр-алуан
Жоғалып бір зат зым-зия
Жоғалып бірі жаралған. Енді бір сәт химия ғылымының қыры мен сырын білсем деген құштарлығы артқандар үшін «Химия ғажайыптарына» назар аударсақ.
Топтар тәжірибелерді көрсетіп, құпияларының сырын ашып түсіндіру
V кезең «Шапшаңдық пен ептілік»
2 топқа тапсырма беріледі.Тапсырманы шапшаң жауап беруі керек
Бұл кезенде қатысушылар колбаға су толғанша берілген заттың формуласын атауы керек (5 сек) әр дұрыс жауапқа 10 балл.
Күкірт қышқылы,мыс(II) оксиді,темірдің(III) хлориді,натрий гидроксиді,сутек,күкірт(VI) оксиді,кальций нитраты,тұз қышқылы,мырыш гидроксиді.
Берілген заттардың формуласы қандай бейорганикалық қосылыстардың класына жататының атандар
CaCl2, SO3, HNO3, Al, K2O, P, NaOH, Ca(OH)2,FeSO4,HCl (металл,бейметалл,тұз,негіз,қыщқыл,сілті,қышқылдық оксид,негіздік оксид т.б)
VI кезең Шығармашылық жұмыстарын қорғау
Соңғы шешуші кезеңді бастаймыз. Ол «Пантомима» деп аталады. Бұл кезең «Крокодил» ойынының желісі бойынша өтеді. Топтан кезекпен-кезек шығасыздар, сіздерге сурет жасырамыз. Соны сіз өз тобыңызға мимика, жест арқылы жеткізесіз, ал қалған топ мүшелері оны табу керек.
Бұл ойынның шарты сөйлеуге болмайды, сөйлеген жағдайда есептелмейді. Әрбір дұрыс табылған сөзге 10 баллдан беріледі. Ойынның шарты түсінікті болса бастаймыз!
Қорытынды
Ойынымыз өте қызықты әрі тартысты өтті, енді қорытындылайық. Әр топтың сарапшылары жинаған баллдарын санап шықсын. Жинаған ұпай сандары бойынша топ марапатталады.
Жарайсыңдар, бүгінгі сайысқа қатысушы білмгерлер Сонымен адам өміріндегі химия пәнінің маңызы зор екен, солай ма?! Ендеше осы пәндерге деген ынта-жігерлеріңізді одан әрі ұштап, алған білімдеріңізді өмірде қолдана біліңдер.
Егемен елімізді көркейтетін,білім шынына шығу – парызымыз дей отарып бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз!
Бағалау рейтингі
Топ атауы |
Таныс- Тыру 10-20 ұпай |
Полиглот 10 ұпайдан (30 ұпай) |
Дода 10-50 ұпай |
«Қызық екен» Тәжірибе 10-20 ұпай |
«Шапшаң-дық пен ептілік» 10 ұпай |
«Панто-мима» 10 ұпай
|
Қоры- тынды ұпай |
1 СД 18-1
1 ПВТ 18-2 |
|
|
|
|
|
|
|
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
«Жамбыл политехникалық жоғары колледжі»
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Оқу ісі жұмысы
жөніндегі директордың
орынбасары
_______C.Н.Қойшыбаев
«____» _________ 2019ж.
Химия пәнінен 1 СД-18-1, 1ПВТ-18-2 топ арасында сыныптан тыс сайыс сабақ
Тақырыбы: Жаратылыс ғажайыптары
«Химия» ЦӘК отырысында қарастырылды
Хаттама №__ «___» ____2019ж
ЦӘК төрайымы:________А.Ж Токубаева
Дайындаған: Қ.Қ.Жалғасбаева
Тараз 2019ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген